Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және құрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері

Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің кайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жұмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолымен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топтастыру бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалык және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары жэне олардың күрамы мен күрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарынын, оның тапшылығын өтейтін қайнар көздерінің мүндай топтастыруы бюджетті кұрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлык деңгейдегі бюджеттер көрсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттер-дің барлық деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде іске асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірынуай бюджеттік жіктеу — ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объектілеріне анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік топтастыру. Бірыңғай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жіктеуінен тұрады.

Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының экономикалық мазмұны, үлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді. Кірістердін қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемелеу барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылык бақылаудың міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байланысты бюджеттік жіктеу айқын және анық болуға және де кірістердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.

Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюджетке кіретін мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомстволар мен мекемелер бойынша түсімдер мен шығындардың динамикасы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз етеді. Жіктеу бюджеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға, бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақтауды бақылауға мүмкіншілік береді. Түтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің барлық түрлерін құру мен атқарудың біріккен әдістемелік негізі болып табылады.

Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюджеттік жіктеу де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2014 жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мұндай формаларда болуы заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты кұнын бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмсалған инвестиция көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламаларды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер турлері бойынша анықталған мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының нақты қозғалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалык процестерді іске асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау жөнінде дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мумкіндік береді.

Наши рекомендации