Исламнан бұрынғы экономикалық ахуал

Араб түбегінде экономиканың негізін ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы, және сауда құрайтын. Егіншілік суармалы, таулы аймақтарда болса, мал шаруашылығы жайлауы кең жерлерде болатын. Екі түрлі шаруашылыққа келмейтін Мекке секілді қалаларда сауда және өнер кәсіппеншұғылданатын еді. Бірақ Меккенің саудасы ерекше болатын, өйткені Мекке төрт жолдың торабында орналасқан сауда орталығы есептелетін. Көбіне егіншілік жаңбырға байланысты бірде мол, бірде аздау болатын. Бұл тұрғыдан қараған кезде, Йеменнің табиғаты жауын шашынды болғандықтан мол өнім алатын болған. Суды үнемдеп пайдалану үшін су қоймалар жасалған еді. Негізгі өнім бидай болып ,сол аймақтың ең сапалы бидайы Йеменде өсетін. Йеменнен кейін Таиф, Мәдина, Нәжд, Хайбар және басра аймағында да егіншілікке дұрыс еді. Ал, мал шаруашылығымен тек бәдауи арабтар айналысатын. Қой ешкі,қара мал,түйе олардың негізгі байлықтары болып саналатын. Сол малдардың етін, сүтін пайдаланып, артқандарын сатып, қалған қажеттіліктерін өтейтін болған.Отырықшы арабтарда біршама малдардың қатарында түйемен жылқы асырап керуенге дайындайтын. Йемендіктерде ерте заманнан саудамен айналысып,африкаға, азияға, индияға сауда жасайтын еді. Мысыр, Феника, Асурлықтарға қажет болған заттарды Индиядан алып, теңіз және қара жолдарымен жеткізіп беріп отырған.

исламнан бұрынғы экономикалық ахуал - student2.ru Йемендік саудагерлер Үндістаннан неше түрлі бағалы тастарды, піл тістерін, дәруменді шөп тамырларын,батыс Африкадан әтір ұпалар мен алтынды елдеріне импорт жасайтын. Йемен Эфиопиямен Иранның отарлауының салдарынан теніз жолынан ажыраған соң, ішкі саудаға бет бұрды. Сөйтіп Мекке қаласы Эфиопия, Шам, Йемен ортасындағы үлкен сауда базарына айналды.

Меккенің сауда айналымы дамығаны соншалықты, Византия, Рим, Иран секілді алпауыт мемлекеттер Меккені басып алуға ниеттенген болатын. Бірақ Мекке еш бір уақыт өзге елдің отырында болған емес. Бұл тұрғыда анкабут сүресінде мынадай аят бар. «(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұрғанда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәшүкірлік қыла ма?[12] (67)»

исламнан бұрынғы экономикалық ахуал - student2.ru

Араб түбегіндегі сауда

Картасы.

Меккке де кағбаның болуы, маусымдық жәрменкелердің ұйымдастырылуы, қалаға келушілердің көбеюіне бір ден бір себеп еді. Келген қонақтарды тосып алу, оларға қызмет көрсету, қаіпсіздігін қамтамасыз ету құрайштарардың еншісінде болатын. Сол себептен құрайштардың арабтар арасында абыройы аса тусті.Ал көсемдерінің орны ерекше болып, елдің ықыласына бөленген болатын. Құрайш тайпасының сауда керуендері бүкіл арабтардың арасында танымал еді. Сондықтан олардың керуендеріне ешкім тиіспейтін болған. Йеменнен алған тауарларын солтүстікке дейін апарып сатып, қайтуда жол жөнекей Мысыр, Шам шахарларынан түрлі керекті заттарды алап келетін. Хижаз арабтарының өзіндік ақшалары жоқ еді. Олар Динар ( Византия алтыны), Дирһам ( Йемен және Иранның күміс теңгесі) қолданатын болған. Керуен жолдарында ‘’Дәумәтул жандәл, Мушаккар, Сухар, Дәба, Маһра, Аден, Сана, Указ, Зүл мажаз, Нәтат, Хажар, Рабиға, Әзрият, Бусра ‘’ атты базарлар орналасып, керуендер сол базарларға қонақтап, аумағындағы жергілікті халықпен алыс беріс, сауда саттығын жасайтын болған. Құрайштан қыста Йеменге, ал жаз айларында Шам тарапынакеруен шығатын болған. Пайғамбарымыздың үлкен атасы Абдуманаф Византия императорымен сауда келісімін жасаған. Ал Абдуманафтың төрт ұлы: Һашим Шамға, Абдушшамс Эфиопияға,Мутталиб Йеменге, ал Науфал Иранға керуен шығаратын. Құрайш тайпасының басқа да саудагерлері, шар тарапға сол төр кісінің арқасында сауда керуендурін жүргізіп отырытын. Ешкім құрайш керуендеріне қарақшылық жасамайтын болған, өйткені айналадағы елдерден қауіпсіздік және дербес құқықтарын қорғайтын кепілдік хаттарын алып келісім шарттар жасап қойып еді. Солтүстік және оңтүстік сауда керуенінің жолы басқаларына қарағанда қауіпсіздеу болатын. Бұл екі сауда жолы жайлы Құранда да келген: «Қурайштың бейбітшілігі үшін, олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі,

Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын. Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған.[13]»

Бұл сауда қарым қатынастарынан тек экономика ғана емес мәдени құндылықтар мен де сусынданып, барған елінен керекті мағлуматтар алып қайтатын болған. Сауда мен экономиклық қарым қатынастардың себебімен ой пікір, көзқарастарында дамытып отырған.

Араб түбегіндегі сауда керуені Йеменнен бастау алып, Таиф, Мекке, Мәдина, Хайбар, Тәбук, Хижр, Маған, Мутә және Бусра арқылы қысын жазын Йеменге жалғасып жататын. Бұл керуен жолынан басқа қызыл теңізді жағалай, Ақаба шығанағындағы Ейле Арқылы ақтеңіз жағалауына жалғасатын керуен жолыда бар еді. Одан бөлек Меккені Иран, Бағдат, Бахрейн мен жалғастырып жатқан керуен жолыда жұмыс істейтін.

Наши рекомендации