Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады

Түркияның «Dünya» атты алдыңғы қатарлы экономикалық газеті Қазақстанға арналған арнайы бысылымды жарыққа шығарды

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады - student2.ru

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады - student2.ru

Түркияда «Dünya» алдыңғы қатарлы экономикалық газетінің толығымен Қазақстан Республикасының жетістіктеріне арналған «Қазақстан» атты арнайы бысылымы жарық көрді.

Арнайы басылым Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен мақалаларды, сонымен қатар ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын және «Астана-ЭКСПО-2017» туралы ақпараттарды қамтыған.

Газет басылымының алғашқы беттері Елшіліктің түрік тіліне аударған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының негізгі қағидаларымен басталады.

Келесі тарауларда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың, ТР Экономика министрі Нихат Зейбекшінің және ТР Индустрия, ғылым және технологиялар министрі Фикра Ышыктың қазақ-түрік қарым-қатынастардың жай-күйі туралы, сонымен қатар Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың, саясаттанушылардың, академиялық қайраткерлердің және тағы басқалардың мақалалары басылды. Олардың мәтінінде тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның жетістіктері, Қазақстанның даму бағдарламалары, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өтуге дайындық, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға әзірлігі және басқа да мәселелер жоғары бағалануда.

Ф. Ышык «Қазақ-түрік қарым-қатынастар институционалды ынтымақтастықтың дамыған сипатына ие. 2012 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға сапары аясында Қазақ-түрік Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы, ал ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның 2012 жылғы Қазақстанға сапары аясында екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың одан әрі дамуының мықты негізі болатын «Жаңа синергия» атты бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қойылды», - деп атап өтті.

Газеттің редакторлары қазақ-түрік сауда-экономикалық ынтымақтастығына ерекше көңіл бөліп, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қазақ-түрік бірлескен компаниялар мен фирмалардың рөлін атап өтті.

Жалпы арнайы басылым түрік қоғамдастығының Қазақстанға және еліміздің жетістіктеріне қатысты қызығушылығын танытты.

«Dünya» газеті Түркияның ең танымал экономикалық газеті болып табылады. Газет Түркияның бүкіл аумағында, сонымен қатар Америка, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі дипломатиялық және басқа да өкілдіктерінде таратылады.

Түркия Қазақстанның ең маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 2014 жылы екі ел арасындағы тауарайналым 3,296 млрд. АҚШ долларын құраған (соның ішінде, экспорт – 2,2725 млрд. АҚШ доллары, ал импорт – 1,0235 млн. АҚШ долларын құраған).

Қазақстан-Түрік Үкіметаралық экономикалық комиссия екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің тиімді механизмі болып табылады (Теңтөрағалар: ҚР Инвестициялар мен даму Министрі Ә.Исекешев пен ТР Экономика Министрі Н.Зейбекші).

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады - student2.ru

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады - student2.ru

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады - student2.ru

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Саид, Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматоллозода және Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодамен екіжақты кездесулер өткізілді.

Д.Саидпен сұхбат барысында екіжақты ынытмақтастықты одан әрі нығайтумәселелері талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары сұхбаттасына Астанадағы халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы мен ҚР Президентінің «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бастамасы туралы баяндады.

Өз кезегінде Д.Саид екі ел арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейі мен қалыптасқан бауырлас қарым-қатынастарды атап өтті. ТР Үкіметінің атынан ол Тәжікстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растап, Астанадағы көрмеде Душанбе қаласының лайықты ұсынылатынына сендірді. Ол, сонымен бірге, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының негізгі жұмыстары тәжік басшылығының экологиялық таза гидроэнергетиканы пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, жаңа технологиялар трансферті бастамаларымен үндес келетіндігіне назар аударды.

Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматоллазодамен кездесуде сұхбаттастар Астанадағы халықаралық көрмеге Тәжікстанның қатысу мәселелерін талқылады. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оған қатысу ережелерінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

Р.Жошыбаев баламалы энергетиканы жасау және қолданудың жаңа импульсын, әлемнің үздік технологияларын ұсыну мүмкіндіктерін беретін және энергетикалық тиімді бағдарламалардың алға жылжуына көмектесетін аталған көрме аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар, сонымен қатар, тау-металлургия өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлемдік экономикадағы теріс беталыстарға қарамастан үдемелі дамуы атап өтілді.

ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодамен өткен келіссөздердің барысында қазақ-тәжік екіжақты қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, түрлі деңгейлердегі сапарлармен алмасуды ұйымдастыру және қазақ-тәжік үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырысын өткізу, сондай-ақ Тәжікстанда Қазақстан Мәдениет күндерін өткізу мәселесі қарастырылды.

Наши рекомендации