Мұхамеджан Тынышбаев 12 страница

71.2011 жылгы 28 ақпандағы Қ.Р Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».

1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыды.1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында ел халқына Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы – экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.

2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.

Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.

Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.

Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.

Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

72.»Қазақстан-2020»стратегиялық жоспарының басымдықтары»

«Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады. 2020 – Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыра бастаған алғашқы жылдар, әкімшілік шараларды жеңілдету, олардың айқындығын күшейту , отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар бизнестерін жүргізу бағасын түсіру барысындағы белсенді іс-шаралардың бастамашысы болды. Болжам бойынша 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттың емес секторында отандық және шетелдік инвестициялар 30 пайызға өседі. Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторларына қомақты шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайындықта болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.
2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту есебінен өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету саласы экономика құрылымында тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде 2009 жылдың деңгейінің үштен бірінен жоғары өседі1. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.
Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) ел экономикасының мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) сыртқы борышының көлемінен төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30%-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция жылына орта есеппен 5-8% деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағамы саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-ға төмендейді. Халықтың әлеуметтік осал топтары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде 2020 жылға қарай отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,7%-ға дейін және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың үлес салмағы 2,2%-ға дейін азаяды.
Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жай-күйі айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүретін болады

73.ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы

«Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо- 2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1]. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады.Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен. Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. ЭКСПО-2017 көрмесінің әлеуметтік,экономикалық маңызы мынадай болмақ, біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштерін жоғарыда жазған едім. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық. Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Астана қаласында қонақүйлер салынуда. Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша шетелге тіл үйренуге кетіп жатыр. Бұл бағдарламаға қыруар, ақша кететіні өкінішті. Ендеше, ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады. Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстыңберілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққаие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды. Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ.

74.''Нұрлы жол-болашаққа жол''жаңа экономикалық саясаты

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауының ерекшелігі оның экономикалық бағытқа басымдық беріле отырып жасалғандығында. Ендігі кезекте Н.Назарбаев жария еткен Қазақстанның «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаты жүзеге

асырылады. Елбасы атап өткендей, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады. Дәстүрлі жолдаудың биылғы жылы не себепті ерте жарияланып отырғандығы туралы “Мен өзімнің үлкен тәжірибеме қарап, алдағы жылдары әлемде және біз үшін де жаһандық сынақтар болатынын күні бұрын сеземін. Әлемнің архитектурасы

өзгеретін болады. Бұл күрделі кезеңнен мемлекеттердің бәрі бірдей лайықты түрде өте алмайды,бұл шептен тек мықты, біріккен халықтар мен елдер ғана өте алады”, – деді Президент.

Жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін дайындық жұмыстарына баса мән берген жөн: ол үшін 3 жылдық бюджетке өзгеріс енгізіп, оларды Парламент арқылы өткізіп, арнайы бағдарлама дайындап, Үкіметтің тиісті қаулыларын шығару қажет. Мінеки, сол үшін де «Мен дайындық жұмысына 50 күн уақыт беремін. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс басталып кету керек»,

– деп Елбасы өзінің түсініктемесін берді. Бұл әрине, халықтан шыққан, шынайы халық көсемі, ірі саяси тұлғаның халықтың кемел болашағы үшін жасаған батыл қадамдарының бірі екендігі айқын.

Жолдаудың халықтың әл-ауқатын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталып отырғандығы белгілі. 2007-2009 жж. экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңі басталғанда Елбасының тапсырмасымен Ұлттық қор құрылған. Кезінде бұл идеяны дұрыс қабылдай алмаған да, түсінбеген де азаматтар болды. Ол қордың қажетсіздігі, бар қаражатты аймақтар немесе мемлекеттік органдар арасында бөлу тұрғысында ойлар айтылғандығы шындық. Бірақ, Елбасы

саяси батылдығының, көрегендігінің арқасында қорды сақтап қалды. «Кезінде Ұлттық Қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау.

Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс», – деді Жолдауында.

Қазақстан Республикасы негізінен шикізатты экспортқа шығарады. Мұнайды экспортқа шығарудың нәтижесінде арнайы резерв қалыптасты. Елбасы «Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын

кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік,

энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады», – деп қаржыны қай салаға қалай жаратамыз деген сұрақтарға да нақты жауап беріп, негізгі бағытты айқындап берді.Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін, басталған жобалар мен аса өткір мәселелерді шешу үшін бөлінген қаржының тиісті бағыттары бойынша қалай жұмсалуы қажет екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп

берді. «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci.

Сондықтан, аталғанжоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді», – деп осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Елбасы назарынан білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бағытына тоқтала отырып, «Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту

проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі.

Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын», – деді.

Апатты жағдайдағы және 3 аусымда оқытатын мектептер меселесі осы уақытқа дейін елімізде күрмеуі шешілмей келе жатқан проблемалардың бірі. Жамбыл облысын ғана алатын болсақ, 450 мектептің 21-і – апатты жағдайдағы мектептер, ал үшеуі – 3 аусымда оқытатын мектептер. Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметінде жүрген кезімде Қазақстан РеспубликасыПарламенті депутаттарының алдында есеп берген кезімде: «Жылда жаңа мектептер салынып

жатыр, неліктен апатты жағдайдағы және 3 аусымда оқытатын мектеп саны азаймайды», – деген сауалды жиі еститінмін. Бұл тұрғыда бір мәселені ескеру керек, Қазақстандағы көп мектеп 80-жылдардың басында немесе ортасында салынған. Қазақта «Темір де тозады» деген сөз бар, уақыт өте келе бүгінде ол мектептердің де тозығы жеткен. Әрине, мұндай мектер Төтенше жағдайлар

министрлігінің санитарлық нормалары мен талаптарына сай келмейді. Апатты жағдайдағы мектеп санының азаймай тұрғандығының басты себебі де сондықтан. Елбасы Жолдауында берген нақты тапсырмалардың бұл проблемаларды оңтайлы шешуге бағыт-бағдар беретін болады.

Екінші бүгінгі таңға дейін шешілмей жатқан үлкен мәселе – мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету. «Балабақшадағы орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында балалар бақшасына орналастырылған бүлдіршіндер тек 70 пайыздан асып

отыр. Облыстағы 392 балабақшаның тек 25-і ғана (яғни, 6 пайызы) жекеменшік. Сондықтан да Елбасы жаңа балалар бақшаларын іске қосып, оған жекеменшік секторды осы салаға тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Себебі, мемлекеттік тапсырыс тек қана мемлекеттік емес, сондай-ақ жекеменшік бақшаларға да беріледі. Бұл шағын және орта бизнеске үлкен көмек беретіні

сөзсіз.

Ел Президенті Жолдауында берген ауқымды тапсырмалардың бірі Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі. «Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге ьбағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-

жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет», – деді.

Елбасының тапсырмасы негізінде шағын және орта бизнесті қолдау, дамыту мәселесімен көп шаралар жасалып келе жатқан. Мысалы, несиелеу және 3-4 жылдың ішінде облысымызда іске асырылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы. Бұл бойынша жұмысын жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге облыстық бюджеттен 3 млн теңге көлемінде гранттар бөлініп, олардың өзісін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берілген. Биылғы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес өкілдерін әр түрлі фискалдық органдар тарапынан тексеруді тоқтатып, мараторий жарияланған. Елбасы Жолдауындағы бұл бағыттағы берілген тапсырмалардың бизнес саласының өркендеуіне тың мүмкіншіліктер беретіні сөзсіз.

75.1999-2001жж қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттереі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін

шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру

сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Наши рекомендации