Пәннің қысқаша мазмұны. Азақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Азақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

СИЛЛАБУС

(Syllabus)

Пән: кәсіби қазақ тілі

Пән коды:PKYa 3213

Мамандық:5В110300 «Фармация»

Оқу сағатының (кредиттің*) көлемі: 90 сағ.(2 кредит)

Курс: 3

Оқу семестрі: VІ

Оқу жылы

Силлабус кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы («___»___201 ж. № хаттама) негізінде құрастырылды.

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«___»___201 ж. № хаттама.

Кафедра меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент________________ С.Х. Амандыкова

Оқытушылар туралы мәлімет

АЖТ Дәрежесі және қызметі Ғылыми қызығушылығы Жетістіктері Эл. м/ж.
Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы Қазақ тілінің аға оқытушысы. «Терминдердің мем.тілде қолданылуын қарастыру» комиссиясының; кәсіподақ ұйымының төрағасы, ӘК жанындағы «Оқу үдерісінің мем. тілде дұрыс жүргізілуін бақылау» секциясының төрағасы. «Лингвоелтанымдық сөздік» және «Нейролингвистика мен психолингвистика» бағытында зерттеулер жүргізеді. 55-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Орыс топтарына арналған «Қазақ тілі», «Жоғары кәсіби қазақ тілі» әдістемелік құралдардың авторы. Пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын құрастырған. [email protected]
Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы Ф.ғ.к., қазақ тілінің аға оқытушысы.   «Қазақ антропонимдерінің топонимдерінің этнолингв.және лингвомәд.тан-қ даму сипатын зерттеу» және басқа да бағыттарда ҒЗ жүргізеді. 35-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. [email protected]
Кемелхан Динара Жұбайханқызы Оқытушы, фил.ғал.магистрі Ұлт мектептерінде мемлекеттік тілді меңгерту жолдары Қазақ әдебиеті пәнінен барлық мамандықтарға арналған әдістемелік нұсқау және 10 мақаланың авторы [email protected]
Исабекова Асия Амангелдіқызы Оқытушы, фил.ғал.магистрі Есімшенің синтаксистік зерттелу жолдары. 10-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. [email protected]

Байланыс ақпараты

Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, №1. ОҚМФА-ның №2 оқу ғимараты, 2-қабат, №1 кабинет: қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы. Тел: 8-7252-408222 (40-15) [email protected]

1.9 Пәннің саясаты:

· Пәнді меңгеру үшін қойылатын талаптар:

1) сабақтан себепсіз қалмау;

2) студенттің өзіндік жұмыстарын уақтылы кесте бойынша тапсыру;

3) сабаққа қажетті оқу-әдістемелік кешеннің электрондық нұсқасын алу;

4) сабаққа медициналық терминдер сөздігімен келу;

5) белгіленген сөздік минимумды өз мерзімінде жаттап алу;

6) сабақ үстінде басқа іспен шұғылданбау;

7) сабырмен өзін-өзі ұстай білу, оқытушыларды және өзімен бірге оқитын жолдастарын сыйлау, мейірімді болу;

8) сырт көрінісі мен киім үлгісіне тиянақты болу;

9) кафедраның мүліктеріне қамқорлық жасау.

· Айып балы:Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, студенттердің емтиханға жіберу рейтингісінің көлемінен 10% алынады.

· Студент сабақтан қалған және өтем қағазы арқылы өтемеген, сабақ рейтингісінің 30%-ын жинамаған жағдайда емтиханға жіберілмейді.

· Ынталандыру балы:Академияның қоғамдық жұмыстарына, мемлекеттік тіл конкурстарына белсене қатысып, нәтиже көрсеткен жағдайда 10% қосылады.

Бағдарлама

Кіріспе

Қоғамның қазіргі қарқынды даму мен жаһандану үдерісінің күшеюі, Қазақстанның шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандар даярлау қажеттілігін күшейтіп отыр. Мамандардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы – қазақ ғылымының өркендеуінің ең негізгі кепілі.

Ұлт этномәдениетінің бірегей құбылысы болып саналатын тілдің күйі, хал-ахуалы, тазалығы қоғамның сөйлеу мәдениеті деңгейімен анықталады. Жұртшылықпен тұрақты байланыс жасайтын кәсіби мамандардың сөз мәдениетін, кәсіпке қатысты лексика мен терминологияны меңгеруінің маңызы ерекше. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқып-үйрену, оны қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану өзекті болып отырған бүгінгі таңда қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитындардың кәсіби тілде сөйлей алуы бұл мәселені шешудің бір жолы екені анық.

2.2 Пәннің мақсаты:

Болашақ маманға кәсіби тілді өз кәсібінің шеңберінде науқаспен қарым-қатынас жасай алатын және оған кеңес беріп, пікір білдіре алатын деңгейде меңгертіп шығару. Жұршылықпен тұрақты байланыс жасайтын кәсіби мамандардың сөз мәдениетін дамыту, тілдік қарым-қатынасын, атап айтқанда ауызша сөз формасының диалогтық түрінің ерекшеліктерін үйрету, науқас психологиясын ескере отырып, оған жайлы, жұмсақ естілетін сөз формалар мен синтаксистік оралымдарды, тұрақты сөз тіркестерін меңгерту.

2.3 Оқытудың міндеттері:

· кәсіби тіл мен әдеби тілдің қарым-қатынасы туралы түсінік беру;

· тілдік норма, норма түрлері деген ұғымдар мен теориялық ұстанымдарды ашып көрсету;

· ұлттық сөз саптау дәстүрлерінің ерекшеліктерін меңгерту;

· кәсіби тілде стандарт клишелердің қолданылуын жолдарын көрсету;

· кәсіби тілде синонимдерді қолдану жолдары туралы мағлұмат беру;

· дәрілік өсімдіктердің халықтық және ғылыми атауларын үйрету;

· фармацевтикалық терминдерді қалыптастыру жолдарын, терминжасам тәсілдерін түсіндіру;

· ғылыми мәтінді (ауызша мәтін мен жазбаша мәтінді) дұрыс құра білуге дағдыландыру;

· кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым атауларын үйрету және белгілі сала мамандарының өмірбаяны туралы әңгімелеп беруге дағдыландыру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі Пәнді оқытудың нәтижесі Тұжырым- дама бойынша оқытудың нәтижелері
А   Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік Пән мақсатын және міндеттерін біле алатындығын көрсете алады. Р1, Р2
Болашақ маман кәсіби тілді өз кәсібінің шеңберінде науқаспен қарым-қатынас жасай алады және оған кеңес беріп, пікір білдіре алады.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Жұртшылықпен тұрақты байланыс жасайтын кәсіби мамандардың сөз мәдениетін, кәсіпке қатысты лексика мен терминологияны меңгереді.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Кәсібіне қатысты терминдермен қатар, ауру атауларының қазақша баламаларын, ауру белгілерінің қазақша айтылуын біледі.
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі) Фармацевтикалық этика және деонтология талаптарын біледі. Кәсіби сөздер мен термин сөздерді сауатты қолдана алады.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Оқу үрдерісінде ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау барысында мәтіндердегі сөздерге синтаксистік талдау жасай алады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Кәсіби тілде қолданылатын құрал-жабдықтардың атауларын біледі.
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік Кәсіби тілде стандарт клишелердің қолданылу жолдарын біледі. Р5, Р10
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Дәрілік өсімдіктердің халықтық және ғылыми атауларын, қазақ тіліндегі дәрілік өсімдік атауларының қалыптасу жолдарын, дәрілік өсімдіктерді қолдануға байланысты қазақша сөз тіркестерін меңгереді.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Кәсіби сала қызметтерін реттейтін заңдарды біледі.
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі) Фармацевтикалық терминдерді қалыптастыру жолдарын, халықаралық терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бейімдеу жолдарын, терминжасамда қазақ тілінің сөз тудыру тәсілдерін (қосымшалар, сөздерді біріктіру, қосарлау) қолдана біледі.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Өсімдік текті дәрілік құралдар бойынша жаңа зерттеулер жасап, осындай дәрілердің саны мен сапасын арттыруға талпынады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау және алынған ақпаратты өңдеу дағдыларын меңгереді.
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Ауру белгілері және оған қолданалатын ем тәсілдерін айтудағы ұлттық тіл ерекшеліктерін, ауруға байланысты қазақша сөз тіркестерін қолдана алады. Р1, Р10
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Дәріхана медициналық мекеме ретінде қалыптасқан көзқарасқа жаңаша пікір қосу
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым атауларын үйреніп және белгілі сала мамандарының өмірбаяны туралы тұжырым жасай алады.
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі) Алдын ала дайындалмаған диалогқа қатысып, өз ойын еркін білдіріп, таныс мәселе бойынша пікірталасқа белсенді қатысып, өз көзқарасын негіздеп, қорғай біледі.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Әртүрлі стильде жазылған мәтін, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала алады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Өз тұжырымын қалыптастырып, ақпараттық жүйелерде көрсете алады.
Д Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Оқу үдерісіндегі пән тақырыптары бойынша алынған білімдерді көресете алады. Р3, Р8,
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Берілген тақырып бойынша ақпаратты жинақтап, оны керекті бағытта жан-жақты талқылай алады.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Оқылатын материалға қатысты нормативтік құжаттар бойынша бағыт анықтай алады.
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі) Өзін қызықтыратын саладағы түрлі мәселелер бойынша ойын нақты да толық айта біліп, өзекті мәселелер бойынша оң немесе қарсы жеткізе алады.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Фармацевтикалық ұйымдар мен өндірістердің сапасын бақылай алады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Қажетті ақпаратты табу үшін түрлі ақпараттық жүйелерге қосыла алады.
Е Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Оқу үдерісінде, өзіндік жұмыс орындау барысында химиялық және фармацевтикалық технология өндірісінің терминологиясы бойынша қалыптасқан білімдер мен терминдерді, термин тіркестерін құрастыру және оларды талдау, қажетті мәтін аумағында қолдану дағдыларын студенттерге оқытушыларға жеткізе алады, бақыланған деректер мен құбылыстарды түсіндіре алады. Р9, Р6
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Кәсіби сала қызметінің экономикасы мен әлеуметтік менеджментінің ерекшеліктері біледі.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттерін, еңбек тәртіп, талаптарын меңгереді.
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзгетілділік құзыреттілігі) Қарастырылатын салада өз бетінше алынған білімдерін, өз пікірлерін жеткізе алады, ақпаратты талдау және тұжырымдай алу қаблеттерін көпшілік алдында көрсете алады.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Пәннің берілген тақырыбы бойынша іздеу жүргізе алады және нәтижелерді аудиторияға мәлімдей алады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Компьютерлік технологиялар бойынша білімдерді және зерттеу нәтижелерін жеткізе алады.
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   Мамандыққа қатысты барлық пәндер

2.5 Реквизитке дейінгі: қазақ тілі пәні.

2.6 Реквизиттен кейінгі:дәрілік заттарды стандарттау және метрология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық кеңес, гомеопатиялық дәрілік түрлер технологиясы пәндері.

Пәннің қысқаша мазмұны

Пәннің мазмұны лексикалық және тілдік материалдардан тұрады. Лексикалық тақырыпқа жалпы сөйлеу материалдары мен мамандыққа қатысты мәтіндерден тұрады. Мемлекеттік тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту сөйлеу әрекетінің түрлерін жан-жақты меңгерумен байланысты. Сондықтан материалды меңгеру кезінде сөйлеу әркетінің барлық түрі іске асырылады.

2.8 Тақырыптық жоспар:

Пән бойынша дәріс қарастырылмаған.

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы:

Наши рекомендации