Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттің қаржылық ресурстары
Мемлекеттік емес сектор­дың қаржылық ресурстары
Сыртқы (шетелдік) көздерден түсетін қаржылық ресурстар
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР
Өнді-рістік
Әлеу-меттік
Мәдени-рухани
Эколо-гиялық
Ұйымдық басқару
Құқықтық тәртіпті сақтау және қорғаныс
Басқа-дайы
Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары - student2.ru

Сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары - student2.ru

Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу ке-зінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржылық ресу-рстардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

«Мемлекеттің кірістері» және «мемлекеттік бюджеттің кіріс-тері» ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.б., ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемле-кеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Рыноктық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістердің ара салмағы әр түрлі болады және қаржылық саясаттың мазмұнымен, шаруашылық жағдаятымен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.

Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар рыноктық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табыла-ды. Рыноктық экономика жағдайында салықтық нысан қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістері-нің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірісте-рін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды жаңғыртуға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржылық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақшалай эмиссия ғана емес, сонымен қа-тар кредиттік эмиссия болып табылады. Эмиссияға мемлекет салықтық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шы-ғындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.

Қағаз-ақшалай эмиссия да, кредиттік эмиссия да егер олар ша-руашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюд-жет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, эко-номикада инфляциялық үдерістердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған рыноктық шаруашылық елдері әдетте кре-диттік эмиссияға жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда аталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмис-сия қолданылмайды.Орталықтандырылмаған ақшалай қорларды жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.

Наши рекомендации