БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. 1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде?

1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде?

2. Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі қандай қайта бөлгіштік үдерістерді тудырады?

3. Бюджеттен тыс қорлар қалай сыныпталады?

4. Қазақстан Республикасында дағдарыстық жағдай кезінде бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінің қандай проблемалары болды?

5. Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың және пайдаланудың ерекшеліктері мен тәртібін баяндап беріңдер.

6. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін өздеріңе белгілі экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорларын сипаттаңдар.

7. Ұлттық әл-ауқат қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібін баяндаңдар.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арналымы қандай? Қордың қалыптасу және пайдалану тәртібін баяндаңдар.

9. Шағын кәсіпкерлікті дамуту қорын құрудың мақсаты неде? Қорды қалаптастыру және пайдалану тәртібін баяндандар.

І7-тарау. Мемлекеттік кредит

Пен мемлекеттік борыш

Мемлекеттік кредиттің мәні

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мем­ле­кет­тік­ кре­дит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарым­ды­лы­ғын­да,­ мер­зім­ді­лі­гін­де­ жә­не­ ақы­лы­ғын­да. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:

Жекеше кредит

Мемлекеттік кредит

1) өндірістік мұқтаждар үшін жұ

1) өндірістік және өндірістік емес

мылдырылады;

мұқтаждар үшін жұмылдырылады;

2) несие капиталы жұмылдырыла

2) төлем және сатып алу қаражат

ды;

тары жұмылдырылады;

3) өтеу қосымша өнім немесе өн

3) өтеу бюджет кірістірінен (негі

діріс үдерісінде пайда болатын құннан

зінен салықтық түсімдердің есебінен)

жүргізіледі;

жүргізіледі;

4) капиталдың қолдану сферасын

4) капиталды қолдану сферасын

(өндірістік сфераны) кеңейтеді.

тарылтады.

Мемлекеттік кредиттің көз­де­рі – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда бола- тын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет кредиттік ресурстарды:

1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;

2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;

3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:

4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражат- тар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:

1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды – өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының ұдайыөндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта­ бө­лу­дің­ қо­сал­қы­ функ­ция­сын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу»).

Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы – рет­теу­ші­ функ­циясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.

Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (17.1 сызбаны қараңыз).

Іш­кі кре­дит­те мемлекеттік - кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда: – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. 1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде? - student2.ru

Ха­лы­қа­ра­лық кре­дит­те қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шарт­ты­ мем­ле­кет­тік­ кре­дит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді – қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Наши рекомендации