Бап. Монополистік қызмет

1.Нарық субъектілерінің монополиялық жогары (төмен) немесе келісілаен бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап туруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынган тауарларды (жумыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуга аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып any шарттары, саны не багасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе са-тып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге багытталган өзге де іс-әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымга немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс алуымен ұштасса -

2. Бірнеше рет жасалган не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы не адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстың топ жасаган;

2) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе Бұлдіріп не оны жою немесе Бұлдіру ңатерін төндіріп жасалған іс-арекеттер, қорқытып any белгілері болмаган кезде –

Қылмыстық кодекстің 221-бабында «Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен немесе келісілген бағаларды белгілеуі жэне (немесе) үхтап түруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, са-тып алу шартары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеу, тауар нарықтарының аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлу, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де эрекеттер, егер олар азаматқа, ү_йымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектілерінің ірі мөлшерге табыс табуымен ұштасқан эрекеттер үшін» қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық белгілеген.

Нарықтық экономиканың басты белгілерінің бірі нарықтық зандардың өзін-өзі, яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің жэне дамуының басты шарттарының бірі болып бэсекеге негізделген зандардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бірақ нарықтың өзін-өзі ретке келтіру процесінде сан қилы бэсекені әдейі шектейтін нысандарды туында-тады. Мүддай ретте мемлекет құқық нормаларын ретке келтіру жэне қорғау мақсатымен экономикалық қызмет субъектілерінің қызметіне араласуға міндетті. Экономика сала-сында шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы заңсыз үстемдікке жол бермеу, эр түрлі қиянаттарын тойтару мақсатымен мемлекет антимонополиялық реттеу арқылы экономикаға мемлекеттік ықпал етеді. Мемлекеттің монополиялық (мемлекеттік жэне табиғи) реттеуінің қүдықтық базасы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілде-де қабылданған «Табиғи монополиялар туралы» Заңы болып табылады. Осы түрғыдағы қоғамға қауіпті іс-эрекет қылмыстық қү_қық бұзушылық ретінде қарастырьшып, оның жауаптылығы ҚК-тің 221-бабында көрсетілген.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - адал бэсекеге негізделіп, нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектілерінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық кү-қық бұзушылық объективтік жағынан мынадай эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

1) монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен үхтап тү_ру; 2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) қайта сатуға, бөлуге шектеулер қою; 3) бэсекені шектеу монополиялық іс-эрекеттер жэне бэсекені анықтау зандарына сэйкес монопо-листік іс-эрекеттер бэсекені шектеуге, тежеуге немесе жоюға жол бермеуі қажет. Осыған байланысты монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен үстап тү_ру заңға қайшы эрекет болып табылады. Монополиялық жоғары баға белгілеу деп тауар нарығында үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектісінің, сапасы төмен тауа-рына көтеріңкі, жоғары баға қойып оған жүмсалған шығынын өндіріп алумен бірге одан пайда табуын айтамыз.

Монополиялық төмен бағаны белгілеуге нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектілерінің өзара келісіп бэсекені шектеу мақсатымен, бэсекелесін нарықтан ығыстыру үшін сатылатын тауарға көрінеу төмен баға белгілеп сатып алу,

сөйтіп тауар өндірушіге зиян келтіру, тауар сатушылардың есебінен қосымша пайда табу сияқты эрекеттер жатады.

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінен сатып алынған та-уарларды (жү_мыстарды, көрсетілген қызметтерді) қайта сатуға аумақтык белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеу не-месе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алу көлемі, сатушылар мен сатып алушылар тобына сэйкес қосу эрекеттері арқылы көрініс табады.

Бэсекені шектеу - рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе үхтап тұру әрекеттері арқылы көрініс табады.

Рынокты бөліп алу дегеніміз тауар өндірушілердің өзара келісіп сауда алаңын өзара бөліске салып, басқа тауар өндірушілерді сол жерге кіргізбеу амалын жасауы болып та-былады. Немесе қаржысы көп кәсіпкер сауда орнындағы барлық қоймаларды, тауар сата-тын, сақтайтын орындарды жалға алып, оны мақсатты пайдаланбай, басқа субъектілердің рынокқа кіруіне қолдан шектеу жасайды. Кэсіпкерлер өзара келісіп басқа субъектілерді ығыстыру мақсатымен тауарларға бірыңғай жоғары немесе төмен баға белгілеп белгілі бір уақытқа үстап тү_руы мүмкін, сөйтіп олар рынокта өздерінің үстемдігін орнату арқылы басқа кэсіп-керлерді сол орыннан ығыстырып шығарады. Осы көрсетілген эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе нарық субъектілерінің ірі мөлшерде табыс алуымен үлггасса, қылмыс қү_рамы аяқталған деп таньшады. Осы қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамы материалдық құрамға жататындықтан қоғамға қауіпті іс-эрекет пен оның зардабының арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Ірі залал түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағында берілген.

Ірі мөлшердегі табыс түсінігі 3-баптың 38-тармағында көрсетілген.

Субъективтік жағынан қылмыстык қүқық бүзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың субъектісі - кэсіпкерлер немесе коммерциялық ү_йым жетекшілері.

Қылмыстық кодекстің 221-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын бел-гілері көрсетілген: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойын-ша; 4) адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған эрекеттер.

Қылмыстық кодекстің 221-бабының 3-тармағында 1) қылмыстық топ; 2) жалған көрсетілген қылмысты ерекше тэсілмен істеу арқылы монополиялық баға белгілеуге не-месе бэсекені шектеуге қол жеткені үшін жауаптылық белгіленген. Бү_л күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып не Бұлдіріп, не оның мүлкін жоямын немесе Бұлдіремін деп қорқытып жасалған (қорқытып алу бел-гісі жоқ) эрекеттер болып табылады.

Бұл жерде қорқыту қылмыстық құқық бүзушылықтың тэсілі ретінде қарастырылады. Осындай қорқыту эрекеттері арі^ылы субъект монополиялық баға белгілеп бэсекені шек-теуге әрекет етеді немесе мақсатына жетеді. Мү-ндағы күш қолдана, күш қолданамын деп қорқыту, мүлікті жою, Бұлдіру, немесе мүлікті Бұлдіремін, жоямын деп қорқытудың түсінігі ҚК-тің 194-бабындағы осындай түсініктермен бірдей. Егер кінэлінің іс-әрекеті жоғарьвда көрсетілген эрекеттерді істеу арқылы мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді талап етумен ұштасса, онда оның әрекеті Қылмыстык кодекстің 194-бабымен саралана-ДЫ.

Наши рекомендации