Айқап» журналының шығу тарихы 2 страница

62,Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері :
1) Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру.
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

64, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер.Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ.“Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.

65,Әдебиет пен өнер онкүндігі (Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндіктері), мәдени-көркем шара. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ әдебиеті мен енерін әлемдік деңгейге көтерген және барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мәскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының әңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай» романының 1-2-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезов өзінің осы әдеби онкүндіктен алған әсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Әуезов 1936 және 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп:

«Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»[1]

деп жоғары бағалады.[2]

66, 1950ж Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды.Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдаршығарылды.1949ж -1963ж аралығында ауада қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалған.1964-1989жж 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150кт-ға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған.Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%- ға жуығы Семей полигонында өткізілді. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигоны жұмыс істеп тұрды.Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Аралдың экологиялық проблемасы Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдайТараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар,пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
«Сен білесің бе?»
1. Адам баласы тәулігіне 1кг ас пен 2л суды пайдаланатын болса,ал оның тыныс алуы үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен
2. Арал теңізінің, ядролық зарядтарының жалпы қуаты 1945 жылы Херосимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 есе көп
3. Ғалымдардың есептеуі бойынша,Арал теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады.
4. Сырдария өзені ағысының 35-40% өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады
5. 1957ж Байқоңыр космодромы төңірегіндегі 180 мың га аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті.
Экологиялық апатқа әкеп соқтырған негізгі фактолар:
• Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
• Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген
• Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды.
• АҚШ пен КСРО мемлекеттері ядролық қарудың ошағына айналды.
• Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды
• Қазақстанда ең ірі Семей полигонында 500-ге жуық ядролық сынақтар өткізілді
• 1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды.
• Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
• Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
• Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды.
• Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңед

Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.

Бірінші кезең

Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.

Наши рекомендации