Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік туризм – жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;
1-1) балалар-жасөспірімдер туризмі – серуендер, экспедициялар, сапарлар, экскурсиялар түрінде балалар мен жасөспірімдер тобына арналып жүзеге асырылатын туризм түрі;
2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2-2) медициналық туризм – тұратын жерінің шегінен тыс жерде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алумен демалысты біріктіру көзделетін туризм түрі;
2-3) оқиғалы туризм – спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм түрі;
3) өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
13) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар
50)Сайт-музейлер(ағылшын, site – орналасқан жері, табылған жері) – шетел музеологиясы тәжірибесіндегі тарихи-мәдени және табиғат ескерткіштерін табылған және салынған жерінде сақтау. Халықаралық музейлер кеңесі сайт-мухейлердің төрт түрін бөліп қарастырады: экологиялық – табиғат зонасындағы музеефикация; этнографиялық - дәстүрлі материалдық және руани мәдениетін сақтап қалған, әдет-ғұрыптар жүйесін көрсететін халықтар орналасқан өңірдегі музеефикация; тарихи – тарихи дәуірлер ерекшелігін көрсететін тарихи нысандары сақталған мекендердегі музеефикация; археологиялық – археологиялық қазба жүргізілген орындардағы музеефикация. ҚР сайт-музей жүйесіне тарихи-мәдени қорықтар типі сәйкес келеді, Тараз тарихи-мәдени қорығы, Есік тарихи-мәдени қорығы, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы, т.б.
2007 жылғы 13 ақпан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында сөйлеген қорытынды сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бүгін елдіктің бір ісін, бір ісі болғанда да ірі ісін қорытьндағалы отырмыз», -деген болатын. Шынында да 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы егемен еліміз тарихындағы тарихи-мәдени мұраға бет бұрған елдіктің бір ісі, бір ісі болғанда ірі ісі екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Әсіресе, «Мәдени мұра» бағдарламасының еліміздің барлық аудандары мен облыстарында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерінің жалпы саны белгісіз болып, олардың тізімі жасалмай отырған кезде, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылдаған «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңы мен 2007 жылы қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы толыққанды жұмыс атқармай, тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сактау, корғау және пайдалану жұмыстарын уақыт талабына сай жүргізудің жолдарын іздестіріп отырған кезде қабылдануы, мемлекеттің мәдени мұраға деген соны стратегиялық ұстанымы болып отыр. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ жерінде қальптасқан өркениеттің куәсі болған тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеуге мемлекет тарапынан жүздеген миллион теңге бөлініп, атадан қалған мұраны зерттеудің жаңа тарихи кезеңі басталды. Тек осы бағдарламаның «Археология, тарихи-мәдени ескерткіштер» секциясы бойынша 35 тарих-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылып, жөндеу, қайта калпына келтіру жұмыстары іске асырылды. Әртүрлі кезеңдерден сақталған 30 археологиялық ескерткіште қазба жұмыстары жүргізіліп тарихымыздың ақтаңдақтарын толықтыратын жаңа деректер табыла бастады. Соның бір айғағы Шілікті мен Берел обалар қорымының ашылуы, олардан табылған сақ өркениетінің әртүрлі кезеңдерінен сакталған, қас шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары және Арал өңірі сақтарыньң астанасы болған ІІІірікрабат қаласынан, басқа да, ежелгі, ортағасырлық қалалардан ашылып жатқан мәдени қабаттар. Еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің санын анықтау, тізімін жасау және олардың облыстар бойынша жинақтарын шығару мақсатында Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында кең көлемде археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.
51)Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Олар:
1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатханаболған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.
Мысыр пирамидалары