Көшпенділер мәдениетінің ерекшелігі.

1. О. Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеялары.Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған.

1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.

Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).

1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.

1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Ал шын мәнінде Олжас Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен “Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жа­қын­дасумен, бауырласумен өткенін, ха­лықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпа­раттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің “товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезі­нен “ура” сияқты сөздер ғана ауысады. “АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше ау­дар­ғанының басты себебі – менің “Игорь жасағы жайындағы жыр­дың” ең алғашқы қостілді оқырманы бол­ғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал келтірейін. Жырда “Се уримъ кри­чатъ подъ саблями по­ловецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудар­машылар оны “се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде “третий Рим” деп атағанын еске түсір­ген. Одан да болмаған соң Переяслав князді­гін­дегі Римов деген қаланы еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз бәрі оп-оңай орнына келе қалады. “Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі. Әйелдің өрім шашы. Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда әйелдердің ша­шын кескен, сөйтіп қорлаған.

Талайлар менің түпкі ойымды тым қарабайырлатып түсіндіреді. “АЗ и Я” кітабы тап бір “Игорь жасағы жайындағы жырды” қазақ жазған деп дәлелдейтіндей айтады. Бұл – күлкілі нәрсе. Мен ол жырды қос тілді меңгерген адам шығаруы, нақты айтқанда, түркі тілдерін де білетін орыс адамы шығарған болуы мүмкін деймін. Тап-таза тілді табу мүмкін емес. Корей тілінің 75 пайызын қытай сөздері, француз тілінің 25 пайызын араб сөздері құрайды екен. Солардың соған намыста­нып жатқанын естіп көрмеппін. Ал өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ұлыдер­жа­ва­лық өркөкіректік орыс тіліне түркі сөздері араласқан дегеннің өзін кешіре алмады. Өркен жайған мәдениет – өзгелермен ұдайы, жүздеген жылдар бойы араласып-құраласудың жемісі. Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің белгісі емес, бұл оның даму үстіндегі тіл екендігінің белгісі.

2. Көшпенділер мәдениетінің ерекшелігі.Мәдениеттің ең басты құрамдас бөліктері қатарында поэзия мен музыка аталуға тиістігі талассыз. Бұл талассыз болса, онда түркі халықтарының дәл осы поэзия мен музыкада ешкімге дес бермейтіндігі тіпті талассыз. Өмір сүру салтына байланысты айтсақ, мысалы, ең таза музыка ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтын сақтап келген халықтарда екендігі даусыз. Ал отырықшылыққа ауысқан түркі халықтарында музыка көбіне сөздің немесе бидің сүйемеліне айналып кеткені белгілі. Көп нәрсе қалай түсіндіруге байла­ныс­ты. Батыстағы әдебиетте ғұндар талай уақыт бойы жабайылықтың баламасындай болып бейнеленді. Ақиқатында сол замандағы герман тайпалары әлеуметтік, мәдени дамуы жағынан Еуропаға келген ғұндардан көп төмен тұрған. Германдық­тар ғұндардан тұтас дүниетаным жүйе­лерін қабыл алған. А.Плетнева сияқты­лардың көшпенділерге мәдениет жат деген сөзінің түкке тұрғысыз екендігін тек Эрмитаждағы скиф алтын өрнектері-ақ даусыз дәлелдей алады. Ал олар клас­сикалық көшпенділер ғой.

Көшпенділер сөздің толық мағына­сында мемлекет құрмаған деген ғылыми негізсіз тұжырымдама десе де болады. Әдеби жазба тіл – мемлекет­тіліктің басты белгісінің бірі. Орхон мен Енисей бойларында сонау VІІІ ғасырда тасқа қашалған жазулардың тілі ғажап дүние. Әрі икемді, әрі қуатты тіл, ең кернеуі мол сезімдерді, поэтика­лық ойдың ең нәзік нақыштарын жеріне жеткізіп айта білетін тіл. Еуропа мен Азиядағы талай отырықшы халықтар ол заманда мұндай байлыққа қол жеткізбеген болатын. Көшпенділер тіпті сол Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе жасамаған болса да, әлем мәдениетінен ойып тұрып өз орнын алар еді.

Ежелгі түрік тілі Орхон-Енисей мәтін­дерінде ғана, басқа мәтіндер жоқ, ал бұл мәтіндер оғыз-қарлұқ тілдерінің нормаларына сай деген ұғым бар. Түркологиядағы догмалардың біреуі осы. Кейбіреулер осыдан шығарып, ол заманда қыпшақ тілдері болмаған деуден де тайынбайды. Олар қыпшақ тілдері оғыз тармағынан өрбіген дегенді айтқысы келеді. Сонда қыпшақ тілдерінің жасы біздің заманымыздың орта ғасырларынан бері қарай есептелетін болып шығады. Ал дұрысында, қыпшақ және оғыз тілдерін салыстырып қарасаңыз, ежелгі оғыз тілді жәдігерліктерден ап-айқын кипчакизм­дерді көресіз, олар грамматикадан да, лексикадан да танылып тұрады, мұның өзі екі тілдік бұтақтың да орхон-енисей жазбаларынан көп бұрын болғанын әрі бір-бірімен байланыстылығын айқын­дайды.

Дәріс 11.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың

Наши рекомендации