Аржылық инвестиция жобасының тиімділігін анықтау

Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөнінде мәселе іс жүзіне келгенде әрбір компания мен инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына сырттан капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт.

Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері, түрлі елдердің инвестициялары және кәсіпкерлерінің түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға дүние жүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобаларының тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады.

Іс жүзінде қаржылық жоспарды қараушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: “Бухгалтерлік баланс”, “Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп” және “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп”.

“Бухгалтерлік баланс”, егер де көлденең нысанда жасалса, екі жақтан құралады: актив (сол бөлігі) және пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді. Пассив кәсіпорынынң кімге, қанша қарыз екендігін көрсетеді.

“Қаржы – шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп” кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды, сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыспен өтелуі тұрғысынан алғанда оның тиімділігін көрсетеді.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және арзанырақ өндіру, көбірек сату. Өте қарапайым осы ереже, жобаны талдау мен басқару барысында аса маңызды болып саналады. Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

Жалпы табысы өте үлкен кәсіпорынның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда немесе табыс әкелетін басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап мол және сайылы өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

Қаржылық қызметтен болатын, “ақша қаражаттарының қозғалысы” бөлімінде түсімдер есебінен кәсіпорын иелерінің салымдары, акционерлік капитал, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар, алымдар бойынша пайыздар есептеледі.

“Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің” әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңіндегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен салынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға шығын мөлшері танылады.

Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі негізгі топқа бөлуге болады.

Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;

Екіншісі – инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.

Кәсіпорын қанша пайда табады деген мәселе, өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен жоғары болғанда туындайды, егер өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен төмен болса, бір ғана мәселе, яғни кәсіпорын банкроттыққа дейін неше күн жұмыс жасай алады деген сұрақ түындайды.

Басқарудағы үлкен мәселелердің бірі, өнім бағасының жоғарылау немесе төмендеу нәтижесін бағалау болып табылады. Мысалы, бағасын төмендеткен жағдайда табысы бұрынғы деңгейде сақтап немесе одан да арттыру үшін қанша өнім сатуымыз қажет.

Зиянсыздықты талдау мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

- шығындарды жауып, қажет мөлшерде табыс алуға мүмкіндік беретін сату көлемі;

- кәсіпорын табысының өнім бірлігінің бағасының, тұрақты және айналмалы шығындардың өзгерісіне байланыстылығы;

- жалпы шығындарды жабу үлесіндегі әрбір өнімнің маңызы.

Зиянсыздықты талдау әдісін пайдалануда бірқатар шектеулерді ескеру қажет:

- өнім бағасы есепті кезең бойына үнемі тұрақты болып есептеледі;

- бір ғана өнім талданады, ал егер бірнеше өнім болса, аралас сауда тұрақты деп есептеледі;

- кезеңнен – кезеңге өтердегі өндірістік қорлардың өзгерісі ескерілмейді;

- жиынтық тұрақты өндіріс шығындары да тұрақты деп саналады.

Инвестициялық жобаларды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді. Компания зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.

Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың бүгін қанша тұратындығын айқындап алу қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз – бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне сай анықталатын сомасы.

Инвестициялық жобаларды қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады, және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.

Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда кеңінен таралған. Басқаша айтқанда, дисконттау және өсім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:

- пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);

- жыл сайынғы төлемдер;

- кезең саны (ай, тоқсан, жыл);

- ағымдық деңгейінің мәні.

- болашақтағы деңгейінің мәні.

Осы әдістерді қолдануда мынадай талаптарды ескеру қажет:

- бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын шамалардың мәндері белгілі болуы тиіс;

- пайыздар деңгейі тұрақты.

Өсім әдісінің индексі мына формуламен есептеледі:

Ин1 = (1 + interest)t.

Мұнда: interest – пайыздық мөлшерлеме /100;

t – есепті кезең (жыл)

Дисконттау әдісін қолдану жобаның әрбір жылында пайда болуына қарай пайда мен зиянның ағымдарын көрсетеді. Пайда мен шығынды жылдар бойынша сипаттаудың артықшылығы, пайда мен шығын ағымының құрылымына әсер ететін басты факторларды көруге болатындығында.

Баға сезімталдығын талдауға қажеттігінен өзге, дисконттау әдісінің шығындар мен пайданың өзгеретін жылын оңай анықтайтын артықшылығы бар. Сонымен, дисконттау әдісі жобаларға негізделген түрде бағалау жүргізуге қажетті талдамалы құрал болып табылады.

Жобаның өтелу мерзімі дегеніміз – кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен түсімдердің инвестицияға жұмсалған шығынды өтеу уақыты. Ол әдетте жылмен немесе аймен өлшенеді де мына формула бойынша анықталады:

t0 = Ип / Дг.

Мысалы, жобаны жүзеге асыру үшін 60 млн. теңге қажет делік. Жыл сайынғы орташа табыс 20 млн. теңге. Онда жобаның өтелу мерзімі былайша есептеледі:

t0 = 60 / 20 = 3жыл.

Бүгінгі және ертеңгі ақшаның құндылығының әртүрлілігін ескеру үшін, есептеулерге болашақтағы табыстарды дисконттау коэффициентіне көбейту жасалады, ол мына формуламен есептеледі:

Кд= 1 / (1 + Пс / 100)п.

Мұндағы: Пс – ақша құндылығының өзгеру қарқынын сипаттаушы пайыздық мөлшерлеме;

п – инвестиция жасалған сәттен басталған жыл номері.

Дүниежүзілік банк қолданып отырған 10 пайыздық мөлшерлеме жағдайында үшінші жылдағы дисконттау коэффициенті мынадай болады:

Кд = 1/(1+10/100)3=1/(1+0,1)3=1/1,13=0,7513.

Осыны анықтаған соң, өзіміздің мысалымыз үшін осы формула бойынша, инвестиция өтелгенге дейінгі кезең ішіндегі ақшаның құндылығының әр түрлілігін ескере отырып, өтелу мерзімін табуға болады.

Егер банк пайызы 10%-ға тең болса, онда бірінші жылы дисконтталған табыс 11,364 млн. теңгені құрайды.

[12,5· =12,5· =12,5·0,9091],

екінші жылы – 14,462 млн. теңге

[17,5· =17,5· =17,5·0,8264],

үшінші жылы – 18,031 млн. теңге (24,0·0,7513).

Жалпы 3 жыл үшін дисконтталған табыс 43,857 млн. теңгені құрайды, (11,364+14,462+18,031). Инвестицияның барлық сомасын өтеу үшін әлі де 16,143 млн. теңге жетпейді (60-43,857).

Енді төртінші жылда осы соманы өтеу үшін қанша уақыт қажет екендігін есептейік. Бұл үшін инвестицияның өтелмеген сомасын төртінші жылдың дисконтталған табысына бөлеміз:

t0 = 16,143:26·0,683=16,143:17,758=0,91 жыл, яғни 11 ай (0,91·12).

Бұл, дисконттауды ескергенде өтелу мерзімі 3 жыл 11 айды құрайды деген сөз.

Қарастырылған мысалдар көріп отырғанымыздай, өтелу мерзімі көбінесе есептеу әдістемесімен анықталады. Біздің мысалымызда қарапайым есептеу мен анықтау есептеулері нәтижесіндені өзгешелік 11 айды құрайды.

Мысалы, инвесторлар үшін үйлесімді өтелу мерзімі 3,5 дейік. Бірінші немесе екінші нұсқалар бойынша есептеулер жүргізе отырып, кәсіпкер осы іске инвестиция жасаудың ұтымдылығына дәлелдеме алады. Ал үшінші нұсқа бойынша, инвестиция жасаудың тиімсіз екендігін байқауға болады.

Инвестициялық жобаларға қаржылық талдау жүргізу барысында мынадай кең таралған қателіктер жіберіледі:

1. сәйкес пайыздық мөлшерлемені талдауда шатасу;

2. оны пайдаланудың реттілігін сақтамау;

3. пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржалақ талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.

Нақты пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс. Егер нақты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме – бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі. Ағымдық және нақты мөлшерлемелерді байланыстыратын теңдік мынадай түрде болады:

Ағымдық пайыз мөлшерлемесі = Нақты пайыз мөлшерлемесі + Инфляция деңгейі

Жоғарыда аталған екі тәсілдің ішінде, инфляциялық жобаға қаржылық талдау жасаудағы ең кеңінен тарағаны, пайыздық мөлшерлемелер қолдану қажеттігі.

Сонымен, біз қаржылық талдаудың, шығындар мен нәтижелердің арақатынасын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік негіздерін баяндау тұрғысынан алғандағы ең басты да, көкейкесті мәселесін қарастырдық.

Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда күтіліп отырған шығындар мен нәтижелерді бағалау, есепті кезең шеңберінде жүргізіледі. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру және олардың ішіндегі ең жақсысын таңдауды әр түрлі көрсеткіштер көмегімен жүргізу қажет. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру үшін, бұл көрсеткіштерді пайдалануда оларды салыстырмалы түрде қарау қажет.

Кәсіпкердің мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдаумен бітпейді. Сонымен қатар, инвесторларды жобамен жете таныстыруы, мұның тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның нақты іске асуын қамтамасыз етуі керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық инвестиция ұғымы

2. Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін атаңыз

3. Қаржылық инвестициялардың тиімдіігі қалай бағаланады?

Наши рекомендации