Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі екінші деңгейдегі банктердің рөлі

Билет

Банктердің ерікті және мәжбүрлі таратылуы

Қазақстан Республикасының банк заңнамасында проблемалы банктермен жұмыс істеудің бірқатар құралдары көзделген, оларға мыналар жатады: мемлекеттің Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан проблемалы банктің акцияларын сатып алуы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, проблемалы банктің активтерін қайта құрылымдау, проблемалы банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру операциясын жүргізу, банкті тарату.

2008-2009 жж. әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жою мақсатында мемлекет соңғысын қоспағанда, көрсетілген құралдарды Қазақстан Республикасында ірі коммерциялық банктерге қатысты алғаш рет қолданған болатын.

Банкті тарату отандық банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап қолданылған ақырғы құрал болып табылады.

Банкті таратудың негізгі міндеттері банктің істерін аяқтау мен оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету болып табылады.

Банк заңнамасында банкті ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату көзделген.

Ерікті түрде тарату банк акционерлерінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару шараларын қабылдауға міндетті. Сондай-ақ банктің барлық міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін қаражатының жеткілікті болуы да ерікті түрде таратуға рұқсат берудің қажетті талабы болып табылады.

Банкті мәжбүрлеп тарату сотпен мыналарға:

а) банктің банкрот болуына;

б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негіздер бойынша банкті банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан айыруға;

в) заңнамалық актілерде көзделген басқа негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың банктің қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап-арызына) байланысты жүргізіледі.

Жоғарыда аталғандай, көрсетілген құрал отандық банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап Қазақстан Республикасында белсенді түрде пайдаланылды. Мәселен, 1998-2000 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсартуға және екінші деңгейдегі банктердің тиімді банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келуіне бағытталған бірқатар реформаларды жүзеге асырды.

Банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін (01.04.2013ж. жағдай бойынша) ерікті және мәжбүрлі тәртіппен 114 екінші деңгейдегі банк таратылды.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізінен екінші деңгейдегі банктерді мәжбүрлеп тарату құралын қолданды. Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негіздер бойынша банкті банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан айыру негізі бойынша мәжбүрлеп таратуға жан-жақты тоқтап өткіміз келеді, өйткені бұл жағдайда кредиторлардың, әсіресе жеке тұлғалар – депозиторлардың құқықтары мен мүдделері қозғалады және оларға нұқсан келтіріледі. Ал ерікті түрде таратылатын банк кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыру уәкілетті органның оны ерікті түрде таратуға рұқсат беруі кезіндегі міндетті талап болып табылады.

Банк лицензиясынан айырылғаннан кейін және банкті тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті тарату комиссиясын тағайындайды, ол банкті тікелей таратуды жүзеге асыратын және банкті таратудың негізгі міндеті: банктің істерін аяқтау мен оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз етуге қол жеткізетін органды білдіреді.

Банкті таратудың бүкіл процесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің атынан уәкілетті органның жіті бақылауымен жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі екінші деңгейдегі банктердің рөлі

Банктік қызметті клиент қызығушылығындағы белгілі бір іс- әрекеттерді банктің орындауы деп айтуға болады. Нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі орындаусыз активті операцияларды сапалы деу қиын. Банк аралық тартылған қаражаттарын дұрыс қолдануы мүмкін емес, олар есебінен ссуда беру арқылы банкпен тек ссудалық операцияларды жүргізу жеткілікті пайда алуға мүмкіндік береді, бірақ төмен деңгейлі тәуекелді қамтамасыз етпейді. Банктер ссуда беріп, олардың қайтарылмай қалған тәуекелін өзіне алады. Сондықтан активті операцияларды тек несиелік қызметтерімен ғана шектеп қоймау қажет.

Банк өзінде бас қаражаттарын сақтап, сәйкесінше пайда алып қана қоймай, өтімділігі және диверсификациясына да көңіл бөлуі қажет. Бұл тараптарға банктің инвестициялық операциялары толық жауап береді. Банкте бар және алынатын бағалы қағаздар үлкен 2 топқа бөлінеді: бірінші резерв, екінші резерв.

Бірінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің табыстылық мақсатына қызмет етеді.

Өз несиелеріне жеткілікті табыс әкелетін көптеген бағалы қағаздар бар. Бұл жерде ұзақ уақыт аралығында қаражат ағымын қамтамасыз ететін, мемлекеттік облигация жөнінде айтылып жатыр. Бағалы қағаздың жоғары табыстылығы, оның өтімділігінен көрінеді.

Екінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің өтімділігін ұстау үшін арналған. Өтімді активтер үлкен табыс әкелмейді. Бірақ бұл жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздар автоматты түрде бірінші резервке жататындығын білдірмейді. Көбіне бағалы қағаздардың өтімділігі олардың өтеу мерзіміне тәуелді болып келеді. Неғұрлым мерзімі аз болса, соғұрлым міндеттеме өтімді. Өтеу мерзімі ұзақ бағалы қағаздар, үлкен табыс әкеледі, бірақ ақша нарығында ставкалардың өзгеру нәтижесінде, оның нарықтық құнымен төмендеуінен байланысты үлкен тәуекелмен байланысты.

Екінші деңгейдегі банктің инвестициялық байланыстығын келесідей бағдардан қарастыруға болады: банктің инвестициялық саясаты, бағалы қағаздар нарығындағы оперциялар, банктің басқа да қызметтері.

Екінші деңгейдегі банктер негізгі пайда бөлігін несиелік операциялар өткізу нәтижесінде алады. Олардың орындауына, депозиттерді қабылдауды ұйымдастыру нәтижесінде қаражат көздерінен алады. Банктердің инвестициялық қызметі оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді және тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан банктердің ұсынатын өнім қатары қосымша қызметтер есебінен әрдайым ұзарып отырады. Басқа банктік өнімдер, қызметтердің қатарын біріктіреді, соның ішінде банктік сферасына қатысты емесін де. Атап айтқанда келесідей қызметтер болуы әбден мүмкін: есептік кассалық қызметті ұйымдастыру, шетел валютасымен операциялар, құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер, кеңес беру қызметі, ақпараттық қызмет, инженерлі-экономикалық сараптама бойынша қызмет, кепілдеме беру, трастық операция, басқа қызметтер [24, 53-56 б].

Наши рекомендации