Азақстан-2050 стратегиясының маңызы

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді.

Ант беру рәсімінен кейін тебірене сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: –Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп, ашаршылыққа ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмыт­қанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік бе­лестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бір ауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның аруағына сүйенемін,–деп тебірене ағынан жарылды.

Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас­тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.

Елбасы Назарбаев өзіне сенім артқан өз халқына ең бір қиын жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді. Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін де орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзім­шіл­дігі, сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұң­ғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра алатын сая­саткер және дара тұлға екендігін танытты. Н. Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан көп бұрын-ақ халықтың өзі мойындаған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлес­тіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз кезінде: – Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни, билік үшін күрес­тегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз ісімен дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндіреді.

Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясының қажеттігін баса көрсеткен Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған нақты стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар аудартты.

Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жү­зеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды, батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Осы атал­ған аса маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н. Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Бұл қадам – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның өзіндік даму жолы еді.

Бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға, жалпы конституциялық ережелерді қабылдауға, пре­зиденттік күшті билікті орнықтыруды ғана емес, со­нымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтудың да саяси үлгісі болатын. Қазіргі уақытта бұл үлгі дү­ниежүзінде, беделді халықаралық ұйымдарда және республикамыздың өзінде де аса жоғары бағаланып отыр. Қазақстанда жиырма жылға таяу уақыт бойы этникалық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдайда қазақстандық жолдың мәр­тебесін арттыра түседі. Бұл жолдың оңтайлы шешілуінің және тиімділігінің Қазақстан Прези­дентінің атымен байланыстырылуы да қазақстандық қоғамның Ұлт Көшбасшысының төңіре­гіне одан әрі топтаса түсу қажеттілігін айқындайды.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын бізге өткеннен іздеудің қажеті жоқ. Өйткені, біздің өзіміз тәуелсіз елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын өзіміз де бірге көріп, бірге ілгері жылжудамыз. Содан да болар елдің бүгінгі жетістігі мен табысы құдай берген несібе сияқты болып көрінуі де мүмкін. Бірақ, оның олай емес­тігін, тәуелсіз елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін біз өзіміздің өткенімізбен және бүгініміз­бен салыстыра отырып, тәуелсіздіктің жиырма бір жыл­дық жолын еңсеру бізге оңайға түспегендігін, мұның сарабдал жолында Еласының даналығы мен көрегендігі жатқандығын айтқанымыз дұрыс.

Ел тәуелсіздігінің басында тұрған, өтпелі кезеңнің барлық қиыншылығын еңсеріп, мемлеке­тімізді саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға соқтырмай, бүгінгі көз көрген ынтымақ пен жетістікке қол жеткізген еліміздің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегін, дұрыс таңдаған саясатын әлем жұртшылығы да мойындауда.

Қазір тәуелсіз қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің Көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы бүкіл халықтық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз көзге елестету мүмкін де емес. Өйткені, тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы, оның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де емес, Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.

Батыстық саясаткерлер мен қайраткерлер де Қазақстанның бүгінгі табыстарын оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Солардың бірі ағылшын публицисі, саяси еңбектерімен белгілі Дж. Айткен мырза «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» деген еңбегінде Қазақстанды әлемдік қауымдастықпен таныстырудың, оның жетістіктерін жеткізудің кілті Назарбаев тұлғасында екендігін мойындайды және аталған кітабын осы бағытта жазады. Қазақстанды қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өркендеу жолындағы, жыл сайынғы өрлеу бағытындағы мемлекетке айналдыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғанын әлемнің басқа саясаттанушылары да үнемі айтып жүр. Бұның өзі де еліміздегі мемлекет тізгінінің сенімді қолда екендігін еліміз ғана емес басқа елдерге де мойындатуды білдірді.

1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен митингіде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың: –Тәуелсіздіктің біздің бәрі­мізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өз­ге ұлт өкілдеріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асық­сақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін,–деп айтқан сөзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын көріп отырмыз. Тәуел­сіз­діктің алғашқы таңында айтылған бұл сөздің ақиқатқа айналуына да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық сеніміне лайық бола алу қасиеті мен берілген уәделерді орындауы және қажымас қайраты мен табандылығы, көреген саясаткерлігі себеп болғанын мойындағандар жетіп артылады. Сонымен бірге Қазақстан халқы еліміздің жасампаз бүгіні мен жарқын болашағының кепілдігін Елбасымен байланыстырады.

Тәуелсіздіктің бастауында болған Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев ел ертеңін де айқындады. Тәуелсіздік десек, ең алдымен оның бастауында болған, оны нық сеніммен алға апарған, тәуелсіз ел мемлекеттілігінің негізін қалаған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елба­сы мен Ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Ел ертеңі де өз халқы Елбасы деп атаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басшылығын одан әрі қолға ұстауымен байланыстырылады.

Елбасының, Ұлт Көшбасшысының еңбегі мен беделін оның өткен қызметін баяндау және ол туралы басқалардың ой-пікірін жеткізу арқылы да бағалауға болады. Қазақстан халқы да Елбасының еңбегін осылай бағалайды.

Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және өр­кенді дамуға серпін беретін реформаларды жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетуде бірінші кезекте халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажет болатындығын тарих парақтары әлдеқашан дәлелдеген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай тұлға болды және алдағы уақытта да қажет. Сондықтан да Елбасы, Ел тәуелсіздігі, Ел ертеңі ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз парыз етіледі. Бұл біздің, ұрпақтарымыздың болашағы үшін қажет.

Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі ойымызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілі­гімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гіз­ген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қа­зақ­станның даму жолы» ретінде дүниежүзі қауымдастығынан мойындалды. 2012 жылдың 13 қарашасында Қазақатанның БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесінің мүшесі болып сайлануы да Елбасының қоғамды реформалауға қатысты іс-шараларының әлем тарапынан танылғанын көрсетеді.Қазақстанның Тәуелсіз­дігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр.

2. Қазақстан-2050 стратегиясының маңызы

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.

Еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз, ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды.

Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті.
Президент Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады.

Жаһандық экономиканың кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп жалғастырды өзінің сөзін Президент. Бүгінде біз «Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы.
Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.

Елбасымыздың сөзіне қарағанда, осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған болатын. Соған қарамастан, Қазақстан 2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы дамыған 50 елдің қатарына кіреді.
Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.

Жолдау «Қазақстан 2050» стратегиясында» айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі. Біз Жолдау тақырыбы мен «Қазақстан 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінің саяси бірізділігін көреміз.
Бұл заңдылық және біздің Ұлттық Көшбасшымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерін пайдалана отырып берекелі қоғам құру жолындағы саяси бағытының бірізділігімен негізделеді.
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!
Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.
«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды.
Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.

Жолдауда Президент Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жоспары ену жөнінде айтты.
Осы мақсатта Мемлекет басшысы ІЖӨ-ні 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мыңға дейін көбейтуді тапсырды. Сол кезде Қазақстан орта таптың үлесі көп елге айналады.
Ол үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұжымының стандарттарын енгізуді қолға алып, ішкі жалпыөнімнің жылсайынғы өсуін 4%-дан кем емес пайызға, инвестициялар көлемін жалпы ІЖӨ көлеміне шаққанда 18%-ден 30 %-ға дейін өсіруді қамтамасыз ету керек. 2050 жылы шикізаттық емес экспорт Қазақстан экспортының жалпы құрылымында 70%-ға жету керек.

Ассамблея ауыл шаруашылығы, геобарлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық бастамаларды ерекше атап өтеді.Ассамблея ғылым бағытын қаржыландыруды 3 %-ден кем емес пайызға өсіру, Мәдени саясатты дамыту мәселелерінің көтерілгенін қолдайды.

Басқа елдерде экономикалық дағдарыстың арқасында әлеуметтік көрсеткіштердің төмендеп бара жатқан кезеңінде Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа кезеңі болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасының бұдан бұрын берген барлық тапсырмаларының Қазақстан халқы тарапынан толыққанды орындалғанын айта отырып, осының барлығы еліміздің жарасымды бірлігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдесі жоқ қоғамдық келісім моделі арқасында жеткен жетістік деп бағалайды.

Президенттің бүгінгі қойып отырған міндеттері елімізде жүргізіліп жатқан индустриалды-инновациялық даму, әлеуметтік реформалар, білім мен мәдениетті қолдау жұмыстарының тиімділігін айқындайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, еліміздің әр азаматына және баршамызға арналған, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын толығымен қолдайды.
Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру еліміздің дамуындағы биік жеңістерге жеткізетініне біз сенімдіміз.

Қазақстан -2050 Стратегиясын орындау – Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық парызы мен борышы деп білеміз.
Біз Қазақстан халқын Елбасы алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру мақсаттары айналасында ұйысуға, жұдырықтай жұмылуға шақырамыз!

Наши рекомендации