Бөкей Ор­да­сының құры­луы Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

Бөкей Ор­да­сының құры­луы (1801 ж.)XVI­II ғ. соңы мен XIX ғ. ба­сын­да Кіші жүз қазақта­рының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзен­дерінің сағасын­дағы жер­лерге көшіп бар­ды да 1801 жы­лы Ішкі не­месе Бөкей (өздерінің бірінші ха­ны Бөкейдің есімімен) Ор­да­сының негізін қала­ды. Ол Еділ мен Жайық өзен­дерінің ара­лығын­дағы әске­ри бекіністі шеп­тердің іш жағын­да ор­на­ласқан­дықтан «Ішкі» деп атал­ды. Ішкі Ор­да қазақта­рының ру­лық-тай­па­лық құра­мына адай, бай­бақты, беріш, жап­пас, есен­темір, ноғай, жетіру, масқар, сер­кеш, та­на қызылқұрт, ке­те, таз, төлеңгіт, ру – тай­па­лары енді. Пат­ша үкіметі қазақтар­дың Жайық сыр­ты­на көшуіне рұқсат бе­ре оты­рып, қай­та қоныс­танды­ру мәсе­лесін ұйым­дасты­руды орыс тағына жан -тәнімен берілген, ше­кара­лық пат­ша ше­не­уніктерінің нұсқаула­рын екі ет­пей орын­дай­тын сенімді адамға тап­сы­руды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр хан­ның не­мересі, Нұра­лы хан­ның ба­ласы Бөкей сұлтанға түсті. Пат­ша ше­не­уніктерінің си­пат­та­уын­ша Бөкей «жоғары мәрте­белі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыс­та­рын ұйым­дасты­ру ба­рысын­да Бөкей өз мүдде­лерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына оты­ру мүмкіндігі мен бе­делі жетіспей жүрген ол орыс би­ле­ушісінің сенімін пай­да­ланып, Жайықтың оң жағала­уын­да өз хан­дығының негізін қала­уды ни­ет етті.1812 жыл­дың ба­сын­да пат­ша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қай­сақ ор­да­сының ха­ны» етіп рес­ми түрде бекітті.1815 жылғы 12 ма­мыр­да ор­да­ның негізін қала­ушы Бөкей дүни­еден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақта­рына ғана бекітіп бер­ген еді. Өлер ал­дындағы өси­етінде хан­дық билігін сол кез­де 14 жас­тағы ба­ласы Жәңгірге қал­ды­раты­нын айтқан бо­латын. Жас Жәңгір кәме­лет­ке толған­ша ор­да­ны Шығай би­леді. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отар­шыл әкімшіліктің өзіне жүкте­ген міндет­теріне сай қазақтар­дың өмірі мен тұрмы­сының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыт­та­рына ба­тыл түрде өзгер­ту енгізе бас­та­ды. Жәңгір көшпелі ха­лықты оты­рықшы­лан­ды­ру мақса­тымен олар­дың егін егуіне жан-жақты қол­дау көрсетті. Орыс ху­тор­ла­ры мен де­рев­ня­лары­ның үлгісі бойын­ша тұрақты қоныс­тар са­луға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ор­да­сынан бас­тап ауыл­дарда мек­тептер, учи­лище­лер мен мешіттер аш­ты. Ол пат­ша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйек­терінің мүдде­лерін ұштас­ты­ру са­яса­тын жүргізді. 1827 жы­лы На­рын құмы Жасқұс шатқалын­дағы қоныс­ты ор­да ор­та­лығы етіп жа­ри­яла­ды. Ол әле­уметтік-эко­номи­калық бағыт­та Ішкі Ор­да­да фе­одал­дық тәртіп ор­натты. XIX ғ. 30 ж. ор­та­сын­да Ішкі Ор­да­ның тұрғын­да­ры хан мен оның ай­на­ласын­дағылар пат­ша әкімшілігінің аяусыз қана­ушы­лығына ұшы­рады.

Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған ша­ру­алар көтерілісі (1836–1838 жж.)Қазақ халқының азат­тық күресінде Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған көтерілістің маңызы зор.Ішкі Ор­да­да көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жыл­да­ры бо­лып өтті. Қазақ ауыл­да­ры Орал­дың арғы жағына қай­та ора­ла бас­та­ды. Өткір жер да­уы, са­лықтық езгі, әле­уметтік қысым, отар­шылдық қанау 1836 жы­лы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы мен ақын Ма­хам­бет Өтемісұлы басқар­ды.1836 жыл­дың ақпа­нын­да Ішкі Ор­да қазақта­рының Жәңгір ханға қар­сы ашық күресі бас­талды. Оған сыл­тау болған Иса­тай­дың хан ор­да­сына шақыры­луы еді. Ол ба­рудан бас тарт­ты және өзінің ауыл­да­рын қыс­та­удан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен ла­герін жи­нады.Хан мен оның ай­на­ласын­дағылар жа­ла жа­буға көшті. Ба­рым­та кезінде біре­улер бақта­шы шал­ды өлтірген бо­латын. Қара­уылқожа жүргізген тер­геу ісі Иса­тай­дың және оның жақтас­та­рының өлімге қатыс­ты­лығын дәлел­де­уге ты­рыса­ды. 1836–1837 жыл­да­ры 15 қара­шада таң ал­дында Тастөбе елді ме­кенінде көтерілісшілер мен жа­зала­ушы­лар­дың ара­сын­да кескілес­кен соғыс бол­ды. Шайқас­та көтерілісшілер жеңіліп, ора­сан көп мал­да­ры қырыл­ды, он­даған адам қаза тап­ты. Бірақ аз­даған қосын­мен Жайықтың сол жағасы­на өтіп Иса­тай мен Ма­хам­бет құты­лып ке­теді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасын­да жалғаса­ды. 1838 жылғы 12 шілде­де Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойын­да көтерілісшілердің жа­зала­ушы­лар­мен ке­зекті шайқасы өтіп, осы ұрыс­та Иса­тай мерт бо­лады.Иса­тай мен Ма­хам­бет бас­таған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі ру­лар бол­ды. Қозғалыс­тың сти­хи­ялығы, нақты бағдар­ла­масы­ның бол­ма­уы, ұйым­шылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Ма­хам­бет Өтемісұлы ха­лық көтерілісінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Ол жа­лын­ды жыр­ла­ры арқылы ха­лықты пат­ша үкіметі мен отар­шы­лық билікті жақтаған хан­дарға қар­сы күрес­ке шақыр­ды

49) Ке­неса­ры Қасымұлы басқарған ұлт-азат­тық қозғалыс (1837–1847 жж.)

Ор­та жүз қазақта­рының отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған бас көте­рулері 1822 жы­лы «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы жарғыдан» бас­та­лады. Осы күрес 1837 жы­лы жаз­да Абы­лай хан­ның не­мересі, Қасым­ның ба­ласы Ке­неса­ры бас­таған жаңа, қуат­ты бас көте­руге ұлас­ты.Ке­неса­ры күресті екі май­дан­да – пат­ша­лық Ре­сей мен Ор­та­азиялық хан­дықтарға қар­сы, әсіре­се қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қар­сы жүргізу­ге шешім қабыл­дай­ды. Қару­лы көтерілістің ал­дында Қасым мен Ке­неса­ры та­рапы­нан Ор­та жүз жер­леріндегі бекіністер жүйесін алып тас­та­уды та­лап етіп, Сібір бас­шы­лары­ның аты­на хат­тар жа­зылған еді, бірақ олар жа­уап­сыз қал­ды.1837жыл­дың көктемінде Ке­неса­ры азғана жа­сағымен Ақмо­ла ок­ругінің ше­кара­сына келіп жетті. Қазақтар оның ту­ының ас­ты­на жап­пай ағыла бас­та­ды. Же­келен­ген жа­сақтар­дың ба­сын­да Ке­неса­рының жақын ту­ыс­та­ры На­урыз­бай, Әбілғазы, Бо­пай ха­ным­дармен бірге ха­лық ба­тыр­ла­ры – Ағыбай, Жа­най­дар, Иман, Жо­ламан, Бұқар­бай тұрды. Көтерілістің алғашқы са­тысын­да өздерінің мүдде­лерін көзде­ген, Ке­неса­рыдан қорыққан орыс қыз­метіндегі сұлтан­дар мен би­лердің бір бөлігі де қосыл­ды.Ке­неса­ры 1837 жы­лы жаз­да Чи­риков­тың жа­зала­ушы от­ря­дын талқан­да­ды, сөйтіп қол ас­ты­на Ақмо­ла, Көкше­тау, Қарқара­лы және Ба­янауыл ок­ругтерінің аумақта­рын қарат­ты. 1838 жыл­дың ба­сын­да бы­тыраған қазақ жа­сақта­ры Ке­неса­рының қол ас­ты­на бірігеді. Көктем­де ол Ба­тыс Сібірдің гу­бер­на­торы Гор­ча­ковқа Ре­сей өкіметінің са­яса­тына қар­сы ар­найы қар­сы­лық ха­тымен елшілік жібе­реді, қазақ жеріндегі бекініс пунк­ттерін жо­юды, тар­тып алынған жайылым­дарды қай­та­руды та­лап етеді. Сұлтан­ның жібер­ген өкілдерін жа­зала­ушы­лар ор­та жол­да ұстап ала­ды, бұдан кейін Ке­неса­ры Ре­сей­ге қар­сы бел­сенді қимыл­да­рын қай­та жалғас­ты­рады.1838 жыл­дың жа­зын­да көтерілісшілер әскер стар­ши­насы Си­монов­тың от­ря­дын талқан­дай­ды. Ке­неса­рының жа­сағы Ақмо­ла бекінісінің түбінде шоғыр­ла­нады. 7 та­мыз­да бекініске қиян-кескі тіке ша­бу­ыл бас­та­лады, бар­лық құры­лыс­тар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар пар­ти­зан күресін жалғас­ты­рады, Ре­сей­ге жақтас сұлтан­дардың ауыл­да­рын то­нап және бай­ла­ныс то­рап­та­рын үзіп при­каз­дарға, пи­кет­терге және разъез­дерге жүйелі ша­бу­ыл жа­сай­ды. Күзде Ке­неса­рының ауыл­да­ры Жо­ламан ба­тыр бас­таған Кіші жүздің жа­сақта­рымен бірігу мақса­тын­да Торғай мен Ырғыз өзен­дерінің бойына өте бас­тай­ды.1841 жы­лы қазақ мем­ле­кеттігінің қай­та жаңғыру­ына бай­ла­ныс­ты азат­тық күрестің жаңа са­тысы бас­та­лады. Ұлы­та­удағы қазақ ру­лары өкілдерінің кеңесі 1841 жы­лы жаз­да Ке­неса­рыны хан етіп сай­ла­ды. Ке­неса­ры хан ор­та­лық үкіметті нығай­туға және күресті жалғас­ты­ру үшін мықты тыл­ды құруға бағыт­талған бірқатар әкімшілік пен сот ре­фор­ма­ларын жүргізді. Хан маңын­да оның жақтас­та­ры кірген кеңесші ор­ган – Хан кеңесі құры­лады. Са­лық жи­науға, әске­ри дайын­дыққа, мәміле­герлік істер­ге жа­уап бе­ретін қыз­меттер ұйым­дасты­рыла­ды. Да­ладағы әске­ри қимыл­дар 1843 жы­лы қай­та жан­данды. Пол­ковник Би­занов­тың бас­шы­лығымен 5000 адам­нан тұра­тын от­ряд Са­хар­ная бекінісінен, басқа от­рядтар Ом­бы­дан, Қызыл­жардан (Пет­ро­пав­ловск) және Қарқара­лыдан шықты. То­был өзені жағынан пат­ша үкіметіне берілген сұлтан Ах­мет Жантөриннің қазақ жа­сағы да шықты. Ке­неса­ры шайқас­тарда Би­занов­тың от­ря­дын әбден ти­тықта­тып ба­рып, 1843 жыл­дың қыркүйегінде оны Орскіге шегіну­ге мәжбүр етті. 1847 жы­лы Ке­неса­ры жа­сақта­ры қырғыз ше­кара­сына жақын­да­ды. Мұнда олар ора­сан зор қиын­дықтарға кез­десті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыз­дармен ара­дағы жа­угершілік, қырғыз, қоқан және орыс от­рядта­рының біріккен әре­кет­тері жеңіліске се­беп бол­ды. Ке­неса­рының соңғы шайқасы Пішпек­ке та­яу жер­дегі Кекілі та­уын­да өтті. Тау ішінде қазақтар­ды қоқан және қырғыз әскері қор­шап ала­ды. Ке­неса­ры тұтқынға түседі. Өлім ал­дында ол тағы бір рет қырғыз ма­нап­та­рына жа­улықты тоқта­тып, ор­тақ жауға қар­сы бірігіп күре­су үшін күштерді біріктіруді ұсы­нады, алай­да бұл жо­лы да қырғыз ма­нап­та­ры оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды.

50) Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.)

«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты

Наши рекомендации