Бұл жерді ауызша айту керек

Ауіп-қатер факторлары. Қауіп-қатер факторларының мониторингі.

Ауіп –қатер топтары.

Дәріс).

Біз бірінші дәрісте денсаулық деген ұғымға біршама тоқталып кеткен бола -тынмын, енді сол денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы айтқым келеді.

Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша денсаулыққа әсер ететін факторлар, ол:

-Биологиялық- тұқым қуалаушылық 20 пайыз құрайды

- Табиғи- қоршаған орта факторлары-20 пайыз құрайды

- Әлеуметтік- экономикалық – 50 пайыз құрайды

- Денсаулық сақтау жүйесінің деңгейіне – 10 пайыз құрайды

1.Биологиялық факторлар ол тұқым қуалайтын аурулар (гипертония, көздің нашар көруі, психикаалық аурулар, одан басқа анадан балаға берілетін барлық аурулар т.б.)

2. Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
а)Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейоргани -калық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді------

б)Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы.
в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар,лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі

Осы факторлар организмнің өзіне тікелей әсер ету арқылы паталогиялық өзгерісерге ұшыратады. Өйткені адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.Қауіпті факторлар саны өте көп және ол жыл сайын өсіп келеді.Егер 1960 жылдары 1000 шамасында болса, қазіргі кезде оның саны 3000-нан асқан деген бір ғалымдар, ал кейбіреулері 100 000 дейін көбейді дейді.

Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның дрыс ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді.

Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, Байқоңырдың немесе ғарыштың, ядролық сынақтардыңжүргіз -ілуі және т. б. атауға болады. Әрине естіген боларсыңдар Семей аймағында 50 жылдан астам ядролық сынақтар жүргізілген,оның әсері жергілікті тұрғындардың өміріне-денсаулығына тікелей әсер етті. Басқада көптеген ауру түрлерінен басқа ,әсіресе туылған сәбилер арасында мүгедектер саны көбейді, бұл жергілікті халықтың үлкен қасіреті болатын. Тек бұл жағдайға Қазақстан егемендік алғаннан кейін қана нүкте қойылды, яғни Еліміздің Президенті Н.Назарбаев бірінші кезекте 1991 жылы ядролық сынақ өткізуге тиым салды. 1993 жылы 30 мамырда Семей полигонындағы,ең соңғы ядролық оқ-дәрі жойылды,ал 1996 жылдың 21 сәуірінде ядролық оқ-дәрілерді ел шекарасынан шығару ісі аяқталды.Бұл шешім басқада елдерге үлгі болды ,сондықтанда бүгінгі күнге дейін бүкіл әлем сөз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында 29 тамызда Ядролық сынаққа қарсы іс-әрекеттің халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылданды.Жыл сайын осы күнді атап өтіп қана қоймайды, дүниежүзінің түкпір-түкпірінде қоладанылып жатқан ядролық сынақтарды жою мәселелері және оның шешу жолдары талқыланады.

Ал енді Байқоңыр мен Арал экологиясы біздің Қызылорда облысының қасіреті.

Арал экологиясы 1975 жылы теңіздің тартылуынан басталды. Бұл мәселе 1975 жылдан бастап әр түрлі деңгейде көтеріле бастады. Еліміздің мықты деген ғылыми зерттеу институттары жұмыс жүргізді. Сонымен қатар бұл мәселеге шет елдері тарапынанда алаңдатушылық байқала бастады, өйткені Арал тұзының шаң тозаңы тек қана Қазақстан аумағына ғана емес, басқада елдерге де тарай бастады және оның зияны тие бастады. Сондықтанда 1985 жылы Арал қаласында дүниежүзінің 17 елінен ғалымдар мен журналистер жиналып талқыға салды, міне осының және сол кездегі облыс басшысы Еркін Әуелбековтың зор еңбегінің арқасында 1988 жылы Қызылорда облысы экологиялық аймақ болып жарияланды. Бірақ осы экологияның адам организміне тигізер әсерін одан кейін кім зерттеп жатыр,ешкімде емес?

Тіптен бүгінгі жастар сол экологияның арқасында 30 пайыз айлыққа қосыла -тынын біледі, бірақ оның қаншалықты зияны бар екенін зерттегісі келмейді, өкінішті-ақ. Әрине Үкімет тарапынан Аралды құтқару үшін біршама жұмыстар жүргізілді, кіші Арал салынды, бірақ соңғы жылдары қаражаттың тапшылығынан олда тоқтап қалуға аз қалып тұр.Ал осы экологияның әсерінен рак ауруларының көбеюі халықты меңдетіп,ұрпағымызға кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар сендер, сендер түгілі жалпы халықбіле бермейтін,Аралаймағында тағы бір экологиялық нүкте болды, ол Арал маңында зиянды химиялық, биологиялық заттарды сынақтан өткізу жабық жер асты лаборатория -лары жұмыс істеді, әрине ол жер асты суларының улануына тікелей әсер етті. Бұл сынақ тек 1990 жылдары ғана жабылды, дегенмен ол жерге әлі күнге дейін адамдарға баруға рұқсат берілмейді.

Ал Байқоңырдың қасіреті бір бөлек,соңғы тек 10 жылдың ішінде біздің территорияға протон екі рет құлады, 1-рет 2008 жылы Қармақшы ауданындағы Қуаңдария елді мекеніне,ал 2-ші рет 2013 жылы шілде айында Байқоңырда Байқоңыр ғарыш аймағының әсері барған сайын үрейлі сипатқа ие болуда.

Байқоңыр ,Жезқазған далаларында шашылып жатқан космос қалдықтары улы сәулелерді жан жаққа шашып,адам ағзасына кері әсерін тизіуде,денсаулығы онсызда мүшкіл жазықсыз жандарды жалмап,күннен-күнге адамды қалжыра -тып, жерге басып бара жатқан сыңайы бар.Сары ауру, туберкузез, жедел ішек , қатерлі ісік, тыныс алу, жүрек тамыр,гипертония тағы басқада да аурулар, кемтар,яғни мүгедек болып туылуы , олардың арасында өлімнің көбеюі біздің балаларымыздың пешенесіне жазылған сияқты.

Бұл жерді ауызша айту керек.

Міне Сіз бен біз осындай аймақта өмір сүріп жатырмыз.

Бүгінгі күні бүкіл планета ауқымында табиғатты қорғаудың зор міндеті тұр.

Су қоймалары мен атмосфераның ластануы ерекше алаңдатушылық туғызуда

Қоршаған ортаға ірі қалаларда орналасқан өндіріс мекемелері мен автокөліктер көп зиянын тигізіп отыр.Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмір қышқылының газының мөлшері 345 млрд. тоннаға артты.Сондай ақ бақша өнімдерін өсіру үшінде улы химикаттар-пестицидтер қолданылады.

Экономикалық факторлар – еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы, үйдің жоқтығы, қаражаттың жетіспеушілігі, жұмыссыздық т.б. денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Денсаулық сақтау жүйесі факторлары- Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналық жәрдемнің дұрыс немесе дер кезінде көрсетілмеуі, диагноздың уақытылы қойылмауы, жәй ғана дәрігерлер мен медбикелер тарапынан этиканың төмендігі.

Ал енді басқа ғалымдардың айтуы бойынша бұған қоса,басқада қатерлі факторлар бар екеніне тоқталайық, ол:

-жалпы халықтың салауатты өмір сүру мәдениетінің төмендігі

-денсаулықты сақтау негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы кейбір мәселелерді жете білмеуі

-гиподинамия-қимылдың жеткіліксіздігі

-денесалмағының қалыптан тыс жоғарылауы-семіздік

-тиімсіз және құнарсыз, я шамадан тыс тамақтану,

-қоршаған ортаның шамадан тыс химиялық заттармен улануы

-радиациялық факторлар

-үй және жұмыс жағдайындағы күйзелістердің көбеюі

- залалды әдеттер: арақ-шарапқа, нашақорлыққа әуес болу,темекі тарту

Бұл факторлар адамдардың тіршілік әрекетіне әсер етеді.

Денсаулық ұғымымен ауру туғызатын қауіпті фактор ұғымы тығыз байланысты.Қауіпті факторлар денсаулықты анықтайтын және оған зиянды әсер ететін факторлар.Олар аурудың пайда болуына және дамуына оңтайлы жағдай жасайды.Бұл белгілер сақталған кезде қалайда болашақта ауру тудыратыны анық.

Басқаруға келмейтін қауіп –қатер факторларына төмендегі жағдайды айтуға болады, ол ас тұзын,қантты, тамақты қалыпты мөлшерден тыс көп пайдалану, семіздік, стресстік жағдайла қан қысымының көтерілуіне, яғни жүрек аурулары ның дамуына және қанттың қан құрамында көбейіп кетуі диабет ауруларына ұшыратады.

Тағы бір тоқтала кететін өзекті мәселе ,ол бүгінгі күннің қасіреті десекте болады, ол компьютер мен ұялы телефондардың зияны.Әрине бүгінгі күні оларсыз жұмыс істеу, көптеген мәселелерді шешу мүмкін емес, бұл ата-аналардың өз балаларының,немесе жанұя мүшелерінің қайда жүргендігін білуге де өте қолайлы нәрсе, дегенмен олардың қаншалықты адам организміне зиян екенін білуіміз керек.

Мен осы үлкен мәселеге тоқталып кеткім келіп отыр.Өйткені бүгінде әр үйде

радиотелефон бар, ал ұялы телефонды бірінші сынып оқушысының қай қайсы -сы да мектеп сөмкелерінде ұстап жүреді.Әрине жұмыстағы қызметкерлердің қайда жүргендігін білуге өте қолайлы нәрсе,дегенмен ұялы телефонмен тек қана сөйлесіп қоя салады ма, жоқ, олар бірнеше сағат бойына нешетүрлі ойындар ойнайды,агентке, интернетке кіреді, яғни әрбір жастардың,балалардың жарты өмірі ұялы телефонмен өтеді десем артық айтқандық емес.Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәлелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне кері әсерін тигізеді.Европаның электронды компоненттер ғылыми зерттеу институты жүргізген зерттеулер көрсеткендей,аз ғана мөлшерде ұялы телефон арқылы сәуле алу қандағы гемоглабиннің құрамының өзгеруне әкеліп соқтыратынын дәлелдеді. Халықаралық энергоақпараттық ғылымдар академиясының зерттеуі бойынша компьютерде 2 жыл бойына тәулігіне 6-8 сағат жұмыс жасайтын адамдарды тексергенде олардың талақтары, ұйқы бездері,ми тамырлары өзгеріске түскен,ер адамдарда импотенция күшейген,ал әйелдерде түсік тастау күрт артқан.

Енді қауіп қатер факторларына мониторинг жүргізуге келетін болсақ, бүгінгі күні жоғарыда аталған қауіп қатер факторларын төмендету немесе жою үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде, бірақ бір білетін нәрсе ,ол осы фактор –лардың алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қомақты қаржының қажеттілігі, әсіресе қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша. Міне осы қоршаған ортаның адамға зияндығын ,оның қаншалықты деңгейде тұрғандығын анықтау үшін мониторинг жүргізіледі, атап айтсақ судың,ауаның, тамақтың жағдайына.

Сол сияқты одан туындайтын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың даму процесстеріне де мониторинг жасалуда.

Мониторинг дегеніміз есепке алу, тұрақты түрде бақылау жүргізу, сараптау, болжау болып табылады.Ол құралсыз сауалнамалар жүргізу, антропометрия –лық өлшемдер жасау,дене дамуының қалыпты мөлшерлерге сәйкестігін анықтау арқылы да жүргізіледі. Сонымен қатар арнаулы құрал жабдықтар арқылыда мониторинг жүргізіледі,кардиография, жүрек ырғағының қайталану ерекшеліктерін қадағалау,артериалды қысымды,өкпе қызметін сараптау, лазерлік түзету,спектрометрлік сараптау,қозғалыс ерекшеліктеріне бақылау жүргізу.

Оған қоса қауіп қатерден, яғни қандай бір аурумен ауырмау үшін, әр адам төмендегі жағдайды сақтау қажет:

1.Диета сақтау:

-рационалыды құнарлы , каллориясы төмен тамақ қабылдау

-сұйықтықты шектеу , тәулігіне 1-,5 литрден аспау

-нерв жүйесін қоздыратын (қара шай,кофе,балық және ет сорпалары,газды суысындар) шектеу

-тұзды шектеу

-қаныққан майларды тамаққа аз қолдану

-магний және калийге бай тағамдарды қолдану (өрік, мейіз,сүт,ірімшік,қызанақ, апелсин шырындары)

2.спорпен айналысыу-жүру,жүгіру,велосипед,шаңғы тебу,теннис, волейбол ойнау

3.психотерапия-аутогенді жаттығулар

4.иглорефлексотерапия

5.Нүктелі массаж

6.физиотепариялық ем-электр ұйқы,электрофорез,диадинамикалық тоқтар , ултрадыбысты терапия,иодобромды,оттегі ванналары

7.гипоксиялық жаттығулар

Дегенмен әрбір адам өз өмірін, қоршаған ортамен қарым қатынасын жақсартуға, қиындықтарды жеңуге, табысқа жетуге,өз тірлігіңді өзің сараптауға, салмақтай және де қандай бір жағдай болмасын тиімді шешім қабылдай білуді үйрену қажет. Бұл жұмыста орта буынды медицина қызметкерлерінің атқаратын жұмысы сан алуан.Яғни, отбасы медицинасынан бастап,санитарлық ағарту жұмыстары, маусымдық табиғат өзгерістеріне сай алдын ала ескертпелер жасау, маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алуға, ұлттың, нәсілдің, әлеуметтік топтардың, жеке адамның өз дарыны мен қабілетін көрсете алуына жағдай туғызу, түрлі ортаға бейімделуге, тұрмыстың әр қиылы жағдайларын насихаттау жүктеледі.

Ішімдікке салыну қазіргі кезеңде етек алып келеді және ол өзекті мәселелердің қатарына жатады.Оның үстіне алкоголизм дертінің асқынған түрі психоз дертінің өршуіне әкеліп соқтырса, одан туған балалардың нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер болады.Сондықтанда арақ-шараптан сақтау немесе алдын алу дегеніміз–мемлекеттік,қоғамдық,әлеуметтік-экономикалық, медици -налық, санитарлық,психогигинеалық және психо-педагогикалық кешенді жүйе.

Атап айтатын болсақ:

-ішімдік ішуге тиым салу,әсіресе жасөспірімдер арасында

-ішімдікке салына бастаған адамдарға психологиялық көмек көрсету

-ақпараттық құралдар арқылы (телеараналар,газет.радио,т.б.) насихат жұмыс -тарын жүргізу

-әр адамның ерекшіліктерін ескере отырып,емдеу жұмыстарын жүргізу

-ішімдікке салынған ата-аналардың балаларын қорғау

Темекі шегу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дүниежүзінде

1,1 млрд.адам темекі тартса, әрбір 30-40 жыл сайын оған 10 млн.темекі тарта –тын адам қосылатын көрінеді. Ал Қазақстанда ер адамдардың 54 пайызы, әйелдердің 11 пайызы темекі тартса,12-14 жастағы жас жеткіншектердің 10 пайызы темекіге әуестене бастайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша темекі түтінінің құрамында адам оргнизміне зиянды 2000-ға жуық улы заттар бар көрінеді. Олардың ең зияндысы никотин және рак ауруын тудыратын канцерогендік зат-бензпирен мен бензантрацен.Сонымен қатар темекі көптеген аурулардың бірден бір себебі болып табылады, яғни темекі адам өмірін 12-14 жылға қысқартып,жүрек қантамырларының ауруларының,өкпенің қатерлі ісігін және өкпенің созылмалы бронхит,эмфизема сияқты ауруларының негізгі себепшісі екені қазіргі таңда дәлелденіп отыр. Темекіні тартпуға,ішімдікті ішпеуге және наркотикалық заттарды қолданбауға болама десек, әрине болады , тек адамда күш жігер мен шыдамдылық керек. Мысал ретінде айтуға болады,

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон жас кезінде наркотикалық заттарды қолданған, бірақ алдына өз өмірін өзгерту үшін жоспар құрып, оны іске асыруға үлкен мақсаты мен ерік жігері көмектесті. Сонымен қатар зиянды темекілерді шығармау,темекінің бағасын көтеру,жас балаларға темекі сатпау, насихаттау жұмыстарын жүргізу сияқты шараларда өз көмегін тигізеді.

Наши рекомендации