Сурет. Қоймадан босату талабы

Өндіріске босатылған материалдардың есебі «Қоймадан босату талабы» деген құжат негізінде бақыланады. Қойма меңгерушісі талаптаманың мәліметтеріне сәйкес қоймалық карточкаларға «Босатылды» деген графасына жазулар енгізеді. Сосын талап бухгалтерияға жіберіледі. Қоймадан босату талабының типтік көрінісі 5.2-суретте бейнеленген [11, 67б.]. Қоймадан босату талабын бухгалтерия алғаннан кейін, онда тізімделген материалдардың әрбір түрлері бойынша сомасы мен бағасы қойылады. Босатылған материалдардың әрбір түрі бойынша осы мәліметтер қорларды көрсететін Бас кітаптың сәйкес шотының «Алынды» деген белгісі бар графасынан алынады.

Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Алынған тауар туралы хабарлама (ТАХ)   Қоймадан босату талаптары
Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Қоймалық есеп карточкасы
Қабылдап алынды   Босатылды
жазу жазу
  Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru    
Шот-фактураның мәліметтері бойынша бағалау   Айналым ведомосының мәліметтері бойынша бағалау
Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Айналым ведомосы (Бас кітап)  
Алынды (дебетке жазу)   Босатылды (кредитке жазу)
жазу жазу
Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Сурет. Қоймадан босату талабы - student2.ru Негізгі материалдар   Қосымша материалдар
Тапсырыс шоттары   Үстеме шығындар шоттары
жазу жазу

5.3-сурет. Материалдарды есепке алу процедурасының сызбасы

Талаптағы ақпараттар, Бас кітаптың әр түрлі шоттарынан, олардың «Мөлшерін», «Бағасын», «Сомасын», тиісті графаларына көшіріледі және материалдардың нақты түрлері бойынша әрқайсысының қорытындысы және мөлшерінің балансы есептелінеді. Таңдап алынған бағалау әдісіне байланысты босатылған материалдың әрқайсысының құнына не тапсырыс нөмірі бойынша тиісті шығындарына енгізілуі керек, не тиісті үстеме шығындарға жатқызылады, бұл кезде қажетті ақпараттар бастапқы құжаттардан алынады. Материалдардың есептік процедурасы 5.3-суретте сызбамен көрсетілген [11, 69б.; 34, 114б.].

Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойыншы барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, қосымша материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін қосымша материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланады (мысалы, краска, лак, клей т.с.с.). Қосымша материалдар жалпы өндірістік үстеме шығындардың құрамында есепке алынады.

Материалдарды тасымалдау бойынша шығындарды есепке алудың екі жолы бар:

(1) тікелей шығындар ретінде есепке алу. Бұл әдісте олар материалдардың сатып алу бағасына енгізіледі, сондай-ақ тасымалдау шығындарының сомасы келіп түскен материалдарға арналған накладнойда жеке көрсетіледі. Тасымалдау шығындары бірнеше келіп түскен материалдардың арасында материалдардың құны немесе олардың салмағы бойынша бөліп таратылады;

(2) егер тасымалдау шығындарының сомасы үлкен болмаса, онда олар жанама шығындар ретінде өндірістік үстеме шығындарға жатқызылады.

Материалдардың ішкі орын ауыстыру шығындарына материалдарды қабылдап алу, сақтау, босату және олардың ішкі орын ауыстыру шығындары жатады. Бұл шығындарды немесе тікелей шығындары ретінде есепке алады, немесе жанама шығындарға жатқызады. Бірінші жағдайда материал бағасының құрамында «ішкі орын ауыстыру» бойынша деген жеке норма бекітіледі.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезең соңында қалған материалдардың қалдықтарының құны -- Есептік кезең басына қалған қалдықтардың құны ++ Кіріс болған материалдар Һ= Шығыс болған материалдар

Наши рекомендации