Р сыртқы эконом. саясаты

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. 1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды.Қазақстан сыртқы экономикасын дамыту үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

Ауіп қатерді азайту

АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілген болатын. Елбасымыздың ядролық қарусыз әлем құру, ғаламдық ядролық қауіпті қысқарту саласында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру маңыздылығы туралы бастамаларының өзектілігін тағы да айқындады. Айта кетерлігі, Елбасы манифесі таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Елбасы манифесі Вашингтондағы Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Онда соңғы 25-30 жыл бедерінде болған аса маңызды оқиғалар мен шешімдер терең талдау жасала отырып мазмұндалып, өткен кезеңге оның адамзат өміріне, бүкіл жер беті халқының қауіпсіздігіне тигізген ықпалына объективті баға берілген болатын.
Вашингтондағы Президенттің ұсынысы – манифестің өмірге келуі әлемнің бейбіт қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты-ныштықты сақтау жолында не істеу керектігі жайында нақты ұсыныстар, планетадағы өркениеттердің бір-бірімен бейбіт қатынастарда болуы жолында әлемдік азаматтық қоғам мен жаһандағы мемлекет басшыларының неге баса назар аударуы қажеттігі көрсетілген.

– Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесі сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады, – деді Елбасы өз манифесінде. Елбасы атап өткендей, ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да. Елбасы бұл ретте адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажеттігін айтты.

АӨСШК

Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) бастамасын жүзеге асыру айрықша орын алады.

Қазіргі уақытта АӨСШК-ге мына 26 мемлекет мүше: Ауғанстан,Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Египет, Израиль, Ирак, Иран, Иордания Хашимит Корольдігі, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия және Үндістан. Бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филиппин, Шри-Ланка. Сонымен қатар, АӨСШК-ге мына халықаралық ұйымдар қатысады: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб Мемлекеттері Лигасы. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мемлекет басшысы бастаманың басты мәні әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік әлі жасала қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді және әмбебап құрылым жасақтау бағытындағы бұрын жүзеге аспаған талпыныстарды қайта жаңғыртуда екенін атап өтті. АӨСШК-нің жаһандық дамудың күрделі жағдайында институционалдық тұрғыда қалыптасуы мен нығаюынан бұрын ұзаққа созылған талқылаулар, пікірталастар, көзқарастардың түйісу нүктесін табу жолындағы қажырлы ізденістер орын алды. Алғашқы кездесу 1993 жылы сәуірде өтті. Екінші басқосу 1993 жылғы тамыз-қыркүйекте, ал үшіншісі 1994 жылы қазанда болды. Үшінші кездесудің нәтижесінде Кеңестің құжаттарын дайындау міндетіне кіретін Арнаулы Жұмыс Тобын құру туралы шешім қабылданды.

Министрлердің 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен бірінші кездесуінде АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды. АӨСШК-нің 2014 жылы мамырда өткен ІV Шанхай саммиті бұл үдеріс эволюциясындағы ерекше басқосу болып шықты: өткізілген кездесулердің басты қорытындысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Сондай-ақ, негізгі құжат – Төртінші саммит декларациясы қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары Бангладеш пен Катарды Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жаңа мүшелері ретінде ықыласпен қарсы алды.

165. ЕҚЫҰ

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.(38 мемл. катысты)

Еуразиялық идея

Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып,қазір өмірге белсене еніп келеді.

Еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Нұрсұл­тан Әбішұлы философ болмаса да, өзінің сезімтал қасие­тімен осы идеяның өміршеңдігіне көзі жеткендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы идеяны іске асыру­дың артықшылығын көре білді және ол ақыл-ой жүйесінде ғана емес, нақты өмірде экономикалық интеграция түрінде қажеттілігін дәлелдеді. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы. Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан пішінінде құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесіндегі бетбұрысты сәт болды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдеріндегі нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жедел көмек, мысалы, әлемдік дағдарыс зардаптарын бастан өткерген Беларусь экономикасына, көмек беруге де жағдай жасады.
167. Кедендік одақ

. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады. Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ло­руссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем дегенде 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ бизнесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.

168. Еуразиялық Одақ

Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаннан кейін Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай нарығын құру үдерісі мәреге жетті. Алайда бұл интеграцияның біздің республика үшін плюстері мен минустері туралы пікір-талас әлі жалғасуда. Ел басшысының бағалауынша жаңа экономикалық одақтың тағы бір плюсі, қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияның қосымша ағыны және біріккен кәсіпорындар құру болмақ, себебі Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бойынша салық деңгейі Белоруссия мен Ресейге қарағанда аз. Осылайша биліктегілер біздің ел ЕЭО бірыңғай нарығына шетелдік бизнес шығатын терезе болады деп үміттенеді. Еске салсақ, құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық шығындардың 30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етеді. ЕЭО құрғанның тағы да бір жағымды факторы бірыңғай нарық аясында жұмыс күші жеделдігінің өсімі. Және, ЕЭО Қазақстан үшін ең бастысы, биліктегілердің айтуынша, Белоруссия және Ресей республикасымен сыртқы сауда көлемінің артуы. Теориялық жағынан бұл сондай-ақ, ІЖӨ өсу қарқынын, бәсекелестік пен өнім сапасының артуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік тұрақтылық өсімін арттыруы тиіс. ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009 жылдарда Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда көлемі сәйкесінше, $20 және $12,4 млрд болса, онда 2010 жылы ол $17,4 млрд-ға дейін жеткен, ал бір жылдан кейін - $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы көрсеткіш сақталып қалған. Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше $23,1 және $23,5 млрд. болған. Сондықтан ЕЭО құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тек арта береді деуге барлық негіз бар

Наши рекомендации