Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы

Экономиканың циклдық теориясы оның өсу теориясы сияқты экономиканың динамикалық теориясының маңызды бөлігіне жатады. Бұл теориялар арқылы экономикалық жүйенің дамуы, қозғалысы түсіндіріледі. Макроэкономикалық тепе-теңдік келісімділікпен өзара байланыстылығы, экономикалық құбылысының тепе-теңдігіне осы келісімділіктің оқтын-оқтын бұзылынуының қайталануы арқылы қол жетеді. Макроэкономикалық үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат. Бұл өзгерістер экономикалық циклдарды - жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің оқтын-оқтын тұрақсыздығын сипаттайды. Көрсеткіштер динамикасы экономикалық конъюнктураны көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде конъюнктура теориясы деп те атайды.Циклдар бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі кақыт интервалын анықтайды. Цикл графика түрінде 5-ші суретте берілген. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңді бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Қазіргі замандағы жағдайларда циклдар өздеріне экономиканың мемлекеттік реттеушілік ықпалын бастан кешіп отыр және классикалық нұқсадан сипаты мен ұзақтығы жағынан айрықшаланады. 5-ші суретте екі кезеңді: құлдырау мен өрлеуді бөліп алатын қазіргі заманғы түсініктеме берілген. Сөйте тұра кез келген ағым ерекшелігінде (5-ші суретті қараңыз экономикалық циклдың конъюнктураның сатыларына тән өзіндік белгілерін айыруға болады.

Экономика ғылымында экономикалық циклдардың интегралды теориясы болмайды. Әртүрлі мектептердің экономистері циклділіктің әртүрлі себебтеріне көңіл қояды. Мысалы, циклділікті сыртқы факторларымен (экстерналды) байланыстыратын теориялар себебтерінің ішінен соғыс, төңкеріс, бағалы ресурстардың ірі кен орнын табуды, технологияны өзгертетін жаңалық ашуды және өнер табысын атап өтеді. Циклділіктің себебтерін экономика үшін ішкі мән-жайлардан деп білетін тұжырымаларды: негізгі капиталдың ұсталу мерзімі секілді, ақша массасының тұрақсыз мөлшері, инвестициялар, жинақтау, тұтыну, мемлекеттің экономикалық саясаттағы өзгерісі секілді факторлар бөліп шығады. Көптеген экономистер циклділіктің басты себебі - тұтас шығындардың тұрақсыздығы деп санайды.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Циклдың фазалары: 1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия). 2. Тоқырау (стагнация). 3. Жандану. 4. Өрлеу (бум).

Экономикалық цикл

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасыкелесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Экономикалық циклдар созылмалдығы жағынан: қысқа мерзімді (2-4 жыл), орта мерзімді (10-12 жыл) және ұзақ мерзімді (50-60 жыл) болып бөлінеді. Циклдар бір-бірімен қабаттасып, бір мезгілде жүреді. Мұндайда қысқа цикл ауқымында тепе-теңдікке тұрақты құрылымдарға сұраныс ауысады, ұзақ мерзімді цикл өндірістің технологиялық тәсілінің өзгеруіне байланысты шығады (5-ші суретті қараңыз).

Экономикалық циклдың қазіргі модельдеріндегі талданатын конъюнктуралы тұрақсыздықтың себебтері инвестиция динамикасы мен ұлттық арасындағы тәуелділікті қалыптастыратын мультипликактор мен акселатордың өзара әрекеттестігі. Көлемдерді қалыптастыру және теңестіру үрдістері өзінің стратегиялық мақсаттары мен өзара бәсекелестікті көздеген экономикалық субъектілердің үйлестіру әрекеттерінің жоқтығына байланысты..

36/Экономикалық теория және экономикалық саясат.Экономикалық теория— бұл ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым:

қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым;

өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер. Экономикалық Теория неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономикалық-өндірістік қатынастардың теориялық тұжырымы экономикалық категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді.

37. Ақша мəні мен қызметі. Ақша түрлерінің эволюциясы. ҚР/да ұлттық валютаның пайда болуы мен бекітілуі. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі жəне тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар жəне ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді жəне оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мəні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады. -жалпыға тікелей айырбасталу; -айырбас құнының дербес формасы; -еңбектің сыртқы заттық өлшемі; Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы Өңдеу Ақшаның əрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі əлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: -құн өлшемі, -айналыс құралы, -төлем құралы, -қор жəне қазына жинау құралы, -дүниежүзілік ақша. Ақшаның түрлері Өңдеу Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар жəне толық құнсыз ақшалар. Толық құнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен жəне алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар əр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс жəне жаны — гурт деп аталады. Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді. Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда жəне Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған: алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нəтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады. жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті жəне тауар айналымын ынталандырмады. Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды жəне соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нəтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды. Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады: Құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар жəне несиелік ақшаларға. Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын жəне күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты. Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай: металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған əрекетінің нəтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі; бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі; эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы; бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда жəне 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия жəне т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары жəне Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нəтижесінде айналымнан алынды. Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын жəне металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы жəне төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз жəне құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін жəне төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады. Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу жəне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, жəне чек. «Вексель» сөзі ағылшынша bill note — міндеттеме шоты дегенді білдіреді. Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жəне белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай жəне аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген: —Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нəрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель. — Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нəрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі жəне мұндағы əр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді. Жай жəне аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық əдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық. Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме. Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады. Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі. Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді. Вексельдің келесідей өзіне тəн қасиеттері бар: дерексіздік, яғни вексельде мəміленің нақты түрінің көрсетілмеуі; даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі; айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуы. 1.1. Ұлттық валютаның қалыптасуы мен дамуы (тарихи аспектілері). Ұлттық валютаны еңгізгенге дейін Қазақстанның саяси үстанымы ТМД елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шывдығында, біріңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға жəне өзара тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық басшылықпен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы үзаққа бармады. Ресейлік рубльдің еңгізілуі шын мəнісінде ыдыраудың басталуын білдірді жəне басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын еңгізуге итермеледі. Қазақстан теңгені тура 12 жыл бүрын еңгізді. Тарихи даму түрғысынан бүл мерзім көп емес, бірақ экономикалық түрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті. Теңгені еңгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың каңтарында бағаны əкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаны ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп түтыну, өнеркəсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты. 1992-1993 жылдарғы ақша жиынының бақыланбай үлғаюы жəне банкілердің кəсіпорындарды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік сомдарды лақтыру, салу инфляция қарқынынүдете түсті. 1992-1993 жылдары еліміздегі инфляция деңгейі 2960,8 пайызды жəне тиісінше 2165,0 пайыздық көрсеткішті қүрады, сөйтіп экономикадағы дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейін республикалар арасындағы шаруашылық байланыстарын үзілуі, кəсіпорындардың қаржылық ахуалының нашрлауы, олардың негізгі жəне айналымдық капиталының, халықтық жинақ ақшаларының қүнсыздануы республиканың инвестициялық əлеуметін күрт қысқартгы. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі бағаның қарқынына ілесе алмады. Соның нəтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа үшырады. Осы үддерістер экономикадағы жиынтық сүраныстың күрт қықаруына əкеп соқты, ақыр соңында шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992 жылы 5,3%-ға , ал 1993 жылы 9,2%-ға келді. Ұлттық валютаны еңгізу жөнінде алдын ала жүмыс босалқы нүсқа ретінде 1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны еңгізу жөнінде бағдарлама жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана ҚР-ның Президентінің 1993 жылдың 3 қаращасындағы Жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютаны еңгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы жəне оны еңгізуге байланысты іс-шараларды жүргізу қажет еді. Валюталық тізімді үйымдастыру саласында күрделі мəселелерді шешу күн тəртібінде түрды. Валюталық бақылаудың дəрежесі мен нысандарын түбірінен өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды қамтамасыз ететін уəкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың міндеттерін айқын белгілеу керек еді. Сондай-ақ реттелетін қүбылмалы айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды. Ұлттық валютаны еңгізу түсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, қарама-қайшы жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын валюталық қорды қүра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры қүрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың жоқтығынан қатаң қүпия түрде ең қысқа мерзімде Үлыбританияда басып шығарылды.

38. Дəстүрлі жəне қоғамдық, нарықтық аралас экономика. Ақпараттық экономика. Экономикалық жүйе — бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. Əлемдік экономикалық əдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: 1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша; Осындай əдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дəстүрлі экономика; ə) əкімшілдік — əміршілдік экономика; б) еркін бəсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика; в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика. Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық. а) дəстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дəстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі. б) еркін бəсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік жəне тауар өндірушінің еркін бəсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық жəне рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды жəне оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі қызмет жасайды». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі əрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады жəне жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады жəне экономика бүлінеді. Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері б) əкімшілдік — əміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бəсеке жəне оны тереңірек талдау құбылысы əкімшілдік — əміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Əміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады». Əкімшілдік — əміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік жəне ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады жəне жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Əкімшілдік — əміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады. Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ – тық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі – барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды. Екіншіден, кəсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кəсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтан да орталық ұйымдар экономика жəне тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды. Осының барлығы əкімшілдік — əміршілдік экономиканы тиімсіз етеді жəне оны əртүрлі тапшылыққа алып келеді. в) қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», əрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дəстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) жəне «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты жəне жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» — деп жазған болатын Пол Самуэльсон. Əлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: əлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «…адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу». Аралас əлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% — ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы əлеуметтік мақсатқа бағытталады. Іргелі əлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кəсіпорынға жүктеледі, себебі бəсекелестік негізде іс — əрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық əлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, əлуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі». Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас əлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бəсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс — əрекетке негізделеді. Олардың əрқайсысы жалпы экономикалық жəне əлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. Қандай да бір экономикалық жүйедегі əртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай боолу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дəуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кəсіпкерлер өзара еркін бəсекелесті. Бұл еркін бəсеке дəуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның əсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кəдімгідей өсе бастады. Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бəсеке жағдайында, нарықты реттеу дəуірінде меншік түрлерінің құрылымы кəдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын жəне мемлекеттік меншік 15 – 20% — ды құрайды. Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Ақпараттық экономика- қоғамдық компьютерленген инновациялық интелектуалды ұдайы өндіріс экономикасы (өндіріс, өнеркəсіп, жинақтау, ауысым, материалдық, рухани айырбас, жиынтық қоғамдық өнімді оның материалды не рухани іске асырылған түрлерін тұтыну жəне тарату). Ақпараттық экономика қоғамдық өндірістің жəне тұтынушылыктын қоғамдану жəне даму кезеңдерінің бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың басында ақпараттық экономика əлеуметтік- шаруашылық құрылымдар қоғамдануының ең жоғары құрылымы болып жəне индустриалды даму дəуірінен кейінгі өнеркəсіпке негізделеді. Сонымен, ақпараттық экономика - экономикалық адамдар технологиялар жəне əртүрлі меншіктің қалыптарын қолдану жағдайлардағы қарым қатынастар. Ақпараттық экономика əдісі ақпараттық экономикалық синергетика, трансакциялық шығындар теорияларының əдімнамасынан,қазіргі жедел аутсорсинг жəне ренжинеринг экономикалық үрдістерінен шығады.

Наши рекомендации