Абылай заманындағы Қазақстанның мемлекеттілігі.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатыскан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар баскыншылары оған кұлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халкының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына козі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылайхан зор еңбек сіңірді.

1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып қойған аты -Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол түтқыннан қашып елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі.

Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" - деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.

Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.

1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің ұлымды елтірген сен бе?" — дегенде, ол: "Сенің баланды өлтіргең мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана", -деп жауап берген.

Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мирасқорларының арасьшда хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатмен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.

Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтікара жырау қосылды.

Үшінші, негізгі колды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек, т. б. кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінін басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінін, қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жанақорғанға бекініп алды. Абылай Жанақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Туркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созак, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жонғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Мұны қытай империясы ұтымды пайдаланып, жоңғар жерін басып алуға кірісті. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.

1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу каупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды.

Бір айтып кететін жай, Ресей патшалығы өзінің қол астындағы қазақтарға қытайлар шабуыл жасап жатқанда елшілік жолмен наразылық білдіруден басқа көмек көрсетпеді. Ол наразылыққа құлақ асқан Цинь империясы болған жоқ.

Абылай ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Цинь әкімдерімен елшілік қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, ол Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын істеді. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. Абылай хан қазақ жерін, қазақ халқын көршілес күшті елдердің /Ресейдің, жонғарлардың, қытайдың/ қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. Батырлығы, ұйымдастыру шеберлігі, саясатшылығы арқасында қазақ халқының елдігін сақтау үшін көп жұмыс тындырды.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде билер мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болып, Туркістан қаласында жерленді. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.

43) «Ақтабан шұбырынды,Алакөл –сұлама » жылдар.Қазақ-жоңғар соғыстары

1723 жылы Цинь билеушілерімен бітім шартын жасап, шығыстағы тылын қауіпсіздендірген жоңғарлар казақ хаңдығын бір жолата талқаңдау үшін қазақ жеріне шешуші жорығын бастайды. Алдағы соғысқа мұқият әзірленген және қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдалана білген жоңғарлар 1723 жылы ерте көктемде казақ жеріне жасаған ең ауыр, жойқын жорыктарының бірін бастайды. Ауыр қыстан шыққан қазақтар бұл уақытта жоңғар әскерлерінің ірі жорығын күтпеген еді. Қапыда қалған қазақ ауылдары қырғынға ұшырайды, тірі қалғаңдары мал-мүлкін тастап қашады. Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең басталады. Жоңғарлардың бұл шапқыншылығы халық ауызында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген атпен қалады. Бұдан кейінгі шапқыншылықтарда әбден әлсіреген, берекесі кетіп, алауыздық күшейген қазақтардың жоңғарларға қарсылық көрсетуге шамалары келмейді.

Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық өзендерінен өткен кезде де талай адам өледі, мал-күйсіз қалғандар аштықтан да қырылады. Осы жылдары миллионға жуық халық қырғынға ұшырайды. Түркістан, Сауран, Ташкент қалаларынан және бүкіл Оңтүстік өңірден айрылған қазақтар Сырдариядан өтіп Мауереннахр жеріне беттейді, бірақ оларды Бұқар хандығы талайды. Беті қайтқан жұрт Арқаға қайырылады, одан да тұрақ таба алмай, Жем мен Жайыққа жетіп әрең тоқтайды.

Жайық бойында жоңғар шапқыншылығынан босып келген қазақтардың санының көптігі сонша, тіпті Қалмақ хандығы тағдырының өзі екі талай күйде қалады. Олар Еділдің сол жағалауындағы өздерінің жайлауларын қорғау үшін Ресей үкіметінен әскери көмек сұрауға мәжбүр болады. Қалмақтар Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарын патша әскерлерінің көмегімен ғана сақтап қалады. «Ақтабан шұбырынды жылдар» қазақ халқына кұрып кету қаупін туғызды. Бұндай қатерден аман қалудың бірден бір жолы жауға ұйымдасып тойтарыс беру, елді біріктіру, бар күшті жоңғар шапкыншылығына қарсы жұмылдыру еді. 1726 жылы Тайлақ пен Саурық батырлар бастаған Орта Жүз бен Кіші Жүздің біріккен әскерлері Бұланты өзенінің маңында жауға елеулі тойтарыс береді. Бұл жеңіс қазақ халкына жауды жеңу жолындағы күресте бірігудің қажет екендігін өте-мөте айқын түсіндіріп, 1727 жылы Шымкент маңындағы Ордабасыда үш жүз өкіддерінің бас қосқан жиыны өтеді. Жиында қаралған басты мәселе күшті біріктіру, жауға тойтарыс беру болды. Сұлтандар арасыңдағы алауыздыққа қарамастан қазақ жасақтарының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланады.

1729 жылы Балқаш көлінен оңтүстікке таман Итішпес деген шағын көлдің маңыңда қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы береді. «Аңырақай шайқасы» деген атпен белгілі болған бұл жеңіс үш жүз қазақтарының өзара бірігіп қимылдауының нәтижесінде келді. Елді саяси біріктіру мәселесі қайта қойылды. Осы кезде Болат хан дүние салады. Хан сайлауында ірі сұлтандар мен жүздер арасындагы алауыздықтың жойылмағандығы көрінді. Қиын жағдайда бас біріктіріп ортақ жеңіске жеткен сұлтандар ат кұйрығын кесісіп айырылысады. Әбілмәмбет хан Түркістанға кетсе, Әбілқайыр мен Сәмеке хандар Ресей шекараларына қарай кетеді. 1730 жылдан бастап қазақ хандығы іс жүзіңде бірнеше билікке бөлінеді. Үлкен хан болудан дәмеленген Орта Жүзден Сәмеке де, Кіші Жүзден Әбілқайыр да көпшілік қолдауына ие бола алмады. Үлкен хан атағына 1739 жылы ғана Әбілмәмбет ие болады, бірақ ол бүкіл елді біріктіре алмайды. Жоңғар басқыншыларының шапкыншылык жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уакытқа терең із қалдырып, казақ тарихына «алапат ауыр жылдар» болып енді. Миллионға жуық адамынан айырылған қазақтар мал-мүлкінен және шұрайлы мал жайылымдарынан да уақытша айырылды. Халық өміріңдегі ауыр заман - сол бір алапат кезеңді жырлайтын «Елім-ай» өлеңіңде көрініс тапқан.

Жоңғар шапқыншылығының «алапат ауыр жылдарында» қазақтардың Бұқарамен және Хиуамен қатынастары шиеленісті. Босып келген халық Бұқараны, Самарқанды және оның жергілікті халқын күйзелтті. Академик В.В.Бартольдтың пікірінше, Самарқанның тұрғыңдары жеті жыл бойы (1723-1730) қалаға келмей қойған. Хиуа хандығында да шамамен сол жылдары бүкіл елді мекендер, қоныстар бос қалған, ал Хиуаның өзіңде бар болғаны 40 үйдей ғана қалыпты. Батыска қарай ығысқан қазақгар, сонымен бірге, түрікмендермен де қақтығысуға мәжбүр болды.

Бұланты өзені мен Анырақай шайқастарындағы жеңіске қарамастан Жоңғар хаңдығы әлі де күшті еді. Олардың жаңа шабуылының қаупі жойылмады. Қазақ жеріне баскыншылық саясат ұстаған қоң тайшы Ғалдан Цереннің билік басына келуі де мұндай шабуылдың қаупін одан әрі күшейтті. Осы кездегі билік үшін басталған өзара талас та түпкілікті жеңістің ауылын алыстата түсті. Біртұтас казақ хандығы бірнеше билікке бөлінді. Жеңістен үмітін үзген Жолбарыс хан мен Төле би жоңғарлардың билігін мойындауға мәжбүр болса, Кіші Жүз ханы Ресей бодандығы туралы әңгіме қозғады. Орта Жүздің көп бөлігіне билігін жүргізіп отырған Әбілмәмбет хан да Ресейден қорғаныш іздеді. Жоңғар шапқыншылығының ауыр зардаптары Қазақ хандығының Ресей бодандығын қабылдауының ең басты себебі болды.

Наши рекомендации