АзаҚстанныҢ экологиясы

Табиғат – күрделі де жұмбақ құбылыс. Адамзат әлі табиғат қырларын толық ашып біткен жоқ. Жер табиғатының да небір ашылмай жатқан құбылыстары өте көп.

Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау мәселелері үшін күресуде. Экологиялық мәселе – мәселелердің мәселесі.

Экологиялық пост, аймақ, аудан және орталықтар құрылуда.

Жер адамзат үйі. Оны күтіп аялауымыз керек.

Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді.

Тұщы су мәселесі – болашақтағы басты мәселе. Өте күшті ластанған өзендердің қатарына Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Волга, Днепр, Ніл, Ганг өзендері жатады.

Әр түрлі жану нәтижелерінде миллиардтаған газ тонналары ауа қабаттарын ластайды. Осының нәтижесінде қышқылды жаңбырлар пайда болады. Олар өнімнің түсімін кемітеді, орманды және басқа өсімдіктер жамылғысын құртады, тұщы судағы тіршілікті жояды.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.

3. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Табиғат қандай құбылыс?

ә) Қазіргі кезде адамдар не үшін күресуде?

б) Ортаның ластануынан қандай шығындар болады?

в) Өте күшті ластанған өзендерді атаңыз.

г) Қышқылды жаңбырлар қалай пайда болады?

4.Тұщы су мәселесі – болашақтағы басты мәселе. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

АЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы – 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және сирек кездесетін аңдар мен құстардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді. Республика табиғатын қорғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық және эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады. Егер сен өз Отаныңның жанашыр азаматы болсаң, оны құрметтеумен қатар, болашақта гүлдене түсуіне қолыңнан келген үлесіңді қосуың қажет.

Тапсырмалар.

1.Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.

3.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

ОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ

Қолданбалы экология қоршаған ортаның практикалық мәселелерін шешу жақтарын қарастырады (қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, шаруашылықтың әр түрлі салаларындағы технологияларды жетілдіру). Қолданбалы экологияда өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, химиялық, медициналық және т.б. бағыттар дами бастады.

Олай болса, «классикалық экологияда» абиотикалық және биотикалық факторларға және олардың табиғи экожүйелердегі әсеріне көп көңіл бөлінеді. Ал «әлеуметтік және қолданбалы экологияда» ең алдымен антропогенді факторлар, олардың табиғи және әлеуметтік жүйелердегі әсері қарастырылады. Біздің планетамыздағы бұл жүйелердің қосылуы нәтижесінде әлеуметтік-экологиялық жүйелер қалыптасты.

Әлеуметтік және қолданбалы экологияның міндеттеріне тек қана жергілікті, аймақтық және ғаламдық әлеуметтік экожүйелердің оптимизациясына ғана емес, сонымен қатар адамды биоәлеуметтік түр ретінде, оның биосфера және экожүйедегі орны мен рөлін, оның қоршаған ортаға әсер ету ауқымын зерттеу де кіреді.

Бұл мамандық иелері әлеуметтік-экологиялық жүйелерін басқаруда, табиғатты қорғау шараларын жоспарлау мен ұйымдастыруда, мекемелер мен кәсіпорындарды экологиялық сараптауларда, табиғат ресурстарын орынсыз пайдаланғаннан келетін шығынды анықтауда жобаланған шешімдердің экономикалық тұрғыда бағалау салаларында қызмет атқарады.

Ғылыми зерттеулерге, жобалауға, инженерлік жүйелердің орындалуына қатысады. Инженер-эколог басқарушы қызметтерде, инспекциялық-бақылауда, ғылыми-зерттеулерде жобалау іс-әрекеттерінде жұмыс істейді.

Тапсырмалар.

1.Мәтіндерді түсініп оқыңыз.

2.Радиация, радияциялық экология туралы не білдіңіз?

3.Мәтіндерден сөз тудырушы жұрнақтарды теріп жазыңыз.

4.Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып мәтіндердің мазмұнын қысқаша жазып алыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Қазақстан экологиясы» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақстанның табиғатын қорғау» тақырыбына реферат жазу.

3. «Қолданбалы экология» тақырыбына әңгіме жазу.

Тақырып. Жер құнары - өмір нәрі. Ақ бидай. Жерасты суларының маңызы. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Наши рекомендации