Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары

Азақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар

Тарихы пәні бойынша

В020300 – Тарих (гуманитарлық бағыт) мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Курс:3

Семестр: 6

Қарағанды, 2014

Құрастырған: Қ.С. Өскембаев т.ғ.к., доцент

«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар“ тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені несие технологиясы бойынша оқытылатын ІV-ші курс студенттеріне арналған. Бұл оқу әдістемелік кешенде курстың бағдарламасы, дәріс тезистері, барлық түрдегі сабақтардың жоспарлары, оларға қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер енгізілген.

Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы пәні бойынша тарих факультетінің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен /Дайын. Қ.С. Өскембаев. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014. - 51 б.

©Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014.1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу мерзімі Курс Семестр Кредит саны Лекиялар Семиарлар соөж сөж Барлығы Бақылау түрі
4 жыл тест
Тақырып атауы Лек Сем СОӨЖ СӨЖ
Кіріспе лекция. Тарихнама мәселесі. Тоталитаризм. методологиялық және теориялық мәселелері. 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. 2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары. 3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.      
1917 ж. Қазан төңкерісі және В.И.Ленин. 1. Ленин және большевизм: «апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін. 2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура. 3. Қазақстанда большевиктік биліктің орнауы. В.И.Ленин және Түріккомиссия.      
Қазақстан жаңа экономикалық саясат (НЭП) жылдарында. 1. 1920 жылдардың басындағы әлеуеттік жағдай. Елдегі ауыр дағдарыс себептері. 2. Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатқа өту.      
Сталин және сталинизм. 1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Сезге хат» («Завещание Ленина»). 2. И.Сталиннің билік басына келуі. 3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.      
5-6 Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: саяси негіздері. 1. Алашорда зиялыларының тағдыры. 2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері. 3. Әртүрлі «саяси ауытқышылыққ» айыптау науқандары, барысы, салдарлары. 4. Тоталитарлық жүйе жағдайындағы бір партиялық басқару.      
7-8 Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасауы. 1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазақ» идеясы. Тап күресі мәселесі. 2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдарлары.      
Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер. 1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы. 2. Мәдениет пен мәдени революция мәселесінің лениндік-сталиндік тұғырнамасы. 3. Социалистік түрдегі ұлттық мәденитті қалыптастыру: тарихы мен сабақтары. 4. Дінге байланысты мемлекеттік саясат және оның жүзеге асырылуы. 5. Мәдениет саласындағы саяси қуғындаулар мен цензура.      
Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік геноцид. 1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі. 2. аштыққа қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқынщыдықты тоқтатуға бағытталған шаралар. 3. Қазақстандағы демографиялық апат.      
Жаппай қуғын-сүргін. 1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы. 2. Басқа ұлт өкілдерін қазақ жерлеріне депортациялау. 3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.      
Соғыстан кейінгі жылдарда тоталитарлық тәртіптің күшеюі. 1. Сталиндік лагерлер жүйесінің ұйымдастырылуы. 2. Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.      
Қазақстан сталинизмнің дағдарысы жылдарында. 1. Сталиннің өлімі. партияның ХХ съезі. 2. Қазақстан ХХ ғ. 50-60 жылдарында: экономика, әлеуметтік жағдай.      
Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі. 1. Идеялық күрес. 2. Шаруалар көтерілісі. 3. Кеңес өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығы. 4. ХХ ғ. 70-80 жж. тоталитарлық жүйеге қарсылық. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.      
  Қазақстан тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейін. 1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі. 3. Әлеуметттік-экономикалық саладағы өзгерістер: қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар.      
  Барлығы

Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары

Аталған мамандық бойынша сыртқы бөлім жоқ.

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Өскембаев Қанат Садуақасұлы- Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к.

Электронды адрес: [email protected]

Тарих факультеті, 3-корпус

Кафедрада болу уақыты: 9.00 – 18.00

3.2 Пререквизиттері:

Университеттік «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы» курсын меңгеру үшін студент:

- Қазіргі заман тарихы бойынша мектеп бағдарламасы көлемінде нақты материалдарды білуі;

- деректі құжаттардың фрагменттерімен жұмыс істеуге деген бейімділігі;

-тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстылығын айқындай алатын қабілеттілігі керек.

3.3 Постреквизиттері:«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы» курсын оқу барысындағы білімдарлық келесі пәндерді игеруге қолданылады және тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік береді:

- Құқық және мемлекет тарихы

- Қазақстан экономикасының тарихы

- Әлеуметтану

- Мәдениеттану

- Саясаттану

- Философия

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны: «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы» (мамандық пәнін) тереңдете меңгеру үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихынан», «Қазақстан халықтары мәдениеті тарихынан (ХХ ғасыр)», «КСРО тарихынан», «Алаш қозғалысы», «Саясаттану» пәндерінен білім деңгейі болуы керек. Қазақстанда орныққан тоталитарлық жүйе мен саяси қуғын-сүргін қазақ елінің өсіп өркендеуіне, әлемдік өркениеттен өз орнын алуына тосқауыл қойды. Тоталитарлық жүйе ұлт зиялыларын, талай ғұлама ғалымдарды саяси қуғын-сүргінге салып, ақыл ойдың ғарыштап дамуын да тежеді. Оның ұлт болмысына кері әсері боды. Пәннің тереңдей қарастыратын негізгі тақырыбы – Қазақстанда тоталитарлық жүйе орнығуының тарихы. Тоталитарлық жүйенің саяси-әлеуметтік және экономикалық негіздерінің қалыптасуы: себептері, барысы, күйреуі. Тақырыпты ашу мақсатында тарихи деректер мен ғылыми тұжырымдарға, қазақ зиялыларының шығармаларының түпнұсқаларына ерекше мән беріледі.

Пәнді оқытудың мақсаты –пәннің тереңдей қарастыратын негізгі тақырыбы – Қазақстанда тоталитарлық жүйе орнығуының тарихы. Тоталитарлық жүйенің саяси-әлеуметтік және экономикалық негіздерінің қалыптасуы: себептері, барысы, күйреуі. Тақырыпты ашу мақсатында тарихи деректер мен ғылыми тұжырымдарға, қазақ зиялыларының шығармаларының түпнұсқаларына ерекше мән беріледі.

Оқу - әдістемелік кешеннің міндетіне студенттерге тоталитарлық жүйенің тарихының нақтылы дәуірін меңгерудің дүниетанымдық кешендік мүмкіндігін тудыру жатады. Оған іс жүзінде қол жеткізудің жолдарын көрсетеді.

Курсты оқу үшін студенттер алдымен жұмыс бағдарламасымен танысулары керек.

Бағдарламада көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі негізгі монографияларды оқып, конспекті, аннотация жазулары қажет.

Оқытушының арнайы тапсырмасы мен рефераттар жазып, шағын баяндамалар жасауға міндетті.

Оқу графигі бойынша кейбір тақырыптардың коллоквиум тапсырады (оның тақырыбы беріледі).

Наши рекомендации