Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – оның кредит төлеу қабілеті.

Нарық экономика жағдайында кәсіпорын несие қаражатының маңызды көзі болып банктік кредит саналады. Банктар кредитті коммерциялық негізде, әрекетті заң шығарушылықпен ескерілген және жақтармен келісілген қайтару,жеделдік, ақылық, несиені мақсатты міндет пен қамтуға пайдалану принциптерін қатал сақтау шартымен береді. Несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорынмен келісім негізінде банк арасындағы несие келісім-шарттармен реттеледі.

Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:

- несиелеу объектілері;

- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;

- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;

- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;

- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік);

- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;

- несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;

- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.

Несие берілетін мерзімге қарай, олар қысқамерзімді (1 жылға дейін) және ұзақмерзімді (1 жылдан астам) несиелерге бөлінеді.

Қысқамерзімді несие - кәсіпорынның айналым қаражаты көздерінің бірі. Ол кәсіпорынның ағымды әрекет процесінде туындайтын жетпеген ақша қаражат қажеттігін толтыруға көмектеседі.

Ұзақмерзімді несие капиталдық шығындарға берілуі мүмкін. Ол кәсіпорынның оның дамуына бағытталатын (өндірісті кеңейту, жаңадан салу, жаңа техниканы енгізу және т.б.) несиелік қаржы ресурстарының көзі болады.

Несиелеу объектісі осындай болуы мүмкін: тауар импорты мен экспорты, сыртқы экономикалық әрекет шығындары, жеке жұмыс әрекетімен шұғылданатын азаматтар сатып алатын шикізат, материал және басқа мүлік.

Қарыз алушыларға банк алдында берілген несиесінде уақыты өткен қарызы болмаған жағдайда береді.

Несиелендіруге қабылданбайды:

- транспортировка салдарынан өнімді арту кешігуімен байланысты жиналған мерзімділерден басқа нормадан артық дайын өнім қалдықтары;

- мерзімді қалдықтардан басқа нормадан артық бітпеген өндіріс қалдықтары;

- өндірістің жылдық қажеттігінен артық, бір жылдан астам қозғалмай сақталған ТМШ;

- артық, керегі жоқ, қиын өткізілетін және пайдаланбайтын ТМҚ;

- құндылықтардыңқұруына немесе бүлінуіне әкелетін, сақталуды қамтымайтын сақтау шарттарыдағы ТМҚ;

- несие келісім-шартында қарастырылған мерзімнен артық жолдағы МҚ;

- шығын сметасынан асқан және өнімнің өзіндік құнына қатыстырылмаған шығындар;

- объектті пайдалануға берілгеннен кейін жасалатын іске қосу жұмыстары;

- уақытында өңделмеген алдыңғы жылдар астығының бітпеген өндірісі және ауыл шаруашылық шикізат қалдықтары;

- мөлшері оны өндіретін кәсіпорынның өндіріс қуатынан асатын ауыл шаруашылық шикізат қорлары, дайындықтың жаңа маусымына дейін;

- тием қойылған тауарларға, дайын өнімге және бітпеген өндіріске жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

Несие алу үшін қарыз алушы несиенің мақсаты, сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімдері жазылған негізделген жазба өтінішпен (3 данада) банкқа барады.

Қарыз алушы белгілі құжаттар тізімін береді. Қажетінше банк қарыз алушының қаржылық жағдайын тексеруі мүмкін.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілеті деп кәсіпорынның толық және уақытында өз қарыз міндеттерін өтеуге және жаңа несие алуға алғышарт болу қабілеттігін түсінеді. Басқаша, кредит төлеу қабілеті – бұл кредит алу құқығы және мүмкіндігі. Ол алдында алынған кредитті төлегенде ұқыптылықпен, ағымды қаржы жағдаймен және керегінде түрлі көздерден ақша қаражаттарын жинау мүмкіндігімен сипатталады.

Кредит төлеу қабілетін талдау мақсаты – банкпен кредит беру шарты мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуге дейін анықталатын қарыз алушының сапалық бағасы, банк клиенттің қарызға алынған қаражатты кредит келісім-шартына сәйкес қайтару қабілетін және дайындығын алдынан ала көруі керек, сонымен бірге кредиттік салымдардың мақсатқа лайықтығын және негізділігін бағалау қажет.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілетін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтау;

- қарыз алушының тиімсіз шаруашылық әрекеті салдарынан кредит ресурстарының жоғалуын ескеру;

- қарыз алушы-кәсіпорын әрекетін оның тиімділігін арттыру үшін ынталандыру;

- несиелендірудің тиімділігін көтеру.

Кредит төлеу қабілетін талдауды несиелендіру шарттарынан бастайды. Ол үшін зерттеледі: қарыз алушының беделі; қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға және табыс алуға қабілеті; кредит ресурстарын пайдалану мақсаттары; кредит сомасы; кредит өтеуі; кредитті қамту; активтерді иемдену; экономикалық конъюктураның жағдайы және даму болашағы.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің жиналған мәліметтері, қосымша ақпарат негізінде өткізіледі, яғни жариялау, төлемді кідірту фактілері туралы құпия мәлімет, серіктес алдында міндетсіздік, кәсіпорын иелері немесе басшылардың моральсыздық тәртібі негізінде өткізіледі. Кей-бір кәсіпорындарға банктер досье ашады.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілетін бағалаудың бас әдісі – ресми бухгалтерлік есеп беруді талдау, оның негізінде банк бағалауы қажет: а) қарыз алушы кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін; б) айналым қаражат пен алынған кредиттерді пайдалану тиімділігін; в) барлық қарыз міндеттерді, сұранған несиені қоса, өтімділік қаражатымен жабу; г) шаруашылық айналымда өзіндік айналым қаражатарының болуы; д) қарыз алушының табыстылығы.

Кредит төлеу қабілетін бағалау белгілі датаға және динамикада өткізіледі. Өткізілген талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

Кредит төлеу қабілетін талдау барысында бірқатар көрсеткіштер пайдаланады. Бұл өтімділік, кәсіпорын табыстылығы көрсеткіштері. Кредит төлеу қабілетін бағалаған кезде аралық жабу коэффициентімен бірге жалпы өтімділік коэффициенті пайдаланады. Егер ол 1 төмен болса, банк төлемге қабілетсіз клиентпен іс жүргізеді, бұл жағдайда кредит ерекше шарт бойынша ғана берілуі мүмкін. Бұл көрсеткіш деңгейі 1 – 1,5 шамасында уақытында қарызды сұрау тәуекелі болады; 1,5-ден астам коэффициент деңгейінде қарыз қамтылуының және оны қайтарудың кепілі жеткілікті.

Одан басқа, осындай экономикалық көрсеткіштерді де зерттеу керек: айналым қаражаттың айналымдылығы, өткізу өсуінің темптері, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Кредит төлеу қабілетін талдауды өткізген кезде кәсіпорынның алынған кредиттерін өтеу қабілетсіздігінің негізгі себептері анықталады: сенімсіз дебиторлық қарыздың болуы, клиент алдында міндеттерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларының жинау, шаруашылық әрекеттің төмен тиімділігі, айналым қаражаттардың айналымдығын баяулату. [kgl]

[gl] 13 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ[:]

Сабақ мақсаты:қаржы тұрақтылығын талдау әдістемесімен таныстыру.

Түйінді сөздер: қаржы тұрақтылығын, төлемқабілеттлік, несие қаблеттілікті, меншік қорлар, ұзақ мерзімді қорлар, қысқа мерзімді займдық құралдар, ұзақ мерзімді пассивтер.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Қаржы тұрақтылығының абсолюттік көрсеткіштері. Қаржы тұрақтылығының үш факторлық моделі. Қаржы тұрақтылығының салыстырмалы көрсеткіштері

2. Қаржы тұрақтылығы коэффициенттеріне интерпретация жасау.Қанағатсыз құрылымға ішкі және сыртқы баға беру

3. Компанияның абсолютті төлемқабілеттлік түсініктері. Несие қаблеттілікті талдау

1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықты талдау.

Қаржылық жағдай дегеніміз – кәсіпорынның өзінің қызметін қаржыландыра алу қабілеті. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін қажетті қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, олардың орынды орналастырылуымен және тиімді пайдалануымен, басқа заңдық және жеке тұлғалармен қаржылық өзара байланыстармен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарыстық болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді жүзеге асыру, өзінің қызметін кеңейтілген түрде қаржыландыру қабілеті оның жақсы қаржылық жағдайын білдіреді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (КҚЖ) оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалып жатса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң ықпалын тигізеді. Және керісінше де, өнімді өндіру және сатып өткізу жоспарының жеткілікті орындалмауы нәтижесінде оның өзіндік құны жоғарылайды, түсім мен пайда сомасы азаяды және осының салдарынан – кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның төлем қабілеттілігі нашарлай түседі.

Тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін керекті ресурстармен қамтамасыз етілуіне оң ықпалын тигізеді.

Сондықтан шаруашылық қызметтің құрамдас бөлігі ретіндегі қаржылық қызмет ақшалай ресурстардың жоспарлы түрде келіп түсуін және шығындалуын қамтамасыз етуге, есеп тәртібінің орындалуына, меншікті және қарызға алынған капиталдың рационалды пропорцияларына қол жеткізуге және оның тиімдірек пайдалануына бағытталған.Қаржылық қызметтің басты мақсаты – өндірістің тиімді дамуы үшін және максималды пайда алу үшін қаржылық ресурстарды қайда, қашан және қалай пайдалану керектігін шешу.

Нарықтық экономика жағдайында тіршілік ету үшін және кәсіпорынның банкроттығын болдыртпау үшін қаржыларды қалай басқару керек екендігін, құрамы және пайда болу көздері бойынша капиталдың құрылымы қандай болуы керек екендігін, қандай үлесін меншікті қаражаттар, ал қандайын –қарызға алынған қаражаттар алуы керек екендігін білу қажет. Сонымен бірге, нарықтық экономиканың: кәсіпорынның іскерлік белсеңділік, өтемділік, төлем қабілеттілігі, несиені өтеу қабілеттілігі, пайдалылық (рентабельділік) табалдырығы, қаржылық тұрақтылық запасы (қауіпсіздік аймағы), тәуекелдік дәрежесі, қаржылық тұтқа тиімділігі және т.б. сияқты түсініктерін және оларды талдау әдістемесін білу қажет.

Талдаудың басты мәселесі – қаржылық қызметтегі кемшіліктерді уақытында айқындап алу және жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның төлемге қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.

Бұл кезде келесі мәселелерді шешу қажет:

Өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің әртүрлі көрсеткіштері арасында себеп-салдық өзара байланысты зерделеу негізінде қаржылық ресурстардың келіп түсуі және олардың кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту позициясынан пайдаланылуы бойынша жоспардың орындалуына баға беру.

Шаруашылық қызметінің нақты жағдайларына және меншікті және қарызға алынған ресурстардың қолда бар болуына қарап, мүмкін болатын қаржылық нәтижелерді, экономикалық пайдалылықты (рентабельділікті) болжау, ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқалары кезінде қаржылық жағдай үлгілерін жасап шығару.

Қаржылық ресурстарды одан да тиімді пайдалануға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған нақты шараларды жасап шығару.

КҚЖ-ның тұрақтылығын бағалау үшін келесі көрсеткіштердің өзгерістерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:

· кәсіпорын капиталының орналасуы және пайда болу көздері бойынша құрылымын;

· оны пайдалану тиімділігін және қарқындылығын;

· кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несиені өтеу қабілеттілігін;

· оның қаржылық тұрақтылығының запасын.

КҚЖ талдау, әдетте, салыстырмалы көрсеткіштерге негізделеді, себебі құнсыздану жағдайында баланстың абсолюттік көрсеткіштерін салғастырылымдық түрге келтіруге мүмкін емес.

Талданатын кәсіпорынның салыстырмалы көрсеткіштерін мыналармен салыстыруға болады:

· тәуекелдік дәрежесін бағалау үшін және банкроттық мүмкіндігін болжау үшін жалпыға бірдей «нормалармен»;

· басқа кәсіпорындардың ұқсас деректерімен, өйткені бұл кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сонымен қатар, оның мүмкіндіктерін айқындауға рұқсат етеді;

КҚЖ-ның жақсару немесе нашарлау тенденцияларын зерделеу үшін алдыңғы жалдардың ұқсас деректерімен.

Қаржылық жағдайды талдаумен кәсіпорынның жетекшілері мен сәйкес қызметтері ғана айналыспайды, сонымен қатар, оны ресурстардың пайдалану тиімділігін зерделеу үшін құрылтайшылары және инвесторлары, несие берудің жағдайларын бағалау және тәукелдік дәрежесін анықтау үшін банктер, төлемдерді дер кезінде алу үшін жеткізушілер, бюджетке қаражаттардың келіп түсу жоспарын орындау үшін салық инспекциялары және т.с.с. өткізуі мүмкін. Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі талдау кәсіпорын қызметтерімен іске асырылады және оның нәтижелері КҚЖ-н жоспарлау, бақылау және болжау үшін пайдаланылады. Оның мақсаты – ақшалай қаражаттардың жоспарлы түрде келіп түсуін анықтау, меншікті және қарызға алынған қаражаттарды кәсіпорынның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететіндей ғылып орналастыру, пайданың максимумын алу және банкроттықты болдыртпау.

Сыртқы талдау жарияланған есеп беру негізінде инвесторлармен, материалдық және қаржылық ресурстардың жеткізушілерімен, бақылау органдарымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты – пайданың максимумын қамтамасыз ету үшін және жоғалту тәуекелдігін болдыртпау үшін қаражаттарды тиімді салу мүмкіндігін анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін ақпараттың негізгі көздері – бұл есеп беру бухгалтерлік балансы (нысан №1), пайдалар мен залалдар туралы есеп беру (нысан №2), капиталдың қозғалысы жөніндегі есеп беру (нысан №3) және есеп берудің басқа да нысандары, баланстың жеке баптарын айқындайтын және тәпіштейтін алғашқы және аналитикалық есепке алу деректері.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері қорлар мен олардың құрылу көздерінің жағдайын сипаттайды.

Қорлардың қалыптасу көздеріне сипаттама беру үшін үш негізгі көрсеткіш экономикалық тәжірибеде қолданылады:

1. Меншік айналым құралдарының үлесі– капитал мен резервтер және айналымдық емес активтер арасындағы айырмамен сипатталады. Бұл көрсеткіш таза айналым капиталын сипаттайды. Бұл көрсеткіштен өткен жылға қарағанда өсуі кәсіпорынның ұдайы дамуымен түсіндіріледі. Бұл көрсеткішті келесі түрде жазу ұйғарылған:

МАҚ=МК – АЕА

Мұндағы, МК- меншік көздері ( пассив балансының V – бөлімі)

АЕА- айналымдық емес активтер ( актив балансының II бөлімі)

2. Меншік және ұзақ мерзімді қорлар мен олардың құрылу көздерінің қалыптасуының үлесі .(МҰМҚ)

МҰМҚ = МАҚ + ҰМП

мұндағы , МАҚ - меншікті айналым құралдары

ҰМП- ұзақ мерзімді пассивтер ( пассив балансының IV бөлімі )

3.Қорлардың және олардың құрылу көздерінің негізгі жалпы сомасы (ЖК):

ЖК= МҰМҚ + ҚМЗҚ

Мұндағы МҰМҚ- меншіктік және ұзақ мерзімді қорлар мен, олардың құрылу көздері

ҚМЗҚ – қысқа мерзімді займдық құралдар

Сонымен қатар, қорлар және олардың құрылу көздерінің қалыптасуының үш көрсеткішін көрсетуге болады:

1. Меншікті айналым құралдарының көбеюі (+) мен азаюы (-) (∆МАҚ):

∆МАҚ= МАҚ – Қ

Мұндағы, Қ- қорлар(актив балансының I бөлімі )

2. Меншікті және ұзақ мерзімді қорлардың құрылу көздерінің көбеюі(+) мен азаюы (-) (∆МҰМҚ):

∆МҰМҚ= МҰМҚ- Қ

3. Қорлардың негізгі құрылу көздерінің жалпы шамасының көбеюі (+) мен азаюы (-) (∆ ЖК):

∆ ЖК= ЖК- Қ

Жоғарыда көрсетілген қорлар мен олардың құрылу көздерінің көрсеткіштері үшкомпонентті S- көрсеткішіне интегралданады:

S={∆МАҚ ≥; ∆ МҰМҚ; ∆ЖК }

Бұл үшкомпонентті S- көрсеткіші қаржылық тұрақтылықты сипаттайды:

1. S= {1;1;1}, яғни ∆МАҚ ≥0; ∆МҰМҚ≥0; ∆ЖК≥0;

Асолюттік тұрақтылық ( қазіргі экономика жағдайында өте сирек қолданылады.

2 . S= {0;1;1}, яғни ∆МАҚ< 0; ∆МҰМҚ≥0; ∆ЖК≥0;

Қалыпты тұрақтылық , кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің кепілдемесі.

3. S= {0;0;1}, яғни ∆МАҚ< 0; ∆МҰМҚ<0; ∆ЖК≥0;

Тұрақсыз қаржылық жағдай, ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің нашарлауымен түсіндіріледі.

4. S= {0;0;0}, яғни ∆МАҚ< 0; ∆МҰМҚ<0; ∆ЖК<0;

Дағдарыстық қаржылық жағдай – кәсіпорын төлем қабілетсіз болып, банкроттыққа жақын болғанда болады.

2. Барлық қаржылық тұрақтылыққа қатысты көрсетілімдерін екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ – айналым құралдарының жағдайын анықтайтын көрсеткіштер.

· меншік құралдарымен қамтамасыз ету коэффициенті;

· материалдық қорлардың меншіктік айналым құралдарымен қамтамасыз ету коэффициенті;

· Негізгі құралдардың ұтқырлық (маневренность) коэффициенті;

Екінші топ – негізгі құралдар ( ұзақ мерзімге тартылған займдық құралдар коэффициенті, тозу коэффициенті, мүліктің нақты құны коэффициенті) мен қаржылық тәуелсіздік дәрежесін ( автономия коэффициенті; займдық құралдар мен меншік құралдарының арақатынас коэффициенті) сипаттайтын көрсеткіштер.

Есепті кезеңде есептелінген коэффициенттер нормаларымен салыстырылады, осы кезде кәсіпорынның әлсіз қуатты жақтары анықталынады. Төменде қаржылық тұрақтылықты есептейтін көрсеткіштер берілген:

1. Негізгі құралдармен қамтамасыз етілу коэффициенті – қаржылық тұрақтылыққа қажетті кәсіпорынның меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етіліунің дәрежесін сипаттайды.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.8)

мұндағы, МК- меншік көздері ( Пассив балансының V – бөлімі,1- қосымша).

АЕА- айналымдық емес активтер.

АА- айналымдық активтер.

2.Материалдық қорлардың меншік құралдарымен қамтамасыз ету коэффициенті – материалдық қорлардың қаншалықты меншік құралдарымен жабылғанын немесе қаншалықты тартылған займдық құралдарды қажет ететінін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru

Мұндағы, МК- меншік көздері (Пассив балансыныңV–бөлімі,1- қосымша)

АЕА – айналымдық емес активтер (Актив балансының II бөлімі, 1-қосымша )

К – қорлар

3.Меншікті капиталдың ұтқырлық коэффициенті – меншікті құралдар көздерінің қаржылық көзқарас тұрғысында қаншалықты жинақы (мобильный) екендігін сипаттайды.Бұл көрсеткіштің жоғары болуы, қаржылық тұрықтылықтың жоғары екендігін көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде оның мәні Кұ=0.5-ке тең болуымен қалыпты болып табылады:

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.10)

Мұндағы, МК- меншікті көздері (Пассив балансының V–бөлімі, 1- қосымша)

АЕА- айналымдық емес активтер (Актив балансының II бөлімі ,1-қосымша )

4. Тұрақты актив индексі – негізгі құралдар көздеріндегі негізгі құралдар мен айналымдық емес активтердің үлесін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.11)

Мұндағы, МК- меншікті капитал (Пассив балансының V–бөлімі ,1- қосымша)

АЕА- айналымдық емес активтер (Актив балансының II бөлімі ,1-қосымша )

Ұзақ мерзімге тартылған займдық құралдардың болмауы кезінде.

Кұ + Кә=1

5.Ұзақ мерзімге тартылған займдық құралдарды тарту коэффициенті - өндірістің меншікті құралдарымен қандай қызметтің бөлігі ұзақ мерзімді займдық құралдармен қаржыландырылғанын көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.12)

мұндағы, ҰМП- ұзақ мерзімді пассивтер(пассив балансының IV - бөлімі ,1- қосымша)

МК- меншік көздері (пассив балансының V бөлімі ,1- қосымша)

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

6. Тозу коэффициенті – негізгі құралдардың тозу арқылы қандай бөлігі қаржыландырылғандығын көрсетеді. Тозу коэффициентінің жоғарылауы, материалдық – техникалық кәсіпорын базасының нашарлауын көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.13)

Немесе

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.14)

мұндағы, ЖТС – жиналған тозу соммасы

НҚББҚ- негізгі құралдардың бастапқы балансының құны

7. Меншіктің нақты құны коэффициенті – меншік құралдарындағы өндірістік құралдардың үлесін көрсетеді. Оның нормасы (>0.5) тең болуы дұрыс.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.15)

мұндағы, НҚ – негізгі құралдар

ШМ- шикізаттармен материалдар

АЕА- айналымдық емес активтер (Актив балансының II бөлімі ,1-қосымша)

8. Автономия коэффициенті – қаржыландыру көздерінің жалпы сомасында меншікті капиталдың үлесін анықтайды. Бұл коэффициенттің жоғарылауы кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.16)

Мұндағы, МК- меншікті капитал(Пассив балансының V–бөлімі ,1- қосымша)

АЕА- айналымдық емес активтер (Актив балансының II бөлімі ,1-қосымша )

9.Займдық құралдар мен меншік құралдарының арақатынас коэффициенті – оның динамикалық өсуі тартылған капиталдан кәсіпорынның тәуелділігін көруге болады (<1).

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.17)

мұндағы, ҰМП- ұзақ мерзімді пассивтер(пассив балансының IV - бөлімі ,1- қосымша)

МК- меншік капитал (пассив балансының V бөлімі, 1- қосымша)

10.Тәуелсіздік коэффициенті – кәсіпорын меншігіндегі , жалпы сомасындағы меншікті құралдың үлесін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.18)

мұндағы, МК – меншікті капитал

БВ – баланс валютасы

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

11. Кәсіпорын меншігіндегі негізгі құралдар мен айналымдық материалдық құралдардың нақты құны коэффициенті – кәсіпорын меншігіндегі өндірістік бағыттағы құралдардың үлесін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru мұндағы, НҚ- негізгі құралдар

ӨАҚ- өндірістік айналым құралдары

БВ- баланс валютасы

Ал, А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулиннің ұсынған қаржылық тұрақтылықты есептеу коэффициенттері келесідей:

12. Жинақы емес активтердің индексі - есепті кезеңнің басы мен соңында есептеледі.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru

мұндағы, Кж - кәсіпорынның жинақылық активтері

Км – кәсіпорынның меншік капиталы

Бұл коэффициент мәні жинақылық активтердің өсу пайызын көрсетеді.

13. Кішкене өзгешелеу берілген « Автономия коэффициенті» - меншікті құралдардың есепті, кезең уақытында өскенін не кемігенін көрсетеді. Ол есепті жылдың басы мен соңында есептеледі.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.21)

Мұндағы, Км – кәсіпорынның меншік капиталы

К- кәсіпорын меншігі ( баланс валютасы)

Әлемдік тәжірибеде NA = 0.5 –ке тең болуы керек, бұл кәсіпорынның займдық құралдарды пайдалану мүмкіншілігі бар екендігін сипаттайды.

14. Қорлардың меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз ету коэффициенті – есепті кезеңнің басы мен соңында есептілік, меншікті айналым капиталының қорлар шамасының қатынасымен түсіндіріледі.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.22)

мұндағы, Ем – кәсіпорынның меншікті айналым капиталы

Еқ – қорлар

Бұл көрсеткіштің мәні есепті кезең уақытындағы қорлардың меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етуінің төмендеуі мен жоғарылауын көрсетеді.

15. Пайыздарды жабу коэффициенті – кәсіпорынның алынған несиелердің пайыздарын жабу қабілеттілігн көрсетеді. Есепті кезеңнің басы мен соңында есептелінеді:

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.23)

мұндағы, РТ – таза пайда

% - банктерге несие үшін пайыздар

16. 1 акцияға келетін дивиденттер көлемі ( тек қана акционерлік қоғамдар үшін есептелінеді). Есепті жылдың басы мен соңында есептеліп, артықшылықты акциялар көлемінің жай акциялар көлеміне қатынасы арқылы дивидентсіз таза пайданың көлемін көрсетеді.

Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау - student2.ru (2.24)

мұндағы , РТ – таза пайда

Дар – артықшылығы бар акциялар

Nж - жай акциялар саны

Мысалы, РТ = 408.6 млн. тг , Дар - 100 млн. тг, сонда 1 акцияға 3086 тг. дивидент төленеді.

Келесі кесте арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштердің тізімдемесін көруге болады(2.1.-кесте):

3. Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып төлем қабілеттілік табылады.

Төлем қабілеттілік – кәсіпорынның саудалық, несиелік және басқа да төлем операцияларсипатында өзінің төлем міндеттерін уақытында жабу қабілетін айтамыз.

Төлем қабілеттілік келесідей мәліметтермен негізделеді:

· есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарының, қысқа мерзімді қаржылық салымдардың болуы. Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарының көп болуы, кәсіпорынның ағымдағы төлемдер мен міндеттемелерді жабуға қабілетті екенін көрсетеді.

· Уақыты өтіп кеткен міндеттемелер мен төлем ұсталымдарының болмауы;

· уақытында несиелердің жабылыуы;

Төлем қабілеттіліктің төмендігі уақытылы бір жолғы, ұзақ және т.б болуы мүмкін олардың себептері болып:

· қаржылық ресурстардың қамтамасыз етіліуінің төмендігі;

өнім өткізу жоспарының орындалмауы

· айналым құралдары құрылымының рационалсыздығы;

· келісім шарттардан төлемдердің уақытылы түспеуі;

· жауапты сақтау орындарында тауар өнімдерінің артық болуы;

Кәсіпорынның төлем қабілеттігі уақытында қарыздық міндеттемелерді толық жаба алуын білдіреді. Төлем қабілеттілік ұзақ және қысқа мерзімді болады.

Жалпы, төлем қабілеттілік – кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін маңызды көрсеткіш. Төлем қабілеттілік келесідей баланстық көрсеткіштерімен есептеледі:

· Меншікті айналым капитал;

· Меншікті айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер қатынасы;

· Заемдық және меншікті құралдардың арақатынас коэфициенті;

Ұзақ мерзімді заемдық құралдардың тартылу

· коэфициенті;

· Несиелер бойынша пайыздық қамтамасыз ету коэфициенті;

Меншікті айналым құралдары – бұл ақшалай түрде немесе жақын арада ақшалай түрге айналуға келетін және де қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға қабілетті қаражат. Егер де меншікті айналымдық құралдар қысқа мерзімді міндеттемелерден көп болса, онда бұл кәсіпорынның тұрақтылығын және экономикада болашағы бар екендігін көрсетеді.

А.Д Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынған жалпы айналымдық активтердің қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасымен есептелетін мына түрдегі формула пассивтер мен активтердің айырмашылығын есептейді:

Төлем қабілеттілікті талдағанда меншікті капиталдың оптималды түрдегі шамасы қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Көптеген экономистердің айтуы бойынша ағымдағы өтімділік коэфициенті, яғни айналымдық капиталдардың

қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы , төлем қабілеттіліктің жалпы индикаторы болып табылады. Инвесторларға кепілдік беру үшін мекеменің меншіктік капиталы кемінде екі есе жедел міндеттемелерден көп болуы қажет.

Ұзақ мерзімді төлем қабілеттілікті бағалау. Ұзақ мерзімді займдарды жабу мүмкіншілігі кәсіпорынның ұзақ уақытқа дейін қызмет етуіне көмектеседі. Бағалаудың негізгі мақсаты – ерте пайда болатын банкроттықты шығару болып табылады. Бұл талдау кризистік уақытқа бірнеще жыл бұрын банкроттықты табуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді займдар бойынша төлем қабілеттігін көрсететін көрсеткіш заемдық капитал мен меншіктік капиталдың қатынасы ретінде есептелінеді.Заемдық капиталдың кәсіпорынның меншіктік капиталынан үлісінің көбеюі баккроттық ықтималдығын көрсетеді. Кәсіпорынның уақытында алынған несиелер үшін пайыздарды, несиелерді жабуға міндетті. Кәсіпорын міндеттемелерінің көптігі ұзақ мерзімді төлем қабілеттігі төмендігін көрсетеді.

d ұ.т.қ= Кұ.м.з.к/ Км.к мұндағы d ұ.т.қ -ұзақ мерзімді төлем қабілеттілік

Кұ.м.з.к- ұзақ мерзімді заемдық капитал

Км.к-меншікті капитал

Кәсіпорын тұрақтылығының жоғарғы формасы оның даму қабілеті болып табылады. Ол үшін кәсіпорын қаржылық ресурстар құрылымын пайдаланып, займдық құралдарды тартуға қабілетті, яғни несие төлеуге қабілетті болуы керек.

Несиегерлік қабілеттілігі (несиені төлеу қабілеттілігі) кәсіпорын болып алынған несиелерді уақытында қайтару және қосымша пайыздарды меншік ресурстары арқылы жабу. Кәсіпорын алған табысы арқылы тек қана банктер алдындағы міндеттемелерді емес , сонымен қатар бюджеттің, сақтандыру компаниялардың және басқа кәсіпорындар алдында міндеттемелерін жаба алады және де меншік құралдарын инвестиция ретінде сала алуы мүмкін. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде рентабельділік те үлен орын алады, өйткені үлкен табыстылық әрдайым үлкен тәуелділікпен байланысты.

Сонда, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына келесідей факторлар әсер етеді:

· тауарлар нарығындағы кәсіпорынның дәрежесі;

· бағасы төмен өнімге сұранымның өндірісі мен шығарылымы;

· іскерлік бірлестігінің потенциалы;

· сыртқы несиегерлер мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесі;

· дебиторлардың төлем қабілетсіздігі;

· шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі;

Егер В.М. Родионова мен М.А Федотованың факторлық сипатталуына (классификациясына) көңіл бөлсек:

· пайда болу орнына қарай – сыртқы және ішкі ;

· қорытындының маңыздылығына қарай – бастауыш және баяндауыш;

· құрылымына қарай – жай және күрделі;

· іске асу уақытына қарай – тұрақты және уақытылы;

[gl] 14 ТАҚЫРЫП АҚША АҒЫСЫН ТАЛДАУ [:]

Сабақ мақсаты: ақша қозғалысы туралы есеп берумен таныстыру.

Түйінді сөздер:инвестициялық қызмет, операциондық қызмет, қаржылық қызмет

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Ақша және оның эквивалеттері туралы түсінік. Ақша қаржыларын талдау. Ақша қозғалысы туралы есеп беру, оның талдаулық мәні. Ақша қозғалысы туралы есеп берудің тура және жана түрлері

2. Ақша қозғалысы туралы есеп берудің құрылымы

Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.

Операциондық қызмететегіақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Таза табысты түзететін операциялар Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген амортизациясы Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді саиып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

- Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

· Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

· Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу жне т.б.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:

- Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;

- Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. [kgl]

[gl] 15 ТАҚЫРЫП. ҚӘСІПОРЫННЫҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ[:]

Сабақ мақсаты:қәсіпорынның пайдалылығынталдау жасау кезінде қолданылатын әдістерін қарастыру.

Түйінді сөздер:табыс, шығын,пайда, рентабельділік, баланс, таза пайда, баланстық пайда.

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Кәсіпорын табысы мен шығынын талдау. Таза пайдаға факторлардың әсерін талдау

2. Үнемдеу әдістері

1. Пайдалылықтың (рентабельділіктің) негізгі көрсеткіштеріне жататындар: авансталған капиталдың пайдалылығы (рентабельділігі) және меншікті капиталдың пайдалылығы (рентабельділігі). Олардың экономикалық түсіндірілуі (интерпретациясы) келесідей: авансталған (меншікті) капиталдың 1 теңгесіне пайданың неше теңгесі сәйкес келеді. Есептеу кезінде есеп беру жылындағы пайданы немесе таза пайданы пайдалануға болады.

Кеңістік-мерзімділік аспектіде пайдалылықты (рентабельділікті) талдай отырып, бұл көрсеткіштердің үш ерекшелігін ескерген жөн:

біріншісі кәсіпорынның мерзімділік аспектісімен байланысты. Сөйтіп, өнімнің пайдалылық (рентабельділік) коэффициенті есеп беру кезеңіндегі жұмыстың нәтижелігімен анықталады, ал мүмкін болатын немесе жоспарлық тиімділік бейнеленбейді. Кәсіпорын үлкен инвестицияларды талап ететін жаңа болашақ технологияларға немесе өнім түрлеріне көшкен кезде, пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіштерінің мәндері уақытша төмендеп қалуы ықтимал. Бірақ та, егер стратегиялық қайта құрулар дұрыс таңдалған болса, онда жұмсалған шығындар өтеледі, яғни пайдалылықтың (рентабельділіктің) төмендеуін теріс тенденция ретінде ғана қарастыруға болмайды;

екінші ерекшелік тәуекелдік мәселесімен анықталады. Бизнестің тәукелдік көрсеткіштерінің бірі – қаржылық тәуекелдік коэффициенті – неғұрлым оның мәні жоғары болса, соғұрлым акционерлердің және кредиторлардың позициясынан кәсіпорын тәуекелдігі жоғары болып саналады;

үшінші ерекшелік бағалау мәселесімен байланысты, яғни меншікті капитал пайдалылығы (рентабельділігі) көрсеткішінің алымы мен бөлімі әртүрлі сатып алушылық қабілеті бар ақшалай бірліктермен өрнектелген. Алымы өткен кезеңдегі тауарлар мен қызметтерге бағалардың орнатылған деңгейін өрнектеп, динамикалық түрде болады. Бөлімі – бірқатар жылдың барысында қалыптасады, ол ағымдық бағадан едәуір айрықша бола алатын есеп беру бағасымен өрнектеледі.

Кәсіпорын қызмет етуінің нәтижелілігі мен экономикалық орындылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенеді. Олардың есептелуі таза пайда бойынша («Пайдалар мен залалдар туралы есеп беру») және «Бухгалтерлік баланстың» деректері бойынша жүргізіледі:

Сатылымдар (сатып өткізу) пайдалылығы (рентабельділігі) сатып өткізілген өнімнің бірлігіне келетін пайданың мөлшерін көрсетеді. Берілген көрсеткіш не сатып өткізуден түскен жалпы пайда бойынша, не таза пайда бойынша есептелінеді. Бірінші тәсіл баға жасау саясатындағы өзгерістерді және кәсіпорынның өнімді сатып өткізудің өзіндік құнын, яғни қаражаттардың ағымдық шығындарды өтеуге қажетті бөлігін қадағалай алу қабілетін өрнектейді. Коэффициенттің динамикасы бағаларды қайта қарау немесе материалдық-өндірістік запастар пайдаланылуының қадағалауын күшейту қажеттілігін көрсетуі мүмкін. Бұл коэффициентті талдау барысында оның деңгейіне запастарды есепке алудың қолданылып жатқан әдісі айтарлықтай ықпал ететінін ескерген жөн. Таза пайда бойынша көрсеткішті есептеу кезінде сатып өткізілген өнімнің әрбір бірлігі таза пайданың қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.

Меншікті капиталдың пайдалылығы (рентабельділігі) меншікті капиталдың пайдалану тиімділігін анықтауға, осы қаражаттарды басқа құнды қағаздарға салудан алынуы мүмкін табыспен салыстыруға рұқсат етеді. Шет елдерде ол кәсіпорын акцияларының котировка деңгейіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік иелері салған әрбір ақша бірлігі таза пайданың қанша ақша бірліктерін тапқанын көрсетеді.

Экономикалық пайдалылық (рентабельділік) (жиынтық капиталдың пайдалылығы (рентабельділігі)) кәсіпорынға бұл қаражаттарды тарту көздеріне тәуелсіз, пайданың 1 ақша бірлігін алу үшін қанша ақша бірлігі керек екендігін көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік деңгейі барлық активтердің пайдалылығын (рентабельділігін) орташа салалық коэффициенттермен салыстыру арқылы анықталады.

Жоғарыда атап өтілген көрсеткіштер көптеген факторларға тәуелді болады және профильдері, өлшемдері, активтерінің құрылымы және қаражттардың көздері әртүрлі болатын кәсіпорындар бойынша айтарлықтай өзгереді.

Өндірістік-қаржылық левериджді бағалау.

Кәсіпорынның инвестициялық саясатының тиімділігін және өндірістік пен қаржылық тәуекелдіктің дәрежесін бағалаған кездегі леверидж түсінігі, мәні және мағынасы. Өндірістік, қаржылық және өндірістік-қаржылық леверидждің деңгейлерін анықтау және талдау әдістемесі.

Леверидж – бұл қаржылық талдауда пайданы көбейту мақсатымен кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын оңтайландыру (оптимизациялау) үрдісі. Оның үш түрі бар: өндірістік, қаржылық және өндірістік-қаржылық. Қарапайым тілмен айтқанда, леверидж – бұл ықпал ету арқылы кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелерін айтарлықтай өзгертуге болатын тұтқа.

Оның мәнін ашу үшін түсім (Түс) мен өндірістік (ӨШ) пен қаржылық (ҚШ) сипаттағы шығындардың айырым ретіндегі таза пайданың (ТП) үлгісін келтірейік:

ТП = Түс – ӨШ – ҚШ.

Өндірістік сипаттағы шығындар – бұл өнімді өндіруге және сатып өткізуге кететін шығындар (толық өзіндік құн). Өнім өндірісінің көлеміне байланысты олар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Шығындардың бұл бөліктері арасындағы қатынас кәсіпорынның техникалық және технологиялық стратегиясына және оның ивестициялық саясатына тәуелді болады. Негізгі қорларға капиталды инвестициялау тұрақты шығындардың өсуін және салыстырмалы түрде айнымалы шығындардың қысқаруын білдір

Наши рекомендации