Картаның жақтауы

Картаның жқтауы (рамкасын) картографиялық кескіндерді шектейтін бірнеше сызықтар құрайды.

Жақтау өзінің мәніне байланысты негізгі ішкі градус немесе минут деп және сыртқы түріне қарай тік бұрышты трапеция түрі және қисық сызықты болып бөлінеді.

Негізгі жақтау (рамка) картографиялық кескіндерді шектейді. Қазіргі замандағы ірі және орташа масштабтағы географиялық карталарда және кейбір ұсақ масштабтағы карталарда да, жақтаудың сызықтары, картографиялық кескіндерді шектейтін параллель мен меридиандардың сызықтарына сәйкес келеді.

Градустық жақтау негізгі жақтауға параллель сызылады. Оның арасы жақын болады және екі параллель сызықтан тұрады.

Градустық жақтаудың арасы тордың (сетка) параллелдері мен меридиандарының арасы ірі масштабтағы карталарда минутқа және секундқа бөлінеді. Ал ұсақ масштабтағы карталарда градусқа немесе градустық бөліктерге бөлінеді.

Сондықтан, жақтаудың өзі градустық деп аталады. Бұл үлкен дәлдікпен картаның географиялық координатын мәліметін картаға енгізеді. Градустық жақтауға параллель бір немесе екі сызық сызылады. Болмаса картаны көркемдеу мақсатында күрделі ою өрнек салынады. Градустық және сыртқы жақтаудың арасында параллель мен меридиандардың жазылған жерінде картографиялық тордың сандық көрсеткіштері орналастырылады.

Бір беттік карталарда (жалпы географиялық және арнайы) жақтау (рамка) тік бұрышты түрде, ал топографиялық карталарда трапеция түрінде болады.

Жер бетін бейнелейтін әлемдік карталарда жақтау (рамка) кескінге (проекция) байланысты қисық сызықты болуы мүмкін.

Картаны құрастыру алдында, онда картаға түсірілетін жердің атауы орналастырылады (кесте,белгілер т.б).

Жақтаудың тік бұрышты түрі барлық қажетті мәліметтерді орналастыруға қолайлы болады.

Әр түрлі масштабтағы топографиялық карталарды жасау кезінде жол-жол қылып сызу (разграфка) және атаулардың тізімі (номенклатура) берілген жүйеге сүйенеді.

Картаны жол-жолға бөліп (разграфка) яғни бөлек парақтарға түсіргенде меридиан мен параллель бойынша халықаралық картаның 1:100000 масштабына сәйкестендіріп жүргізу әдісі қабылданған. Алты градус бойлық және бес градус ендік бұл халықаралық картаның бір беті.

Ірі масштабтағы карта жасауда (топографиялық) осы мәліметтер негіз етіп алынады. Көптеген шет елдерде топографиялық және жалпы мақсаттағы карта жасауда метрлік масштабы қолданылады.

Ал кейбір елдер ұзындықтың ағылшындық өлшемін пайдаланылады. АҚШ пен Ұлы Британияда қолданысқа қолайсыз көне өлшем түрі дюйм масштабын қолданады.

Тірек пункті дегеніміз – жер бетіне орналасқан арнайы белгілері бар нүкте. Бұл белгілер астрономиялық және геодезиялық әдістермен анықталады. Сонымен қатар, белгілі бір географиялық және тік бұрышты координаттардың қандай да бір биіктігі теңіз деңгейімен салыстырылған координаттар жүйесі. Осындай тіректерге тіректер астрономиялық, тригонометриялық, полигонометриялық тіректер жатады.

Бұлар карталарда геометриялық белгілермен беріледі. Карта жасау кезінде тірек пункттері маңызды рөлін атқарады.

Тұтастай картографиялық материалдарға сәйкес келетін жеріне орналастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ірі масштабтағы топографиялық карталарда да тірек пункттері көрсетіледі.

Картаның физико-географиялық элементтері

Жалпы географиялық картаның физико-географиялық элементтеріне гидрография, жер бедері, (рельеф) өсімдік жамылғысы және топырақ қабаты жатады.

Гидрография (өзен, теңіз, су жағалауы) тұтас табиғаттың маңызды элементі. Сондай-ақ, табиғи нысана (ориентир)

Сондықтан оны географиялық карталардың бәріне бейнеленеді.

Теңіз жағалауын сызғанда оның үлкен немесе шамалы дәлдігі картаның масштабына және жағалаудың түріне байланысты болады.

Масштабты кішірейту қажет болса материалдарды ықшамдау (генерализация) керек яғни жағалаудың ұзындығын сызу бірте-бірте жеңілдетеді.

Сонымен бірге картада берілген жағалаудың ерекшеліктері бейнеленеді.

Масштабта бейнелеуге келмейтін жағалау ұзындығын ерекшеліктері (жіңішке, ұсақ аралдар т.б) масштабсыз карталарда кескінделеді де, бірақ онда теңіз жағалауының географиялық ұқсастықтары сақталады.

Көлдер, теңіз жағалауы сияқылды жағалау ұзындығының бейнесінен беріледі.

Топографиялық карталарда көлдер тұзды, тұщы, ащылы-тұшылы болып бөлінеді. Көлдерді топтап, жіктегенде оны ұсақ масштабқа түсіргенде, жағалау ұзындығын талдау қажет. Содан соң ұсақ көлдер түсіріледі. Жағалау ұзындығын қорытындылағанда оның өзіндік ерекшеліктерін, геометриялық келбетін картада кескіндеуге тырысқан жөн.

Түрлі-түсті карталарда су жасыл көк бояумен боялады. Сондықтан да ол, яғни су құрғақ жерден айрықша ерекшеленіп көрінеді. Су тереңдеген сайын бояудың түсі қоюлана береді. Өзендер еніне байланысты картада жалғыз немесе екі сызықпен бейнеленеді. Тәртіп бойынша өзендер карта масштабының 1см ұзындығына сай түсіріледі.Өзендер бастауынан бастап жіңішке сызықпен кескінделеді де,бірте-бірте 0,1 ден 0,5мм-ге дейін сағаға жеткенше қалыңдатылыпекі сызықпен кескінделген жерге жеткізіледі.

Өзендер екі сызықпен төмендегідей масштабтағы карталарда кескінделеді:

1:10000; 1:25000; 1:50000; 1:100000; 1:200000; 1:500000; 1:1000000;

Егер оның ені 2м, 5м, 10м, 20м, 50м, 200м-ден асқан жағдайда.

Өзенге құйылатын құйылыстар жіңішке сызықпен кескінделеді.Масштабта ірі өзендердің атырабын(дельты) кескіндеу мүмкін болмаса, масштабты сақтамай-ақ барлық көрсеткіштер арнайы белгілермен беріледі. Бұл кезде өзеннің бсты арнасына назар аударылады. Жол торабы сияқылды өзенді сипаттағанда,ірі масштабтағы картада ең бірінші оның бастауы және кеме қатынастарының жолдары, қайраң, жыныстар шоғыры бейнеленеді.

Ұсақ масштабты карта кезінде өзен тораптары топталып бейнеленеді. Бұл уақытта, жеке өзендерді ғана бейнелеп қоймай, өзендер жүйесінің ерекшкліктерін көрсету қажет.

Топографиялық карталарда кескінделетін каналдар суармалы және кеме қатынасы деп бөлінеді. Егер олардың ені 3 метрден асса 1:100000 масштабына сәйкес келтіріліп,екі сызықта көрсетіледі (Сурет 4.39 ә)

картаның жақтауы - student2.ru

Сурет 4.39 ә

Наши рекомендации