Й маңындағы көктемдік жұмыстар,әртүрлі зиянкестермен күрес

Үй маңындағы көктемдегі жұмыстар, әр түрлі зиянкестермен күрес. Гүл өсіру. Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашы-лығының негізгі саласы.

Гүл өсіру - өсімдік шаруашылығының бір саласы, оған жалпы сипаттама. Ашық және қорғалған грутта гүл өсіру. Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық декоративті өсімдіктерге агробиологиялық сипаттама. Сәнді мәдени өсімдіктің көбею жолдары. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі. Тұқымдар және тұқым шаруашылығы. Тұқымдарды себуге дайындау. Жоғары сапалы тұқымды себу мен отырғызудың экономикалық тиімділігі. Тұқым себуге экологиялық факторлардың әсері. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Өсімдіктердің тіршілік шарттары. Топырақ немесе тамыр арқылы қоректену. Өсімдіктердің орта жағдайларына өзара әрекеттестігі.

Өсімдіктер туралы алған білім толық және терең болу үшін мектеп маңына гүлзарлар жасалып, тәжірибелік үлескілер болғаны дұрыс.

Мектеп алдына гүлзар жасау. Гүлзар жасау үшін қолайлы жер таңдап алынады, оның солтүстік жағына желден қорғайтын ағаштар егіледі, жергілікті жердің климаттық жағдайы ескеріледі. Гүл егілетін жердің топырағы - сазды, ауыр, тығыз емес, жеңіл, құм, жапырақ шіріндісі, қара шірік аралас топырақ болғаны жөн.

Топырақ құнарын жақсарту үшін қи, ағаш үгіндісін, қосуға болады. Ашық грунтқа егетін гүлді сәндік өсімдіктерді - бір жылдық, екі жылдық және көпжылдық деп бөледі.

Бір жылдықтарға тұқымнан егетін – жұлдызгүл, қырмызыгүл, барқытгүл, дәрілік түймедақ, үлпет, т.б. жатады.

Екі жылдыққа - қоңыраугүл, дәстүргүл, түрік қалампыр гүлі жатады.

3. Ал көп жылдықтарды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай:

Тамырсабақты - шоғыргүл, қияқ, інжугүл, таушымылдық..

Пиязшықты - лалагүл, нәркес, қызғалдақ, баршынгүл.

Түйнекті - нарғызгүл, ләйләгүл, теңбілгүл, глоксиния, т.б. деп бөлінеді.

Сімдіктердің осы белгілеріне қарай сабақ жүргізуде көрнекілік ретінде көрсетуге болады. Оқушы сабақта алған теориялық білімін практикамен ұштастырғанда есте ұзақ сақталады.

Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық гүлзарлар - миксобордерлер, партерлер. Гүлзарлар үшін өсімдіктерді таңдап алғанда олардың биологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ бояулардың ұштасып, үйлесіп келуін де ескеру керек. Түстің көп болуы ұтысды емес. Күңгүрт түстер ашық түстермен жақсы ұштасады, мысалы, ашық қызғылт ақшыл көкпен, қызыл ақпен, т.с.с жақсы үйлесім табады.

Клумбалардың формасы әр түрлі (төрт бұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10 см, ал ортасы 30 - 40 см биіктікте болады. Клумба жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек.10 - 15 күненнен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастауға болады.

Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді тығыз отырғызып клумба жасаудың қажеті жоқ.

Рабатка – төртбұрышты ұзынша гүлзар –жүйек, ол жол бойына, оның бір жақ жиегіне немесе қос қапталына орналастырылады.

Ені 1,5 метрге дейін, ұзындығы әдетте 10 метрге дейін болады. Рабатка гүлдеу мерзіміне орай үйлестіріліп, өсімдіктердің бірнеше түрінен жасалады.

Миксбордер немесе ландшафтық гүлзар геометриялық сурет құрамайтындай етіп, еркін орналастырылған көп жылдық өсімдіктерден жасалады. Мұндай аралас гүлзарларда әр мезгілде гүлдейтін өсімдіктерді отырғызу көзделеді, сонда ол ұзақ уақыт бойына үздіксіз гүлдеп тұрады.

Гүл дақылдарын іріктеп алғанда олардың гүлдейтін мерзімін ескеру керек. Мәселен, ауыстырып отырғызбай-ақ бір орында бірнеше жыл жақсы өсетін және жасыл бұтағы мен гүлін мол жаятын көп жылдық гүлдер (флокс – 4 - 5, пион – 8 - 10 жыл) бар. Көп жылдықтарының тамыр жүйесі мықтырақ болады, қуаңшылықтан аз зардап шегеді, жаздықтарына қарағанда онша күй талғамайды.

Гүл көшеттерін өсіру. Мектеп маңында ерте гүлдеу үшін жұлдызгүл, петунья сияқты гүлдерді ерте көктемде бөлмеде көшет дайындап өсіруге болады. Ол үшін кабинет зертханасында терезе алдына кішірек жәшіктерге (45см* 30см*10см) астауша жасап өсіруге болады. Жәшіктің ішіне құнарлы қарашірік аралас, шымтопырақ, құмсалып толтырады. Оған наурыз айында тұқым егіліп, белгі ілінеді.

Гүлзарға гүл еккенде оның бойының ұзындығын есепке алып отырғызған дұрыс. Шетіне аласа бойлы ортасына ұзын бойлы гүл егіледі. Күзде гүлдердің тұқымын жинап алып кептіріп, қағаз қалталарына салып, аттарын жазып, құрғақ жерге сақтаған жөн.

Ал қысқа қарай салқын түсісімен көпжылдық гүлдердің түйнектерімен пиязшықтары қазып алынып, кептіріліп, салқын желдетіліп тұратын жерде сақталады. Гүл тұқымдарынан коллекция жасап сабаққа қолдануға болады.

Ағаштар мен бұталар – сәндік үшін егілетіндер және жеміс – жидек ағаштары болып бөлінеді. Жеміс-жидектерге: алма, алмұрт, алхоры, шабдалы, шие, жаңғақ ағаштары мен жүзім, қарақат, таңқурай, қарлыған бұталары (тошала) жатады.

Жеміс ағаштары көктем мен күзде егіледі. Көктемде топырақтың тоңы еріп жібігенде, күзде жапырақтарын түсіре бастағанда отырғызған жөн. Егуді көбінесе бұлтты күндері бастайды. Егер күн ашық болса, таңертеңгі салқында немесе кешке қарай егеді. Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін шұқырды көктемде – егуде 5 күн бұрын, күзде 15 күн бұрын қазады.

Гүл әлемі – жер

Бегония(сәндік өсімдік)

Бегония сәндік өсімдіктер қатарына жатады. Оның сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік. Гүл пішіні де әртүрлі. Бегонияны әсем жапырақты және түйнек түзетін әрқилы түрлері өсіріледі. Оның барлық түрін қыш құмырада, оңтүстік-батысқа немесе оңтүстік шығысқа қараған терезе алдында өсіреді.

Пеларгония (сәндік өсімдік)

Пеларгония – қазтамақтар тұқымдасына жататын бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер. Олардың түріне қарай үлкен 4 топқа бөлуге болады.

Ірі гүлді (корольдік) пеларгонияның түсі – ақ, қызғылт-қызыл және қара-қоңыр немесе ақ түстен бастап қызыл-күлгін, тіпті қара түске дейін өзгеріп отырады. Кейде құбылмалы болып келетін түрлері кезігеді. Ірі гүлді пеларгонияның жапырағы сүйір, өткір әрі тікенекті болып келеді.

Барқыт тәрізді пеларгония – қалқан тәрізді пеларгониядан шыққан және гүл сағанақтары ұзын, гүлдері қарапайым, жартылай түкті болып келеді. Барқыт тәрізді пеларгонияның сабағы шырмалып немесе жер бауырлап өседі. Осы ерекшелігіне қарай бұл аспалы өсімдіктер қатарына жатады. Пеларгонияның бұл түрін балконға шығарып қойсаңыз, өте әдемі көрінеді.

Аймақтық пеларгония – жапырағының әдемілігімен ерекшеленеді. Өйткені жапырағы түрлі-түсті болғандықтан бірден көзге түседі. Ал гүлі қарапайым болып өседі.

Хош иісті пеларгонияның жапырағында эфир майы бар. Сондықтан оның өзіне тән ерекше иісі болады. Жапырағының түсі ашық көк, гүлі ұсақ, ақ және күлгін түсті болып келеді.

Узамбар шегіргүлі(сәндік өсімдік)

Узамбар шегіргүлі (фиалка) – геснерия тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Отаны – тропиктік Африка. Оның барқытқа ұқсас теңге жапырақтары сабағының түп жағына шоғырланады. Бұл сәндік гүлін кейде сенполия шегіргүлдері деп те атай береді.

Гүлі шегіргүлдікі сияқты жасыл, жасыл көк және қызғылтым (атауы осыдан барып шыққан) болып әртүрлі түске боялып өседі. Сондай-ақ ұзамбар фиалкасының гүлі ақ, қызғылт, қызыл және қызыл күрең түсті болып келетін түрлері де болады. Оны тікелей күн көзі түспейтін, терезесі шығыс немесе батыс жаққа қараған бөлмеге қойған жөн. Онымен қоса, өсімдікке су бүркуге болмайды. Узамбар фиалкасын бөлме температурасында 1-2 күн тұрған сумен суарған жақсы. Ол күн көзі аз болатын қыс айларынан басқа уақыттың барлығында үнемі гүлдеп тұрады. Дегенмен күндіз лампа жарығын пайдаланып, оның гүлдеу мерзімін ұзартуға болады.

Өсімдікті 2 жылда бір рет ауыстырып отырғызған жөн. Оны отырғызатын топырақтың 4 бөлігі шіріген жапырақ, 1 бөлігі шымтезек және бір бөлігі құм болу керек. Узамбар фиалкасын жапырағын кесу, бұтасын бөлу арқылы немесе қаңтарда тұқымын сеуіп, көбейтуге болады. Қалемшеден де өсіруге болады. Шағын құмыраға отырғызылған (диаметрі 5-7см) жас өркен 6-10 айдан кейін гүлдейді.

Наши рекомендации