Тақырып № 3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кезкелген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік. Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады. Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады: Шаруашылық байланыстар ыдырады;

Материалдықтехникалық қамтамасыз ету бұзылды; Өнімді өткізу күрт төмендеді; Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады. Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды. Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді.

Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады. Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады. Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады. Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу. Венчурлық бизнес.

Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады. Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі. Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары.

Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылымитехникалық фирма. Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауарақша, саудаайырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу сату бойынша келісімдер. Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады. Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады: Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау; Келесі сату үшін тауарды сатып алу; Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау; Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу; Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару; Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;

Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу; Келісімді тіркеу, салық төлеу. Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржықарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды. Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында. Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады. Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.

Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет. Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады. Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді: Мәселені анықтау (диагностика); Шешімдерді, жобаны жасау;

Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру. Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін. АҚШта жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды. Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз қабылданбайды. Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді. Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді. Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, саудакоммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады. Сақтандыру кәсіпкерлігі.

Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды. Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.

Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет. Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз байланысады.

Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді.

Тақырып № 4.Жеке және ұжымдық кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыруқұқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

· Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;

· Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;

· Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;

· Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;

· Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыруқұқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т.б.

Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Ұйымдастыруқұқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің қатысушылары екі топқа – толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.

Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыруэкономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржыөнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн –қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация –экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылымитехникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум –ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылымитехникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат –бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель– бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыруэкономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру.

Наши рекомендации