Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.

Ақшаның мәні және қызметтері. Ақша массасы.

Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері. Ақша айналыс заңы. Қазіргі ақша ерекшеліктері. Қазір және несие ақша айналу жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым қатынастардың көрсететін экономикалық категория және де абсолютті икемді айырбас құралы болып табылады. Ақшаның атқаратын келесідей қызметтері болады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және дүниежүзілік ақша қызметтері. Құн заңы-бұл тауар өндірісінің дамуын басқаратын баға заңы. Оның негізгі атқаратын функциялары мынадай: тауар өндірісін реттеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, тауар өндірушілерді дифференсалдау. Қазіргі таңда қағаз ақшаларға қарағанда несиелік ақшалар көптеп қолданылады. Өйткені, олар өте икемді әрі тиімді. Ақшаның рөлі әрқашан оқымыстыларды қызықтырған. Құн формасының ақшалай түрге көшуінің өзіндік ерекшелігі бар. Әр түрлі халықтарды ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылған. Олардың құны тұрақты деп есептелген. Олар мал, қол өнер бұйымдары, маталар, тері, жүн,қару жарақта және т.б. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көз қарас бар: Субъективті және объективті. Субъективті көз қарас кезінде ақша адамдар арасындағы сапалы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болады депр есептеледі. Ал объективті көз қарас кезінде ақшаның жалпы эквивалент рөлі бекітілген.

Ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясатының құралдары.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша несие бұл айналыстағы ақша несие жиынын, несие көлемін , сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:а) экономикалық банктің есептеу ставкасын өзгеруі;б) «ашық нарықтағы опреация»

Бәсеке, оның мәні және түрлері.

Рыноктық қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардың бірі- бәсеке(латын сөзі конкурро- түйістіру) болып табылады. Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Рынок субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір- біріне кері ұғымдар.Бәсеке түрлері: 1\ Ішкі салалық- бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес. 2\ Салааралық- түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес. Бәсекелік күрестің әдістемелері: 1\ Баға бәсекесі- өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес. 2\ Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану- қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою. 3\ Бағадан тыс бәсеке- тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшіліктердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.

Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.

Баға бәсәкәсі: Өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей , тауар бағасын төмендету негізінде өосымша табыс алу үшін күрес.

Күрестің нарықтан тыс түрлерін пайдалану: Қаржылық құлық-сұмдылықтар, құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіатік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою.

Бағадан тыс бәсеке: Тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа қасиеттердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.

Баға бәсекесі-басқа бәсекелестікке қарағанда төмен бағамен тауар сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. 2. Баға емес бәсеке- нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар, пайдалану мерзімі ұзақ, көп ассортиментті тауар ұсынады. 3. Арсыз бәсекелестік- бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу, демпинг, нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет т.б.

Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.
Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.

Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке. - student2.ru

Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке. - student2.ru

Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке. - student2.ru

Наши рекомендации