Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.

Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.Өзіндік кұнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

- кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);

- тікелей және жанама;

- негізгілер мен қосымшалар;

- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары);

- бір элементті және кешенді. Кіретін (входящие) шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі. Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады. Сонымен, кіретін шығындар "шығындар" терминінің синонимі, болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар - ''шығыстар'" ұғымына ұқсайды. Шығындар - тауарды өткізу нәтижесінде шық-қан каражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.

Шешімдер қабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат. «Релевантты ақпарат» түсінігі.Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.Ұзақ мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.

Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:

1. Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар - пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығыстарды кеміту.

2. Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру. Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.

Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі. Басқару процесі: жоспарлау бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы, ынталандыру.Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.Ұйымның мақсатын орындау үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің байланысы арқылы нақты міндеттерді жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі – менеджменттің функциялары деп аталады.Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Мотивация

4. Бақылау

Наши рекомендации