Аржының функциялары және рөлі

Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсеті- леді, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржының функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.

Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөл- гіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орын- дайды: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қорларды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қорларды (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ресурстардың айрықшалықты нысанын қабылдайтын ақшалай қаражаттардың қозғалысымен міндетті түрде қосақталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты – ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу[†] кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл ретте қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу үдерісіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа эко- номикалық категориялармен – бағамен, еңбекақымен өзара іс-әрекет жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес экономи- калық категориямен – кредитпен өзара іс-әрекет жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкі салалық, ішкі шаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақ аралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған өңірлерде экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады.

Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, бөлгіштік функция арқылы қаржы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақшалай нысандағы жиынтық қоғамдық өнімінің, оның құрамында элементтердің қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар айқындалады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай көрінісіндегі қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалынады. Жиынында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі есепке ала отырылып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа стадияларына – өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын ақшалай қорлардың мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық үдерістерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі қадағаланып отырылады.

Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезет категорияның функциясы тап осы категорияның өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да – бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.

Бүкіл экономикалық, соның ішінде қаржылық ресурстар да мүлтіксіз орталықтандырылған тәртіппен бөлінген және қайта бөлінген әкімшіл-әміршіл жүйенің және жоспарлы экономиканың іс-қимылы кезінде қаржының бөлгіштік тұжырымдамасының пайда болғанын және теориялық негіздемені алғанын есте ұстаған жөн. Осы тәрізді тәсілдемені негіздеу қаржының бөлгіштік тұжырымдамасы болып табылды.

Тап осы бөлгіштік функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектін оған қажет арнаулы мақсатты ақшалай қорлар нысанында пайдаланылатын қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақшалай қорларды жасаудан туындайды.

Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақшалай нысандағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.

Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады, яғни олар қаржыны тек қоғамдық өнім құнын бөлумен байланысты болатын өндірістік қатынастарымен шектеуді заңсыз деп санайды. Қаржы – өндірістік категория, өйткені ол өндіріс үдерісінде өндірістік қорлардың толық айналымына қызмет көрсетеді және бұл үдеріске белсенді ықпал етеді. Қаржы – айырбас категориясы, өйткені айырбаста қоғамдық өнімді бөлу үдерісі жалғасады және қаржы бұл бөлістің құралы болып көрінеді: қаржы ұдайы өндірістің екінші стадиясында ғана емес, cонымен бірге ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші стадиясында да, яғни айырбаста болатын құн қозғалысын білдіреді; айырбаста сондай-ақ салықтарды аударып салу үдерісі болады; бұдан басқа, қаржы ақшалай қорларды қалыптастырумен қатар оларды пайланумен де байланысты болады, ал ол ақшалай қорларға тауар-материалдық құндылықтарды сатып алғанда айырбаста болады; қаржы тұтыну категориясына жатады, өйткені қоғамдық тұтыну мен жеке тұтынудың қорларын қалыптастыруға қатысады және олардың көмегімен ұлттық табыстың тұтыну қоры мен қорлану қорына бөлінуінің ақырғы үйлесімдері қамтамасыз етіледі.

Егер ұдайы өндіріс үдерісінің дәйекті стадияларынан алып қарастырсақ, онда бірінші стадияда – өндірісте тікелей құн жасалынады. Бұған құнды еңбектің бастапқы предметінен ақшалай баламаға айырбастауға арналған дайын өнімге дейін дәйекті ұлғайтумен жетеді. Бұл үшін: біріншіден, еңбек құралдарын, еңбек предметтерін (шикізатты, материалдарды, энергетикалық ресурстарды) сатып алу үшін, екіншіден, өндіріс үдерістерін – қосылған құн компоненттеріне: меншікті жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге, көлденең субъектілердің материалдық және материалдық емес қызметтерін төлеуге жұмсалатын сан алуан шығындарды жүзеге асыру үшін керекті қаржылық ресурстар іздестіріледі.

Ұдайы өндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы – бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:

қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;

қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына – материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл үдеріске қызмет етеді;

қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебап құралы болып табылады.

Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайыөндірістік тұжырымдама бұл табиғатты ақшалай нысандағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда (тәсілдемеде) қаржының іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.

Ұдайыөндірістік тұжырымдама жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

1) ұдайыөндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін және осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды түсінген жөн. Ұдайыөндірістік функция қаржының бағынышты қосалқы категорияларына тән түрлі модификацияларда (қосалқы функцияларда) көрінеді, олар оқулықтың кейінгі тарауларында қаралады;

2)бақылау функциясы

Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функцияларының мазмұнын табыстар мен қорларды жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындарының – фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қайта бөлу үдерісінде түрлі меншікті мақсаттарға пайдалану үшін қордалану жолымен бұл табыстардан ақшалай қорлар қалыптасады және, міндетті аударымдар түрінде, қоғамдық қатынастардың басқа қатысушыларының ақшалай қорлары жасалынады. Бұл үдерісте мемлекеттік бюджет зор рөл атқарады, ол арқылы аумақтық, салалық және ведомстволық белгісі бойынша сан алуан қорларды жасау жолымен ақшалай қаражаттардың едәуір бөлігі қайта бөлінеді. Нәтижесінде, көп жағдайларда қоғамдық ұдайы өңдіріске қатысушылардың бірінің табыстары есебінен түпкілікті тұтынуға бағытталатын басқа қатысушылардың қажеттеріне пайдаланылатын ақшалай қорлар жасалады. Тап осы үдерістер қаржының айтылған функцияларында өзінің көрінісін табады.

Қаржының Санкт-Петербург (Ленинград) ғылыми мектебінің[‡] оның функцияларының құрамы туралы ұстанымы оңтайлы болып көрінеді.

ақшалай қорларды жасау;

ақшалай қорларды пайдалану.

Санкт-Петербург мектебінің өкілдері жоғарыда аталған функцияларды «елдің ақшалай шаруашылығы» категориясына қатысты, яғни кеңінен қарағанымен, бұл түсініктеме қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасымен келісіледі.

Функцияларға қатысты экономикалық әдебиеттерде басқа да пікірлер бар: мысалы, қаржыға өндірістік функция, ұдайыөндірістік қорлардың толық айналымын ортақтастыратын функция немесе жедел, ынталандырушы, фискалдық және басқа функцияларды береді; мұндай жағдайларда қоғамдық арналым көрінісінің нысаны ретіндегі экономикалық категорияның функциясы ұдай өндірісте іс жүзінде пайланудың нәтижесі ретіндегі категорияның рөлі мен жиі шатастырылады.

Тұрақты және экономикалық категорияның өзі өмір сүргенге дейін өмір сүретін функциялардан айырмашылығы категорияның рөлі әр түрлі болуы мүмкін, ол категорияның іс-әрекеті болатын реалдық жағдайларының өзгеруіне де, сондай-ақ ықпалдың өзінің: қоғамдық ұдайы өндіріске, өндіріс тиімділігін арттыруға, коммерциялық негіздерді дамытуға және нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және т.б. түрлі бағыттарының болуына тәуелді болады. Мысалы, материалдық өндіріс сферасындағы қаржының іс-әрекеті материалдық, энергетикалық, ақшалай ресурстарды үнемдеуде, өндірістік қорларды жақсырақ пайдалануда шаруашылық ұжымдары мүдделігінің күшеюіне жеткізеді. Алайда бұл қаржыға ынталантырушы функция тән дегенді білдірмесе керек. Белгілі бір ынталандырмалардың көрінісі – бұл қаржы іс-әрекетінің, шаруашылық жүргізу практикасында оның функцияларын мақсатты нысаналы пайдаланудың нәтижесі.

Категорияның функциялары мен рөлінің айырмашылықтары мынада: рөл әр уақытта нақтылы болады және реалдық нәтижелерде көрінеді; функция дегеніміз ғылыми абстракцияның, қорытындылаудың, экономикалық категорияның нақтылы іс-әрекет механизмінің салдары. Ғылыми абстракцияның арқасында категорияның іс-әрекет механизмінің нақтылы белгілері қорытынды түрінде көрінеді.

Қаржының функцияларын қарастыра отырып, операциялардың мазмұны, іс-әрекет объектілері, мақсаттары бойынша қаржылық қатынастардың кейбір сфераларының бірдей еместігін мойындаған жөн. Мысалы, мемлекеттің қаржысы сферасында қаржылық үдерістер сипатының материалдық өңдіріс сферасындағы мұндай сипаттан айырмашылығы болады. Оның үстіне, тіпті мемлекеттің қаржысында, оның жеке өзара байланысты буындарында – салықтарда, мемлекеттік бюджетте, мемлекеттік кредитте – жұмыс істеу сипаты бірдей емес. Қаржы – қатыстылығы тұрғысынан бір тектес және бірдей емес функциялық арналымы бар қосалқы категорияларды кіріктіретін жаһандық жинақтаушы категория; қаржы, оның қатынастарының жүйесі сегіз осындай қосалқы категорияларды кіріктіреді: мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, халықаралық қаржы, қаржы рыногы, сақтандыру (әлеуметтік). Сондықтан бұл құрамдас бөліктердің функциялары да – қосалқы категорияларға қатысты қосалқы функциялары да бірдей емес. Бұл қаржының жеке сфералары мен буындарының біршама дербес қосалқы функцияларының болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып, ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің объективті алғышарттары екі мән-жаймен байланысты:

1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.

2. Қаржының экономикалық үдерістердің катализаторы болуға әлеуметтік ерекшелігі бар (бұл бөлгіштік функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндірісте айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады, өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына әсер етеді.

Ақшалай нысанда тұлғаланған қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты болатын қаржы жалпы алғанда ұдайыөндірістік үдерісті және оның түрлі фазаларын сан жағынан (қаржылық ресурстар мен қорлар арқылы) бейнелеп көрсетуге қабілетті болады. Бұл қоғамда қалыптасатын экономикалық үйлесімдерді өңбойы бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл қаржының басқа функциясын – бақылау функциясын бейнелейді.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұ- нының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – ішкі жалпы өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.

Бақылау функциясы сандық түрде қаржылық ресурстардың қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық үдерістерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржылық ресурстардың қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу үдерісіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып танылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.

Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасының жұмыскерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау үдерісінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Рыноктық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.

Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттай және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңестірілуіне қол жетеді; қаржылық тұтқаларды жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;

2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;

3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

Наши рекомендации