Мұнайбергіштікті арттыру

Қабатты гидравликалық жару Қабатты сұйықпен жару өнімді қабатқа əсер ету арқылы ұңғыманың өнімділігін көбейту, мұнайды алу темпін жылдамдататын жəне қабаттың мұнай бергіштігін арттыратын əдіс болып табылады. Қабатты сұйықпен жару өндірі ұңғымаларында да, айдау ұңғымаларында да қолданылады. Қабатты сұйықпен жару үдерісі екі этаптан тұрады: - бірінші этапта өнімді қабатқа жоғары қысымда жəне қажетті жылдамдықта жұмыс сұйықтығын айдайды, осының нəтижесінде коллектор жынысы жарылып, қолдан жасалған жарықтар пайда болады; - екінші этапта үдеріс біткен соң жоғары өткізгіштікті сақтап қалу жəне артық қысымды түсіру мақсатында қабатқа жарықтың қабырғаларын ашық күйінде ұстап тұратын жарықтарды кеңейткіш айдалады. Қабатты сұйықпен жару жүргізілген кездегі өнімділіктің көтерілу деңгейі жарықтың еніне жəне жарылған материалдың өткізгіштігіне байланысты. Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу зертханаларында жəне шетел компанияларының орталықтарында əртүрлі геологиялық жағдайларда қабатты сұйықпен жару технологиясын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, яғни жарудағы жұмыс сұйықтығын, жарықтарды бекіту материалдарын таңдау, айдаудың оптималды қысымы мен жылдамдығын, сонымен қатар қабатты сұйықпен жарудың кезеңін анықтау жəне т.б. қабатты сұйықпен жаруды жүргізуді жобалаудың жетілдірілген əдістері мен зертханалық зерттеулер гидрожару операциясының мақсималды экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Полимерлер химиясындағы зерттеулер, сонымен қатар қабатты жару технологиясындағы жетістіктер үлкен масштабтағы өңдеулерді жүргізуге мүмкіндік берді. 7600 м3 сұйықтық жəне 1300 т құм айдау арқылы өңдеу жұмыстары жүргізілген. Əдетте айдау темптері 0,8-16 м м3 /мин аралығында болады. Қазіргі таңда жарғыш материал концентрациясы 600- 960 кг/м3 аралығында өзгереді, жəне де операцияның басында бұл материалдың концентрациясы 120 кг/ м3 көлемінде болады, ал операция соңында 1700-1900 кг/ м3 –ке дейін өседі. Қабатты сұйықпен жару қондырғысы жоғары дəрежеде қиын болып кетті, ол көп мөлшерде құрғақ жəне сұйық қоспаларды дозалауға, сəйкесінше олардың жұмыстық сұйықпен араласуына жəне оларды əртүрлі концентрациядағы жарғыш материалдармен айдауға мүмкіндік береді. Кеңейткіш концентрациясы 2400 кг/м3 мөлшерге жеткен кездер сирек емес. Үлкен көлемді материалмен жұмыс істеу үшін, оларды сақтауға жəне тасымалдауға арналған арнайы қондырғылар жасалған, бұл олардың сұйыққа үлкен жылдамдықпен берілуін, жүйеге қоюландырғыштарды, фильтрация көрсеткішін төмендеткіш қоспаларды, полимерді деструкциялайтын реагенттер жəне БАЗ-ды енгізуді жəне дозалауды жеңілдетуге арналған.

5.Газбергіштік Газ ұңғымаларын пайдаланудың оптималды режимiн таңдау – газ алудың негiзгi проблемаларының бiрi. Газдың өзiнiң құнына кіретін барлық шығынның жартысы осы ұңғыма құрамына сәйкес келедi. Сондықтан, ұңғымалардан өнімді шексіз ұлғайту өндірістіңтехника-экономикалықкөрсеткіштерінің өсуіне әкеп тірейді. Алайда мұндай биологиялық, технологиялық, техникалық және экономикалық сипатты шектеулердi ескередi. Геологиялық себептер:1) берiктігі жеткiлiктi емес тау жыныстарының бұзылуы (құм, әлсiз

цементтелген құмдар);  
2) түп маңындағы қабат жыныстарының кейбiр бөлiгiн жою
нәтижесiнде;  

3) ұңғымалардың қоныш суымен сулануы (конустардың түзiлу). Бұл жағдайда ұңғыма өнiмдiлiгi нашарлайды, құрылғы жұмысы қиындайды, коллектор өткiзгiштiгi нашарлайды.

Ұңғыма маңында жыныстың бұзылу үрдісі (процесi) қиын және жеткiлiктi терең зерттелмеген. Нақты ұңғымалар бойынша қабаттың бұзылу бастамасы, ұңғымаларды жынысаулағыш аспап көмегiмен зерттеуде табылады. Ұңғыманың түп аймағының бұзылуын болдырмау үшiн, түп аймағының шекарасында қысым градиентiнiң тұрақтылық жағдайы немесе ұңғыма түбінің қабырғасындағы қысымның тұрақты төмендеуi қарастырылады. Газбергіштің шамасына өсер ететін негізгі фактор — қатты қазудың соңғы сатысындағы оның қалдық қысы-мы. Қаттың ең үлкен газбергіштігі қат қысымын мүмкін болатындай минимумге азайтқанда болады, ол кезде ұңғымалардағы сағалық қысымдар атмосфералық қысым-ға жуық немесе тіпті төмен де болады (ұңғымалардан газды вакуум арқылы алу). Алайда, бұл жағдайларда ұңғымалардың дебиті қысымдардың аз ғана төмендеу салдарынан өте төмен болады. Сондықтан, техника-экономикалық пікірлер бойынша газ шоғырын қазуды іс жүзінде ұңғымалар сағаларындағы қысым атмосфералық қысымнан көп болып тұрғанда-ақ тоқтатады. Есептеулердегі газбергіштіктің соңғы коэффициенті 0,7-0,8-ге тең мәндерді алады. Газконденсаттық кен орындарын қазу. Газконденсаттық кен орындарын қазу кезінде қысым төмендеген сайын газдан конденсат бөліне бастайды. Ең алдымен ең ауыр компоненттер, содан соң жеңіл компоненттер конденсацияланады. Газдан конденсат бөліне бастайтын қысым конденсацияның басталу қысымы деп аталады. Конденсат өндірілген газдан бетте де, қысым төмендегенде қатта да бөлінуі мүмкін. Соңғы жағдайда қаттың жынысы конденсатты жұтады да, оның айтарлықтай бөлігі қатта қайтымсыз болып қалады. Сондықтан газ-конденсаттық кен орындарын қазғанда ұңғымалар сағаларындағы қысымдар конденсация басталу қысымы-нан артық болуы керек жөне келесі айналымды үдеріс-тің сұлбасы бойынша жүргізіледі. Конденсаты бар газ ұңғымадан конденсаттық қондырғыға келеді, онда сөйкесті қысым мен температурада сұйық компоненттер бөлінеді. Содан соң, құрғақ газ қысымы ұңғымалардың қысымынан 15-20% көп болатын компрессорларда қысылады, осындай қысым астында айдама ұңғымалар арқылы қайтадан қатқа айдалады.

Наши рекомендации