Курорттық факторлар: түсініктер, классификация, емдік және денді сауықтырумақсаты мен пайдалануы.

Санаторлы – курорттық емдеу мен демалудағы әлеуметтік – мәдени қызмет жеке тұлғалардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен анықталады.

Санаторлы – курорттық қызметке келесі факторлар жатады:

материалдық жағдай мен бос уақыт демалысы;

емделу мен демалу түрлерінің сан алуандылығы;

өз еркімен санаторлы – курорттық емделуге, аурудың алдын алуға қатысу;

емделу мен демалудың ұлттық – этникалық және жергілікті салт – дәстүр ерекшеліктеріне байланыстылығы.

Ересектер, жастар және балалар үшін емделу мен демалуды таңдағанда жалпымәдениеттілік, танымдық, саяси, әлеуметтік, мамандандырылған, тұрмыстық және отбасылық қызығушылығына мән берген жөн. Сонымен қатар, емделу мен демалу әртүрлі формада болатынын есте сақтаған дұрыс. Мысалы, тұлғаның жеке бағытының болуы, белгілі бір мақсатқа бағытталу немесе мәдени және тәрбиелік мақсаттар.

Қызметтің айтылған түрінде міндетті түрде қажеттіліктер мен қызығушылықтарды, мотивтерді ескерген жөн.

Қажеттіліктер мен қызығушылықтар бастапқы қозғаушы күш ретінде жеке тұлғаның сауықтыру орындарын таңдағанда қоршаған ортамен байланыстағы маңызды құбылыс болып табылады. Оңтайлы түрі қажеттіліктердің сәйкестілігі мен қызығушылықтарды қанағаттандыру мүмкіндігі, сонымен қатар бос уақыт мөлшері мен материалдық ресурстар деңгейі.

Мотивтер санаторлы – курорттық демалу мен емделудегі маңызды міндетті бөлік болып табылады.

Қажеттіліктер мен қызығушылықтар бағыттарға айналып, ішкі қозғаушы күш – мотивтерді қалыптастырады. Олар санаторлы – курорттық орын қызметкерлеріне сапалы сауықтыру өнімін жасап шығаруға, ал қарапайым адамдарға оны тұтынуға мүмкіндік береді.

Келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру тілегі, емдеуден, демалудан және басқа да сауықтыру әрекеттерінен ләззат алу, сезімталдық күш жігерін арттыру сауықтыру орындарының мамандарының қызмет ету мотивімен анықталады. Ал өзін – өзі таныту мен қарым – қатынастан туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру тұлғаның жеке мотивтеріне жатады. Топтық және жеке мотивтерді үндестіру – әлеуметтік – мәдени қызмет эффективтілігін көтеретін маңызды шарт.

Санаторлы – курорттық қызметтің басты мақсаты тұлғаны сапалы ем және сапалы демалумен қамтамасыз етуге тіреледі.

Ал санаторлы – курорттық қызметтің міндеттері:

мамандардың тиімді шешім қабылдау мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында сауықтыру орнының ресурстарын мобилизациялау;

ұйымдағы толық емдеу мен демалу арқылы тұлғаның физикалық және психологиялық жағдайын қалыпты жағдайға жеткізу;

Мотивациялық механизм емделуге деген қажеттілік қанағаттандырылғаннан кейінгі белгілі бір нәтиже байқалғаннан кейін емделуге деген қызығушылық пайда болады (мысалы, Кавказ минералды су көздеріне бару), ал қызығушылық – мотивке айналады (мысалы, жүрек – қан тамырлар жүйесі ауруларының алдын – алу мақсатынды тексерілуден өту).

Санаторлы – курорттық қызметке келесі қасиеттер тән: көлемі, жеке психологиялық құрамы, байланыс жолдары, формальді ерекшеліктер, қызмет көрсетушілер құрамы және т.б.

Соңғысына кіреді:

Басқарушы – санаторлы – курорттық өнімнің бағытын анықтаушы тұлға, ол ұйымның ішкі және материалдық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады, қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз етеді және өзіндік функциялар атқарады.

Санаторлы – курорттық қызметтің эффективтілігі қызметкерлердің шығармашылық қарым – қатынастары мен қызметті пайдаланушыларға байланысты болып келеді. Шығармашылық өзін – өзі дамыту – тұтынушыларды сапалы сауықтыру бағдарламаларымен қамтамасыз ету мүмкіндігінен пайда болатын қызметкерлердің маңызды әрекеті.

Санаторлы – курорттық орын қызметкерлеріне шығармашылық көшбасшылыққа ұмтылатын шығармашылық бәсекелестік тән, сондықтан да ұжымның көптеген қызметкерлерінің қызметтің қыр – сырын меңгеретін арнайы білімдері бар. Ұжымдық маңызды әрекеттер, қалыптылық пен орнықтылық – ұжымның көзге көрінер кескіні. Ол қызмет түрі мен қызметкерлердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Санаторлы – курорттық әрекеттегі әлеуметтік – мәдени қызметтің эффективтілігі жұмыс нәтижесімен, жарияланған нормативтік және әлеуметтік талаптармен анықталады және келесі жағдайлармен бағаланады:

Сандық критерий бойынша – бұл сауықтыру орындары мен оған қатысушы тлғалардың саны.

Сапалық критерий бойынша – нормативті тапсырмаларды шешу, санаторлы – курорттық өнімнің тақырыптық және жанрлық әртүрлілігі, қызметкерлердің әлеуметтік – мәдени барабарлығы.

Қанағаттану критерийі бойынша – қызметке қатысушылардың мәдени қажеттіліктері (курорт қызметкерлері мен тұтынушылар).

Сонымен, санаторлы – курорттық емделу мен демалудағы әлеуметтік – мәдени қызмет – бұл адамдардың салауатты өмір салтын ұстанудағы ұйымдастырылатын және өткізілетін іс – шаралар кешені.

Санаторлы – курорттық орындар – әлеуметтік-экономикалық күрделі жүйе, экономиканың өнім өндірмейтін саласы, негізгі міндеті адамдарды сауықтыру демалысы мен толыққанды емдеумен қастамасыз ету болып табылады.

Әлемнің көптеген елдерінде сауықтыру орындар пайда түсіру жөнінен экономиканың ірі салаларының арасында жетекші орынға ие, оларды орналастыру орындарының, емдеу және тамақтандыру нысандарының, транспорт, ойын – сауық, сауықтыру, спорттық шаралардың үйлесімділігі ретінде қарастырады.

Санаторлы – курорттық бизнесте сауықтыру бағдарламаларының бағасы, қызметтер пакеті немесе орналастыруға кеткен өзге де шығындар, емдеу, тамақтандыру, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету, транспорт, демалыс, спорттық, экскурсиялық және басқа да шараларды біріктіретін жолдама маңызды болып табылады.

Санаторлық жолдама – көруге және сақтауға болмайтын заттық емес құбылыстардың арнайы қызметтік жиынтығы. Олар тұтынушылар тарапынан сұраныс пайда болған кезде ғана қолданылады. Қызметтер денсаулықты жақсарту, демалу, жақсы көңіл – күй үшін емдік процедураларды қабылдағанда, табиғи және басқа да қонақжайлылық орындарымен танысқанда пайда болады.

Әдетте бұл қызметтер:

қосымша қызметтер кешені; тұтынушыға жеке пайдалануы үшін (бөлшек), сонымен қатар көтерме сатып алушаларға (делдал фирмалар, турагенттіктер) сатылған кешендер;

арнайы бөлімдік қызметтер – шетелдік паспортты рәсімдеу, сақтандыру, экскурсиялық бағдарлама, автомобильдерді жалға беру;

жеке тұтынушы тауарлары – каталогтар, анықтамалар, карталар, сөздіктер, жолбағдарлар және т.б.

Санаторлы – курорттық бағдарлама дайындап шығару – күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс, ол өзіне:

нарықтың сауықтыру қызметтері сегментіне маркетингтік зерттеулер жүргізу;

сауықтыру бағдарламасына жобаланған тұтынушылық сұраныс;

сауықтыру бағдарламасын жасауға, жарнамалауға, жылжытуға кететін шығындарды бағалау;

Фитотерапия
Қолдан жасалған физикалық факторлар
Табиғи – климаттық факторлар
Минералды сулар
Емдік саздар
Климат
Ландшафт
Рекреациялық және емдік дене шынықтыру
КУРОРТТЫҚ ФАКТОРЛАР
Психотерапия
Диетотерапия

Наши рекомендации