Тақырып. Өндіріске техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

1. Кәсіпорынның сайман шаруашылығы

2. Кәспорынның жөндеу шаруашылығы

3. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығы

4. Кәсіпорынның көліктік қызметі мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру және басқару

1. Кәсіпорынның сайман шаруашылығы

«Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы» ұғымын негізгі өндірістік процесті шикізатпен, құралдармен, жанармай және қуатпен, жабдықтармен, сонымен бірге технологиялық және энергетикалық жабдықтарды жұмыс күй-жағдайда ұстайтын көмекші өндірістерге қызмет көрсететін кешен ретінде түсінуге болады.

Осы жұмыстардың жиынтығы өндірістің техникалық қызмет көрсетуінің мәнін құрайды. Демек, техникалық қызмет ету бөлімшелерінің құрамы көмекші цехтер, қызметтер немесе жөндеу, энергетикалық, құралдық, көліктік, қоймалық қамтамасыздандыру және т.б. шаруашылықтары кіретін кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын құрайды.

Кәсіпорынның бұл бөлімшелерінің құрамы мен көлемдері, негізгі өндірістің ерекшеліктерімен өндірістің түрі және мөлшерімен, оның ішкі және сыртқы ортамен байланысы анықталады.

Өндірісті барлық сайман түрлерімен қамтамасыз етуді кәсіпорынның сайман шаруашылығы іске асырады. Сайман шаруашылығы келесідей міндеттерді шешеді:

· кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерін сайманмен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

· саймандар мен құралдарды орынды қолдануды ұйымдастыру;

· өндірістік процеске зиян келтірмей, сайман запастарын қысқарту;

· сайман шаруашылығын ұстауға кететін шығындарды төмендету.

Сайман шаруашылығы келесілер құрайды: сайманмен қамтамасыз ету, қалпына келтіру, жөндеу, реттеу және ұштау бөлімшелері; сақтау, жинақтау және сайман берумен айналысатын орталық қойма және үйлестіретін қоймалық бөлімдер.

Сайманды бірнеше белгілері бойынша топтауға болады.

Өндіріс процесіндегі рөлі бойынша:

ü жұмыс істейтін;

ü көмекші;

ü бақылап-өлшейтін аспап;

ü құрылғылар;

ü штамптар;

ü пресс-формалар.

Сайманды қолдану сипаты бойынша:

Ø арнайы;

Ø әмбебап (универсальный).

Кәсіпорынның сайман цехтары мен қызметтері негізгі өндірісті жоғары сапалы жабдықтардың даярлауына ең аз көлемде шығындар жұмсай отырып, камтамасыз етуге тырысады. Сайман шаруашылығының негізгі міндеттері:

- барлық цехтар мен жұмыс орындарын жоғары сапалы саймандармен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

- сайманды дұрыс қолдануды бақылауға алу әрі оның шығынын қысқарту;

- құрал-жабдықтарды даярлауға, сақтауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруіне шығындарды аз жұмсау;

- сайманның ең қажетті қорларын сүйемелдеу болып табылады.

2. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы

Жөндеу қызметінің орындары мен цехтары өндірістік менеджменттің маңызды нысандары болып табылады. Бұл, технологиялық құралды қолдану барысында, оның физикалық және моральдық тозуға ұшырайтындығынан үнемі техникалық қызмет етуді қажет етуімен байланысты. Құралдың жұмысқа қабілеттілігі, оны жөндеу жолымен қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымындағы өндірістік менеджменттің негізгі мәнін құрайды.

Кәсіпорынның жөндеу цехтары мен қызметтері технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңарту әдісімен оның тұрақты эксплуатациялық даярлығын қамсыздандырады. Бұл цехтер мен қызметтердің мақсаты құрал-жабдықтарды жөндеу және жаңарту жұмыстарының сапалы әрі жұмсалған шығындарға қарамастан белгіленген мезгілде орындалуында.

Жөндеу жұмыстарының пайда болуының экономикалық негізі техника бөлшектері мен түйіндерінің беріксіздігі болып табылады.

Жөндеу (француз тілінен аударғанда – дұрыстау, толықтыру, қайтадан жинау дегенді білдіреді) - бұл жеке қолданыстағы заттардың немесе негізгі қорладың тұтыну құнының жарым – жартылай қалпына келтірілуі және қолдануымен байланысты техникалық-экономикалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес жөндеу – бұл бұйымдардың немесе оның құрама бөлшектерінің жұмыстық қабілеттілігін қалпына келтіру операцияларының кешені болып табылады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- технологиялық жабдықтардың қалыпты эксплуатациялық даярлығын және оның жаңартылып отыруын қолдау;

- құрал-жабдықтардың қолдану мерзімін жөндеу жұмыстарынсыз ұзарту;

- құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру;

- жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту және технологиялық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

Бұл мәселелерді келесі жолдармен шешуге болады:

- апаттар мен тозудың алдын-алу мақсатында, эксплуатациялық процесс барысындағы құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік менеджменттің рационалды жүйесін дайындау;

- жабдықты жоспарлы-алдын-ала, сапалы, дер кезінде жөндеу;

- ескірген жабдықты жаңарту;

Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда негізгі қорларды жөндеу жұмыстарын келесі дербес қызметтер орындайды: бас механик, бас энергетик, бас құралшы және бас сәулеткер. Осы аталған қызметтер кәсіпорынның (шаруашылықтың) жөндеу өндірісін құрайды.

Кәсіпорынның көлеміне және өндіріс сипатына байланысты, жөндеу қызметтерінде келесідей басқарудың ұйымдастыру құрылымдары қолданылады: орталықтандырылмаған, аралас және орталықтандырылған.

 
 

әкімшілік басқару

---------------- функционалдық басқару

3.8.1-ші сурет. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің орталықтандырылмаған ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың аралас құрылымы кезінде технологиялық жабдыққа ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету негізгі цехтың жөндеу бөлімшелерін күшімен, ал күрделі жөндеу жұмыстары – жөндеу механикалық немесе басқа арнайы мамандандырылған жөндеу цехтарымен жүргізіледі.

3.8.2- сурет. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің аралас ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың орталықтандырылған құрылымында жөндеу жұмыстарының барлық түрлері және технологиялық құралдарға техникалық қызмет көрсету, орталықтандырылған жөндеу өндірісінің құрамына кіретін, арнайы мамандандырылған бөлімшелермен орындалады. Жөндеу жұмыстарын орталықтандыру қызмет көрсету сапасын жақсартады, жөндеушілердің еңбек өнімділігін көтереді, жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді.

 
 

3.8.3- сурет. Кәсіпорынның орталықтандырылған жөндеу өндірісінің ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың орталықтандырылмаған құрылымында технологиялық құралдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлері өндірістік цехтардың құрамына кіретін жөндеу бөлімшелерінің күшімен жасалады.

Жөндеу жұмыстарынаағымдық(шағын), орта және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары негізгі қорлардың барлық түрлері бойынша жүргізіледі.

Ағымдықдеп көлемі бойынша минималды жөндеу жұмыстарын айтады, оларға кезекті жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін механизмдерді жөнге салу және тез тозатын бөлшектерді ауыстыру мен қалпына келтіру жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеу күрделілірек болып табылады. Бұнда жабдықты жарым-жартылай бөлшектеу арқылы тозған бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру қажет .

Күрделі жөндеу жұмыстары – көлемі және қиындығы жағынан ең үлкен, барлық бастапқы бөлшектерді жөндеу мен толық бөлшектеп жинауынды, түйіндер мен бөлектерді ауыстыруды, кейбір бөліктерін қалпына келтіруді, олардың дәлділігін тексеруді қажет етеді.

Жөндеудің барлық түрлеріне кететін шығындар жөндеу қорынан қаржыландырылады, ол кәсіпорында өзіндік құн есебінен норматив бойынша құрылады.

3. Кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығы

Өндірістік менеджмент жүйесінде өндірісті энергияның барлық түрлерімен, сумен, байланыспен және энергия жүйелері мен энергиялық жабдықтарды жөндеумен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Бұл аталған функцияларды кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы жүзеге асырады. Энергетикалық цехтер және қызметтер кәсіпорынды энергияның барлық түрлерімен қамсыздандырады, оның орынды қолдануын ұйымдастырады, жөндеу және жаңарту жолдары арқылы энергия қондырғылары мен жабдықтардың эксплуатациялық даярлығын қамтамасыз етеді, жаңа энергетикалық жабдықтарды енгізеді, негізгі өндірістік цехтерде энергия қондырғыларының дұрыс қолданылуын қадағалайды сонымен бірге оларды телефондық әрі радиобайланыспен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығындағы өндірістік процесс өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезеңдерінен тұрады.

Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығының негізгі міндеттері төменде көрсетілген:

- аз шығындармен кәсіпорынды энергияның барлық түрлерімен тоқтаусыз қамсыздандыру;

- энергия көзін үнемді шығындау;

- жаңа энергетикалық техникаларды енгізу және энергия қондырғыларының қуатын толық пайдалану;

- еңбек өнімділігін көтеру және энергиялық өнімдердің өзіндік құнын төмендету;

- технологиялық және басқа да цехтарда энергетикалық құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің орындалуын қадағалау мен бақылау;

- энергетикалық құралдарды жөндеу және техникалық тексеруді ұйымдастыру.

Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығындағы жекеленген өндірістік процестердің құрамы мен сипаты оның өндірістік құрылымымен анықталады.

Өндірістік құрылым басқару объектісі ретінде энериямен қамтамасыз ету шаруашылығының технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол өндіріс барысындағы еңбек затының, құралдардың және процестердің бірігуінің сипатын, сонымен қатар монтаждық және жөндеу жұмыстары барысындағы энергияның әр түрлі түрлерін пайлану мен таратуының сипатын көрсетеді. Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығының өндірістік құрылымы оның басқаруының ұйымдастырушылық құрылымымен анықталады (3.8.4- сурет).

           
   
     
 

БАС ЭНЕРГЕТИК БӨЛІМІНІҢ БЮРОСЫ

         
   
 
   
 
   
 
 

3.8.4-сурет. Ірі өндірістік кәсіпорынның энергиямен қамту шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

4. Кәсіпорынның көліктік қызметі мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру және басқару

Кәсіпорындардың күнделікті қызметі әртүрлі қөлемді жүктерді тасымалдауды қажет етеді. Кәсіпорын ішінде шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды тасымалдау, және де оның сыртына дайын өнімді жіберу қызметін кәсіпорынның көліктік шаруашылығы қамтамасыз етеді.

Көліктік, қоймалық әрі жабдықтау шаруашылықтары, цехтар мен қызметтер, өндіріс барысында барлық заттық қорлардың дер кезінде жеткізілуін, олардың сақталуы мен қозғалысын қамсыздандырады. Олардың жұмысына кәсіпорынның жұмыс ырғақтылығы және заттық қорлардың үнемді қолданылуы тәуелді болып келеді.

Кәсіпорынның көліктік шаруашылығының негізгі міндеттері:

- өндірістік процесс талаптарына сәйкес еңбек затын, отынды және дайын өнімді тез арада жеткізу;

- көлік құралдарын және көлік жүргізушілердің еңбегін тиімді пайдалану;

- көліктік және тиеу мен түсіру операцияларын автоматтандыру және механикаландыру;

- көліктік операциялардың өзіндік құнын төмендету;

- технологиялық және көліктік операцияларды катаң келсімділігін камту;

- көлік құралдарын үнемі жұмысқа қабілетті жағдайда сақтап тұру.

Кәсіпорында алуан түрлі көлік құралдарының паркі қолданылады. Көлік түрлері бойынша рельсті (темір жол), рельсті емес (автокөлік, электркөлігі) суда жүретін (теңіз, өзен көлігі), құбырлы (пневматикалық құбырлар, мұнай құбырлары, гравитациялық өнім құбырлары және т.б.), арнайы (технологиялық) көлік, көтеру-көлік құралдары (конвейерлер, крандар, тиеуіштер, лифтер және т.с.с.).

Әрекет ету тәсілі бойынша көліктер үзілмелі (мысалы, элекртлі тиеуіштер және толассыз (мысалы, конвейерлер) болады.

Жүктерді тасымалдау бағыты бойынша: тігінен, көлденен (лифт, көтергіштер), тігінен-көлденен (көпір крандары, арқалықтық крандар, электрлі тиуіштер), жантайған (жантайған арқандар, бір рельсті жолдар).

Орындайтын жұмыс түрлері бойынша:

- цех арасындағы көлік, ол кәсіпорын территориясындағы цехтар мен қоймалар арасындағы жүкті тасымалдау бойынша операцияларды орындайды;

- цех ішінде көлік, технологиялық процесс барысында аппараттармен жұмыс орындары арасындағы еңбек заттарын тасымалдауды қамтиды.

Қойма шаруашылығы өндірістік менеджменттің маңызды объектісі болып табылады. Қойма шаруашылығының негізі міндеттері:

- өндірісті дер кезінде шикізатпен, материалдармен, жабдықтармен, бөлшектермен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз ету;

- қоймаларда материалдық құндылықтардың амандығын қамту;

- қоймаларды ұстаумен және қойма операцияларын орындаумен байланысты шығындарды төмендету;

- қоймада қамтылған жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбек өнімділігін көтеру.

Осы аталған міндеттерді орындау барысында қойма шаруашылығы келесі функцияларды орындайды:

- өндіріс процесінің тұрақты ырғақтығы үшін қажетті материалдық ресурстардың көлемі мен номенклатурасына шоғырлану;

- еңбек заттары мен дайын өнімді сақтау жағдайы және есебі;

- цехтар мен учаскелерді материалдық ресурстармен жоспарлы, тоқтаусыз, жинақталған қамту;

- тікелей тұтынуға материалдарды дайындау;

- тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу;

- дайын өнім запастарын сақтау.

Қойма шаруашылығы жүйесіндегі маңызды элементтердің бірі қойма бұл - келіп түскен тауарларды қабылдау, орналастыру, сақтау, оны тұтынуға дайындау және тұтынушыға жеткізу үшін арналған ғимараттар, құрылыстар және алуан түрлі құрылғылар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қоймалардың атқаратын қызметі келесідей:

- сатып алынатын жинақтауыштардың қоймасы;

- материалдар (шикізат, көмекші және өндірістік бағыттағы) қоймалар;

- жартылай фабрикаттар қоймасы;

- аралық өндірістік қоймалар;

- дайын өнім қоймалары.

Өнімді бөлу және өткізу жүйесінде қоймалар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болады. Біріншісі – зауыт қоймаларының бір бөлігі немесе орталық қоймалар. Орталықтандырылмаған қоймалар көлемі жағынан, тұтынушылар талабы мен сақталатын тауар санына бағдарланған.

Наши рекомендации