Есептік-сызба жұмыс. ДЖӨҚ-дан жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу
Ауылды жылуменДЖӨҚ-дан (екінші нұсқасы бойынша) қамдауға келесідегідей құраушылар кіреді
Шджөқ = Шжөқ + Шгж + Шжабд + Шотын + Шеа + Шжалпы + Шжөн, мың $.
Бұл құраушылар, сәйкесінше, табиғи газда жұмыс істейтін дербес жылу өндіретін қондырғыға қаржы салымдарын, көшемен газ желілерін тарту шығындарын, үйлердің ішкі қондырғыларына кететін шығындарын, отын, еңбекақы, жалпы өндірістік және жөндеу шығындарын көрсетеді.
Шжөқ - табиғи газда жұмыс істейтін дербес жылу өндіруші қондырғыларға (ДЖӨҚ) жұмсалатын шығын. Бұл қазандықтар үйдің астында орнатылады, сыртқы жылу тораптары болмайды және тек бір ғана тұтынушыға қызмет етеді, яғни тұтыну орнында орнастырылады және жылумен қамдаудың осы тәсілін орталықтандырылған емес деп атайды (ОеЖҚ).
Қазіргі уақытта түрлі елдерде өндірілетін сұйық отын мен табиғи газда қазандықтардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, Bongionni, Ferroli (Италия), Rapido, Ferro, Riello, Wolf (Германия), DKB, Saturn (Корея), Volcan, Baymak (Түркия) және басқа да көптеген қазандықтар бар. Түрлі фирмалардың қазандықтарын талдаған кезде италияндықтар өндіріп шығаратын қазандықтардың бағасы жағынан тиімділігін көрсетті. Сондықтан есепте түрлі қуатта орнатылған «Ferroli» қазандығы алынған қазандықтардың бағасын 2-кестеден алуға болады.
Мынаны ескерген жөн, қарастырылған қазандықтардың құжаттық ПӘЕ-і - 0,85 тен 0,92 аралығында жатады. Тәжірибе көрсеткендей пайдалану ПӘЕ-і, әдетте 3 5%-ға төмен болады. Біздің жағдайда ПӘЕ - 0,9 шамасында қабылданады.
2 Кесте - Қазандықтардың қуатына қарай бағасы
Гкал / сағ | 0, 16 | 0, 2 | 0, 23 | 0, 26 | 0, 31 | 0, 36 | 0, 41 | 0, 48 | 0, 56 |
Бағасы, мың $ | 10 ,8 | 12, 5 | 13, 2 | 17, 1 | 18, 8 | 20, 6 | 22, 5 | 24, 4 | 26, 5 |
Қазандықтың орнатылған қуаты бір үйді жылыту және ыстық сумен қамдауына қажет максималды сағаттық жүктеме бойынша таңдалынады. Бір үйді ыстық сумен қамдауға қажет сағаттық жүктемесі селоны ыстық сумен қамдаудың қосындысы сағаттық жүктемесін үйлердің санына бөлу арқылы анықталады.
Шгж - газ желісіне кететін шығындар, оның құрамына: орта қысымды газ құбырынан селоға дейін газ желісін тарту (орташа қысымдағы газ құбыры торабына газ реттеуші пунктер ГРП қойылады және одан Lж = 3 км қашықтықта селоға қарай төменгі қысымды газ торабы салынады) және әрбір үйге баратын көшемен тартылатын газ тораптарын жасау. Шгрп құны шамамен -2000 $, ал ауылға дейін желінің құны 1,5$/км. Көше газ торабының ұзындығын (Lк) әр үйге 120-150м деп, ал әр 1м желісінің құны 1 $ -ге тең деп қабылданады. Нәтижесінде төмендегідей беруге болады
Шгж = Шгрп + 1,5 * Lж + Үй* Lк * 1,0 мың $.
Шжабд- үйдің ішкі қондырғыларына кететін шығын, бірінші нұсқа бойынша қабылданады.
Шотын - табиғи газға кететін шығындар келесідей анықталады.
Алдымен шартты отынның ДЖӨҚ үшін 1 Гкал жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шығынын анықтаймыз
bменш = --------------- ш.о.кг/Гкал.
n қаз * n рет
Кейіптеменің бөлігіндегі ПӘЕ мәнін, сәйкесінше 0,9 және 0,96 деп алынады. Содан кейін, бір үйді жылытуға және ыстық сумен қамдауға қажетті шартты отынның жалпы шығынын табамыз
Вш = bменш * (Qж + Qыс.су), ш.о.т
және аудару еселеуіші Ка арқылы шартты отынды табиғи отынға Вт ауыстырамыз (1000 м3=1,15 ш.о.т, 1 ш.о.т = 870 м3).
Отынның бағасы
Шотын = Вт * Б, мың $.
Табиғи газдың бағасы, оны өндіру, магистралды және бөліп таратушы газ желілерімен тасымалдауды есепке алғанда, яғни газды өткізу бағасы, оны 13 теңге/м3 мөлшерінде қабылданады. Газдың бағасы бүкіл селоға анықталады.
Шеа - еңбекақы шығындары. Жүктемені реттеу, отынды беру және ыстық судың температуралық параметрлерін автоматты басқару қызметкерлердің тәулік бойы қатысуын талап етпейді, тек қана қазанның жұмыстық параметрлеріне үнемі бақылауды талап етеді. Көрсетілгендей, негізгі мақсаты елді мекенге жылу энергиясын өндіру және тарату болып табылатын «Энергия» АҚ құрылуына байланысты, оның міндетіне мекеннің бүкіл ДЖӨҚ-ға қызмет көрсетуі кіреді. ДЖӨҚ-ның жұмысын үнемі бақылау және қызмет көрсету үшін төрт адам жеткілікті, қосымша екі адам АҚ-ның қаржы және ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Сонда еңбекақы төмендегідей қарастырылады
Шеа = Сқ * 120 * 12 * 1,215, мың $.
Сәйкесінше, кейіптемедегі белгіленулер Сқ - қызметкерлердің саны, 120 -бір жұмысшының орташа айлық еңбекақысы, 12 - бір жылдағы айлар, 1,215 - еңбекақы қорынан алынатын аударылымдар.
Ша - амортизациялық аударылымдар, елді мекенді жылумен қамтамасыз ету сұлбасына қажетті қосынды капиталдық салымдардың 8 % мөлшерінде қабылданады
Ш а = 0,08 * ( Шжөқ + Шжабд + Шгж), мың $.
Шжөн - қондырғыларды жөндеуге кеткен шығындарды төмендегі кейіптемемен қабылдаймыз
Шжөн = 0,15 * Ша, мың $.
Екінші нұсқа бойынша 1 Гкал жылу жіберудің өзіндік құны барлық село үшін есептелініп, ауылға дейін газ жеткізу, көшедегі газ жүйесі, еңбекақы шығындары барлық үйге қатысты және олар әрбір өндірілген жылуға өз үлесін қосуы керек
Ша + Шотын + Шеа + Шжалпы + Шжөн
S2 = ----------------------------------------------- , ($)теңге/Гкал.
Qж + Qыс.су
Техника-экономикалық есептеулер нәтижесі бойынша жылумен қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқалары бойынша 1 Гкал жылу энергиясын алудағы меншікті шығындар анықталады және селоны жылу жүктемесін экономикалық жағынан тиімді сұлбамен жабу үшін бірінші (немесе екінші) нұсқа таңдалынып алынады. Бұл нұсқаны тәжірибеге енгізу үшін «Энергия» АҚ-ы жобаны жүзеге асатынына қаржы-экономикалық бағалау жүргізу кажет.