Азақстанның инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негізі
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 қаңтардағы №373-ІІ Заңы ҚР инвестициялық қызметті реттейтін негізгі заң болып табылады. Осы заңның қабылдануына байланысты «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы, «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» ҚР Заңын күшіне енгізу тəртібі жөніндегі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы, «Тікелей инвестиция ларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы ҚР Заңдары күшін жойды. ҚР инвестициялар туралы заңдары ҚР Конституциясына негізделеді жəне «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы мен өзге де нормативтік-кұқықтық актілерден тұрады. Сонымен қатар, бұл заң мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды ретте мейді. «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық жəне экономикалық негіздерін айқындайды. Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тəртібін белгілейді. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын жəне Қазақстан Республикасынның өзге де заңдарының қолданысына байланысты «Инвестициялар туралы» заңының ережелері Қазақстан Республикасынның осындай заңдарына қайшы кел- мейтін бөлігінде қолданылады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР заң актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері мен аумақтары белгіленген. Сонымен қатар, бұл заңда инвестиция, инвестициялық қызмет, инвестор,инвестициялық преференция ұғымдарына анықтама берілген.
«Инвестиция» түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі, инвестициялау объектісі түсініктерімен тығыз байланысты. Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу процесін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды. Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Инвестициялық қызмет ғылыми техникалық, өндірістік процесті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне әсер етеді. ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие.
Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Осылайша, инвестициялық қызмет дегеніміз – инвестордың инвестициялық объектіні таңдауы және құруы. Оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асырумен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді. Инвестициялық қызметтің бірінші кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады.
Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі. Инвестициялау объектісіне: ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар; жылжитын және жылжымайтын мүліктер; авторлық құқық, ноу-хау және т.б интелектуалдық құндылықтар; жер учаскелері және басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары. Сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:жеке және заңды тұлғалар; мемлекет; шетелдік мемлекеттер; өзге де халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.
Инвестициялық қызмет және инвестициялық объект түсініктерін бөлу, инвестицияның нәтижесін бағалауға маңызды ықпал етеді. Егер нәтиже ретінде инвестициялық объектіні қарастырсақ, онда оның нарықтық құнымен анықталады. Егер инвестиция нәтижесінде инвестициялық қызмет ықпал етсе, онда ондай баға толық емес болып табылады. Себебі сыртқы көздерден қаражаттарды тарту және уақытша бос капиталды қосымша инвестициялау нәтижесінде, инвестор алатын пайдасының тиімділігі ескерілмейді.
Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Отандық заңнамада инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік және басқа тартылған меншікті және интеллектуалдық қаражаттарды салуды жүзеге асыратын және шешім қабылдайтын, сонымен қатар олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға