Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Құрманғазы Сағырбайұлы қай жерде дүниеге келген?

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Құрманғазының күйші болуына кімдердің әсері болды?

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Құрманғазыны күй өнеріне баулыған ұстазы кім?

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Құрманғазының қандай күйлері бар?

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Құрманғазының күйлері қазақ музыка шығармашылығында қандай орын алады?

Тапсырма. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіздер.

Сіз білесіз бе?

Құрманғазы өмір бойы әділетсіздікпен күресіп өткен. Бір күні Құрманғазының үйіне патша солдаттары келеді. Құрманғазыны ұстап, сыртта тұрған арбаға отырғызады. Енді жүргелі тұрғанда, арбаның қасына Құрманғазының шешесі келеді. Анасы Құрманғазыны құшақтап, маңдайынан сүйеді. Сол кезде Құрманғазы домбырасын алып, «Аман бол, шешем, аман бол» деп күй тартады.

Күй аяқталғанда шешесі Құрманғазыға қараса, оның көзінен бір тамшы жас шығып кеткен екен. Сонда шешесі Құрманғазыға: «Мен ер жігіт тудым деп жүрсем, сен кімнің алдында көз жасыңды төгіп тұрсың? Көтер басыңды!» – дейді. «Әй, қайран менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар! Маған өмірде күш-қайрат беретін анамның тілегі емес пе?» – дейді Құрманғазы. Сол жерде күйші шешесімен қоштасып, «Қайран, шешем» деп күй тартқан екен.

Грамматика: Қаратпа сөздер
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.
1. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.(Абай) 2. Ұялма, балам, жоғары шық. 3.Ендігі кезек сенде, қарағым.

Тапсырма. Мәтіннен қаратпа сөздерді тауып, олардың тыныс белгісіне назар аударыңыздар.

Тапсырма. Құрманғазының күйлерінің аттарын жазыңыздар.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru

Тапсырма. Күй туралы айтылған пікірлерді оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. - student2.ru Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй.( Мұхтар Әуезов)

Тапсырма. Күйдің құдіреттілігі туралы ертегіні оқып, ой бөлісіңіздер.

Ақсақ құлан

Ертеде Алаша хан деген қаһарымен елді қалтыратқан мейірімсіз хан болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен. Ол бір күні аң аулауға шығады да, бір үйір құланға кезігеді. Баланың атқан садағының оғы бір құланның аяғына тиеді. Ақсақ құлан ақсандап қашады. Сөйтіп, баланы өзінің үйірінен алыстата береді. Ханның ұлы соңынан қалмай қуады. Ақсақ құлан қаша-қаша үйіріне келіп қайта қосылады. Сол кезде аты болдырып титықтаған хан баласын құландар ортаға алып тепкілеп өлтіреді.

Жалғыз ұлы хабар-ошарсыз жоғалған хан іздетіп адамдар жібереді.

– Естеріңде болсын, кімде-кім суық хабар естіртсе, көмейіне қорғасынды балқытып кұйғызамын, – деп ескертеді хан.

Іздеушілер кұлан теуіп өлтірген хан баласының өлігіне тап болады.

– Ал енді мұны ханға қалай естіртеміз? – деп дал болады дүйім жұрт. Сонда қаршадай бір бала:

– Мен естіртемін, – дейді де, домбырасын ұстап ханның ордасына келеді. Ханның алдына жүгініп отыра қалады да, ләм деместен домбыраны сарнатып тарта жөнеледі. Күйдің қайталай берген ырғағынан хан:

«Ақсақ кұлан шошыған,

Балаң өлген осыдан», – деген суық хабарды айқын ұғады да:

– Ойбай, жалғызым, кұрыған екенсің! – деп өкіріп жібереді.

Хан жарлығы екі бола ма, енді кімнің көмейіне балқыған қорғасын құю керек? Суық хабарды естірткен – домбыра. Хан қорғасынды домбыраның шанағына құйдырған екен. Домбыра шанағының тесігі содан дейді.

(www.koshpendi.kz/index.php/.../aksak-kulan/)

Екінші сабақ

Наши рекомендации