Азақстандық электораттың идеялық-саяси бағдарлары

Қазақстандық электоралды мәдениетке тән тұлғалық таңдауды отандық ғалым Г.Ө. Насимова төмендегі аспектілер бойынша түсіндіреді: ««портреттік» негізде сайлаушыларға үміткердің әділеттілігі, тәртіптілігі, білімділігі, мырзалығы, адамгершілігі, міндеттілігі, батылдығы, ақылы, белсенділігі, жас болуы, ашықтығы және адамдарды соңынан ерте білуі маңызды екен. Ал, кәсіби аспект бойынша, біліктілік, іскерлік, жұмысқа қабілеттілігі маңызды. Әлеуметтік аспекттіде, адамдарға қамқор жасау, халықтың жағдайын ойлау маызды» [Насимова Г.ОЭлекторальное поведение граждан: зарубежный опыт и Казахстан: Дисс...канд.полит.наук.-Алматы,2000.

, 110-111 бб].

1990 жылы Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтар мен бірге біздің тарихымызда болмаған жаңа президенттік институт енгізілді. Осыған орай 1990 жылдың сәуір айында Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты президент етіп сайлады. 1991 жылы қазанның 16-шы жұлдызында ҚазКСР-ң Жоғарғы Кеңесі бірінші рет мемлекеттің елбасын сайлау үшін бүкілхалықтық сайлау өткізу туралы үкім қабылдады. 1991 жылдың желтоқсан айының 1-ші жұлдызында баламалық емес негізде Н.Ә. Назарбаев бүкілхалықтық сайлау арқылы өзінің орнына қайта сайланды. Ол 95,5% дауыс жинады. Тәуелсіздік алғаннан бастап біздің саяси жүйемізде мемлекеттің дамуы үшін президенттік сайлау маңызды орын ала бастады.

1998 жылы ел басшылығы 1999 жылдың басында мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Қазақстандық ғалымдардың ойынша бұл қадамды төмендегі себептермен түсіндіруге болады.

1) Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың ушығуы мен бұқара қарсылығының өсуі барысында билік жағдайын бекіту қажеттілігі;

2) Оппозицияның белсенді қызметі;

Парламентке оппозиция өкілдері көп сайлануынан қауіптеніп президенттік сайлауды парламенттіктен бұрын өткізу [ Карин Е.Т., Сатпаев Д.А., Илеуова Г.Т., Чеботарев А.Е. и др. Уровень политического риска в Казахстане. –Алматы: Центрально-азиатское агенство политических исследований, 2000.-с.95.].

Сайлау елдің саяси дамуында маңызды орынға ие оқиғалардың бірі. Қазақстандық қоғам әрбір сайлауда үлкен саяси таңдаулар жасайды. Сайлаушылар өздеріне тән әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жолын таңдайды. Қазақстанның саяси тарихында болған кез келген сайлау еліміздің тарихи даму жолын таңдау сайлауы болды. Олар кестеде көрсетілген.

Кесте №26. Президенттік және Парламенттік сайлаулар мен референдумдар

Референдумдар Президенттік сайлау Парламенттік сайлау (Мәжіліс)
1995 жыл 29 сәуір ҚР Президентінің уәкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы. 1991ж. 1 желтоқсан 1994 жыл 7 наурыз
1995 жыл 30 ҚР Конституциясын қабылдау туралы. 1999 жыл 10 қаңтар   1995 жыл 5 желтоқсан
2005 жыл 4 желтоқсан 1999 жыл 10 қазан
2004 жыл 20 қыркүйек
2007 жыл 18 тамыз

Кестеден көріп оттырғанымыздай 1991 жылдан бастап, яғни тәуелсіздігіміздің 19 жыл ішінде елімізде екі референдум, үш Президенттік және бес Парламенттік (Мәжіліс) сайлау болған екен.

Жалпы осы уақытта елде құрылымдық дағдарыс болатын. Біртұтас шаруашылық жүйенің ыдырауынан экономикалық дағдарыс туындады. Нәтижесінде орталықтанған экономикадан нарыққа өтуге тура келді. Партиялық диктатурадан құтылып идеологиялық және саяси әралуандыққа өтуде саяси дағдарыс пайда болды. Аталған дағдарыстардың нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру деңгейі күрт төмендеді. Қоғам бұрын соңды «болмаған» байлар мен кедейлерге бөлінді. Қоғамда психологиялық дағдарыс жүрді. Осындай қоғамдық өзгерістердің барысында Қазақстан Республикасы сайлауды саяси таңдаудың басты құралы ретінде пайдаланды.

Сайлаушылардың Президенттік сайлауға белсенді қатысу себептеріне:

- азаматтардың көпшілігі Президент пен мемлекет ұғымдарына бара-бар қарайды, яғни мемлекеттің нышаны, кепілі ретінде Президентті санайды;

- Президентке деген үлкен сенім, мысалы:

«Республиканы дағдарыстан шығаратын басқару органының қай субъектісіне үміт артасыз ?» деген сауалнамаға мынадай жауаптар алынды:

Кесте № 27. Республиканы дағдарыстан шығаратын басқару органының қай субъектісіне үміт артасыз ?

Субъектілер Иә Жоқ
Президент 71% 14%
Парламент 38% 36%
Үкімет 45% 32%
Саяси партиялар 20% 52%
Отандық кәсіпкерлер 47% 24%
Шетелдік кәсіпкерлер 42% 30%

- басқа институттардың беделдерінің төмендігі;

- азаматтық қоғамның және саяси мәдениеттің нашар дамуы мемлекеттің маңызды мәселелерін шешуде басқа актордың бәсекелеске түсуіне мүмкіндік бермейді;

- биліктің тігінен қалыптасуы;

- сайлау бәсекелестігінің төмендігі;

. Сайлау жүйесінің осы қасиетіне қазақстандық ғалым, саяси ғылымдарының докторы М.С. Машан былай баға береді: «саяси жүйенің қызмет етуі және өзін-өзі сақтауы, қоршаған ортаның талаптарымен қауіптеріне жауап беруі, үздіксіз қақтығысты азайтуы қоғамның қалыптасқан шиеленісін артикуляциялау, агрегациялау және институционализациялау мүмкіндігіне тәуелді. Қазіргі қоғамды бұндай рөлді мемлекеттік оргнадар ойнайды.

1999 жылы Қазақстанның саяси дамуында елеулі оқиғалардың бірі Президент сайлауы болды. Бұл сайлау елдің дамуындағы қиын кезеңдеріне тап болды. Ел өзінің дамуында өтпелі кезеңді басынан кешірді. Қоғамның өмір сүру деңгейі төмендеді. Жұмыссыздық, халық санының азаюы, қаржылық қиындықтар, тұрғындардың қорғалуының төмендігі, жемқорлық және т.б. мәселелер негізінде Президенттік сайлау өтті. Сайлауға қатысқан сайлаушылардың санының төмендеуі 1991-1999 жылдары аралығында 8,8 млн. 7,3 млн. дейін төмендеді.

Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясының ресми ақпараттары бойынша Президенттік сайлаудың нәтижесі төмендегідей болды.

Кесте № 28. Президенттік сайлаудағы ҚРОСК ресми мәліметі

Сайлауға қатысқан үміткерлер Таңдаған үміткерге дауыс берген сайлаушылардың саны Пайыздық өлшемі
Н. Ә. Назарбаев 5 846 817 79,78
С. А. Абдильдин 857 386 11,70
Ғ. Е. Қасымов 337 794 4,61
Э. Ғ. Ғаббасов 55 708 0,76

Сайлаушылардың Н.Ә. Назарбаевты таңдауы оның әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімді екенін көрсетеді. Болашақта тұрақты саяси жағдайды сақтап экономикалық дамуға қол жеткізуіміз президентке байланысты екендігін электорат түсінді. Сауалнамада төменде көрсетілген.

Н.Ә. Назарбаевтың сенімді жеңіске жетуін қазақстандық ғалым А.Н. Нысанбаев келесідей түсіндіреді: «транзиттік қоғам барысында, Қазақстан осындай елдердің қатарында, негізгі құндылықтарға саяси жүйенің тұрақтылығы және әлеуметтік-экономикалық саланың дамуы жатады. Н.Ә. Назарбаевтың қарсыластары елдің дамуының сәтті стратегиясын көрсете алмады және сайлаушылардың жеке психологиялық ұстанымында Президентті ауыстыра алмады».

«ҚР президентіне үміткерлер төменде көрсетілген қасиеттермен сізге асоциаландырылады» деген сұраққа төмендегідей нәтиже алынды:

Н.Ә. Назарбаев:

Кесте № 29. ҚР президентіне үміткерлер төменде көрсетілген қасиеттермен сізге асоциаландырылады?

азақстандық электораттың идеялық-саяси бағдарлары - student2.ru

2005 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің президентін сайлады. Сайлау алдында жүргізілген әлеуметтанулық сауалнамаға сүйенсек қазақстандық электораттың таңдауы мен сайлауға қатысу ниеті анықталды. Айталық, сауалнамаға жауап бергендердің 44,4% президенттік сайлауды қызығушылықпен күтіп отырғандарын айтты. Электораттың 34% президенттік сайлауға немқұрайлы қарамайтындығын білдіртті, ал тек қана 7,3% сайлау науқанына немқұрайлы екендерін айтты. Сонымен қатар, сайлауға қатысатын үміткерлердің танымалдылығы анықталды. Әрине бірінші орында Н.Ә. Назарбаев иеленді, оның көзқарастары және идеяларымен сауалнамаға қатысқандардың 63% таныс, ал, 24% жартылай таныс екен. Қалған үміткерлерде келесідей:

Ж. Тұяқбай - 22,4% және 18%;

А. Байменов – 11% және 15,8%;

Е. Абылқасымов - 4,6 және 9,2%;

М. Елеусізов - 3,4 және 11%.

Қазақстан Республикасындағы модернизациялық процестердің жүруі ең алдымен еліміздегі демократияның қалыптасып дамуына өзінің ықпалын тигізеді. Ал, демократияның дамуы электоралды мәдениеттің дамуына алып келеді. Сайлау жүйесіндегі реформалар сол модернизациялық процестің бір бөлігі болып табылады. Сол өзгерістердің бірі еліміздің сайлау тарихында тіпті парламент тарихындағы алғаш рет пропорционалды жүйемен сайлану болды. Пропорционалды жүйе әлемнің көптеген елдерінде тәжірибеден өтіп бекітілген.

Бұл жүйенің біздің ел үшін электораттың партиялық бірегейлігін қалыптастырып әрі қарай сайлаушылардың таңдауының басты себебі болады деген үміттеміз. Менің ойымша партиялық бірегейлік демократияның элементтерінің немесе белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтанда, алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі арқылы өтетін сайлау көптеген сарапшылардың назарын аудартты.

Бұл сайлауға байланысты көптеген әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізілді. Көптеген сұрақтарға жауап алынды. Мысалы, «Сіз 18 тамызда болатын сайлауға барасыз ба?» деген сұраққа төмендегідей жауаптар алынды.

Кесте № 30. Сіз сайлауға қатысасыз ба?

азақстандық электораттың идеялық-саяси бағдарлары - student2.ru

2007 жылы 18-ші тамызда Парламенттің Мәжілісіне болған сайлауға электораттың 64,56% қатысты. Әрине, Президенттік және алдыңғы парламенттік сайлауларға қарағанда төмен, дегенмен бұл электораттың жартысынан көбі.

Бұл сайлауда сайлаушылардың электоралды мәдениет анықтау қиынға соқты. Себебі, 2007 жылдың 21-ші мамырындағы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер, тек қана «ҚР сайлау туралы» заңына емес сонымен қатар сайлаушылардың бірегейлігіне азда болса өз ықпалын тигізді. Алдыңғы болған сайлауларда электораттың таңдауы көп жағдайда жеке адамдарға қатынасты болса, себебі партиялық тізім бойынша тек қана он орын бөлінген болатын. Сондықтанда сайлау барысында партиялық тізім бойынша таңдау маңызды болмады. Аталған өзгерістерге сай сайлаушылар 2007 жылдың 18 тамызында болған сайлауда партиялық негізде дауыс беруі керек еді. Шын мәнінде біздің электорат жағдайдың аталғандай дамуына дайын болмаған еді. Себебі, биліктің жүргізіп оттырған саясаты электораттың дамуынан бір қадам алда жүріп отырды. Немесе арба аттың алдында жүрді. Дегенмен, сайлау болды, сайлаушылар өз таңдауларын жасады. Аталған өзгерістердің барлығы электоралды мәдениеттің қалыптасып дамуына ықпалын тигізді. Адамдардың әрекеттері атқарған істерінің нәтижесін күту мен бағалауға бағытталады. Бұл әрекеттерінің маңыздылығы оған азаматтардың саяси таңдау жасауының себептерімен түсіндіріледі. Дегенмен, сайлаушылардың электоралды таңдауы саналы түрде жүріп отырады.

Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 5 ақпаннан басталады және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталды; 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілді, сонымен қатар ол облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілді. Айтылған қаулы және ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, сайлау ойдағыдай заңға сәйкес өтті деп шетелдік және отандық бақылаушылар бағалады.

Президент сайлауы республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Кандидаттардың бұқаралық сайлауалды шараларын өткізуге және кандидаттардың сайлау заңнамасымен көзделген үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындары, сондай-ақ кандидаттардың көліктік шығындары Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде бюджеттік қаражат есебінен өтелді.

Наши рекомендации