Электрмен жабдықтаудың сенімділігі.

Электрмен қамтамасыз етудің жұмыстық сызбаларын жасау үшін оның техникалық жобасы мен растау протоколы; техникалық жоба бойынша экспертиза қорытындысы; бастапқы мәндердің түзетілуі немесе расталуы қажет.

Электрмен қамтамасыз етудің техникалық жобасының құрамында келесілер болуы керек: а) электр энергияның зауыт ішінде таратылуының принципиальды сұлбасы, ал ірі кәсіпорындарға, олардың УРП мен ГПП-сының ИП-мен, жергілікті электр станцияларымен және энергожүйе қосалқы станцияларымен байланысын көрсететін, сыртқы электрмен қамтамасыз етудің сұлбасы; б) селективтілікті анықтау үшін уставкасы көрсетілген РЗиА (АВР, АПВ) алмастыру сұлбалары. Орташа және кіші кәсіпорындар үшін РЗиА орналасуы көрсетілген электрмен қамту жалпы сұлбасы беріледі; в) кәсіпорынның бас жоспары, оған енгізілетіндер: электрмен қамту жүйесінің барлық ғимараттары; ауалық және негізгі кабельдік желілердің трассасы және токөткізгіштер; 1 кВ-қа дейін және жоғары негізгі ғимараттар мен құрылыстардың есептік жүктемесі; қосымша қызмет бойынша қондырғылар мен материалдарға арыздар ведомості: қосалқы станция мен тораптың цехтері, трансформаторлы-майлы шаруашылық және т.б., сонымен қатар энергожүйе талабы бойынша ИП-ның жеке элементтері үшін қондырғылары мен материалдарына; г) жобаның негізгі техникалық көрсеткіштері келтірілген түсіндірмелі хат; бастапқы мәндер; жобаланатын кәсіпорынның қысқаша мәліметтері: ЭП сипаттамасы, негізгі өндірістің жұмыс режимі; жарылысқа қауіптілік, химиялық активтілік; құрылыс пен дамудың кезектілігі; климаттық мәліметтер: ауа мен топырақтың орташа есептік температурасы, ауа ылғалдылығы, жауындық қабілеті, атмосфераның ластануы және олардың сипаттамасы; айнымалы және тұрақты токтағы 1 кВ дейін және жоғары күштік және жарықтандыру ЭП-нің орныққан қуаты. Электрлік жүктемелер мен электр энергия шығыны; электрмен қамту беріктілігінің жүктелу категориясы; ТП мен түрлендіру қосалқы (ПП) санын және қуатын таңдау нәтижесі; электрмен қамту көздері және олардың даму жолдары; жұмыстық және апаттан кейінгі режимдегі қорек көздері арасындағы жүктемені тарату; РП, ГПП, ПГВ қуатын және санын, желі кернеуін таңдау. СЭС-тің қарастырылған нұсқалары ТЭО-ның қажеттілігі кезінде қабылданған нұсқасы жайындағы мәліметтер; жұмыстық және апаттан кейінгі режимдегі 1-ші категорияның қабылдағыштар және 1-ші категорияның ерекше тобының қоректенуі бойынша негізгі есептер; КЗ тоғын есептеудің нәтижесі және кернеуі 1 кВ-тан жоғары негізгі қондырғыны таңдау; қалыпты және апаттан кейінгі режим кезінде ең жақын және өшірілуге жақын ЭП үшін кернеу деңгейіне тексеру жүргізу. Кернеудің жоғарғы гармоникасы энергияның сапасын жақсартудағы шаралар; 1 кВ дейінгі және жоғары тораптарда реактивті қуатты компенсациялау жайында есептер; оқшауланған нейтралі бар тораптардағы сыйымдылық токтар және оларды компенсациялау шаралары; РЗ бойынша есептік және негізгі есептеулер. Басқару, сигнализациялау, өлшеу жөнінде, электр энергия есебі және оперативті ток бойынша; СЭС-ті автоматтандыру және диспетчерлау бойынша; СЭС қорғаныстық жерлендіру және найзағайдан қорғаныс құрылыстары бойынша; кәсіпорын аймағы бойынша электр энергия канализациясының қабылданған әдістерін есептеу. Кернеуі 6-10 кВ және одан да жоғары тораптың цех аралық кабельдерін таңдау; СЭС-тің майландыру және жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша, зауыт іші ауыр ірі габаритті электр қондырғыларының транспортировкасы, такелажы және монтажы бойынша электр шаруашылық эксплуатациясын ұйымдастыру бойынша және штаттар бойынша ұсыныстары.

Түсіндірмелі хатқа қосуға, келісуге және басқа да жоғарыда көрсетілген бастапқы құжаттарды техникалық жағдай жайлы көшірмесі тіркелуі тиіс.

Электрмен қамту жобасының жұмыстық сызбаларында келесілер келтіріледі: а) кернеуі 1 кВ жоғары электрмен қамтудың дәлденген принципиалды сұлбасы; б) 1 кВ дейін тораптың цех аралық сұлбасы; в) 6-10 кВ және одан жоғары негізгі желі трассалары, қабылдайтын қосалқы станциялар, жергілікті электр станциялары, кернеуі 6-10 кВ және одан да жоғары РП, сонымен қатар (қажеттілігі бойынша) – ТП 6-10/0,4-0,69 кВ көрсетілген кәсіпорынның орналасуының жағдай жоспарының сұлбасы.

Жұмыстық сызбалардың түсіндірмесіне келесілер келтіріледі: а) бастапқы мәндер; б) орныққан қуат, есептік жүктемемен, электр энергияның жылдық шығындары, ТП (есептеулер және таңдаудың нәтижесі) қуаты мен санын таңдау бойынша дәлденген мәліметтер; в) экспертиза нәтижесі бойынша және бастапқы мәндер мен есептердің өзгеруі нәтижесінде техникалық жобада қабылданған есептердің дәлдігі.

Электр қабылдағыштар мен кәсіпорынның толығымен және оның жеке цехтарының қоректену беріктілігінің қажетті дәрежесін дұрыс анықтау ең бір негізгі шарт болып табылады, ол электрмен қамтудың рационалды жүйесін таңдауда әсер етеді.

Беріктілік – электрмен қамту жүйесінің қасиеті, оның бастартусыздығын, ұзақ мерзімділігін және жөндеуге жарамдылығын және жүйенің берілген функциясының қалыпты орындалуын қамтамасыз етуімен сипатталады. Беріктілік деңгейі электр қондырғының мақсатына, оның қуатына, даму перспективасына және т.б. сәйкес анықталуы тиіс.

Бастартусыздық – электрмен қамту жүйесінің қасиетіне белгілі режимде және эксплуатация жағдайында жұмысқа қажеттілігін үздіксіз сақтау жатады.

Ұзақ мерзімділігі – электрмен қамту жүйесінің қасиетіне ұзақ, жөндеуге үзіліс жасау, бұзылуға дейін және басқа шекті жағдайдағы белгілі режимде және эксплуатация шарттарында жұмысқа қабілеттілігін сақтау жатады.

Жөндеуге жарамдылық – электрмен қамту жүйесі қасиетіне, бастарту және дұрыс жұмыс жасамауды ескерту, анықтау және жою жолымен қатесін қалпына келтіруге дағдылануды сипаттау жатады. Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері келесіге қызмет етеді, мысалы, орташа қалпына келтіру уақыты, белгіленген уақытта жөндеуді жасау ықтималдылығы және т.б.

Беріктілік зақымданумен сипатталуы мүмкін, үздіксіз жұмыстың ұзақтығы мен күтілетін, электр энергиямен қоректену үзілісі ұзақтығының математикалық күтімімен, сонымен қатар қоректену үзілісі және басқа факторлардың шығының күту.

СЭС элементтерінің зақымдану көлемі және дәрежесі қарастырылған нүктеде белгіленген сол элементтердің қалыпты функциясының орындалуының бір жылдық бастартулар санымен анықталады. Жүйе зақымданулары зауыт қондырғыларының (машиналар, аппараттар, кабельдер және т.б.) зақымдануларынан дұрыс эксплуатацияның бұзылуынан, сапасыз және өз уақытында емес ревизия мен профилактиканың, персоналдың қате іс-әрекетімен, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан және ээнергожүйеден қоректену үзілісінен пайда болған зақымданулар. Объекттің беріктілігін есептеуде әдетте аса маңызды екі фактор: бастартусыздық және жөндеуге жарамдылық. Бастартусыздық көрсеткіштеріне мыналар жатады: бастартусыз жұмыстың ықтималдылығы, бірінші бастартудан кейін жөнделмейтін немесе алмастырылатын бұйым үшін бастартудың интенсивтілігі.Жөнделетін бұйымдар үшін бастартусыздық көрсеткіші болып бастартуға жұмыс істеу, бастарту ағыны параметрлері қызмет етеді. Бастартуға жұмыс істеу дегеніміз көршілес бастартулар арасындағы уақыттың орташа мәні, яғни бастартусыз жұмыстың орташа уақыты.

СЭС беріктілігі сұлбалық және конструктивті жүйе құрылымымен, оның элементтерінің резервленуімен, жоспарлы жөндеуді жүргізумен, сонымен қатар оның құрамына кіретін негізгі қосымша элементтердің, көбіне электр қондырғыларының беріктілігімен анықталады. Жұмыс беріктілігін жоғарлатудың ең маңызды жағдайына қоректенудің қысқауақыттық үзілістері кезінде электрқозғалтқыштар тұрақтылығын сақтау болып табылады.

Проекциялау кезінде жаңа, қазіргі заманғы электр қондырғыны қолданған жөн, прогрессті сұлбалы-конструктивті шешімдерді кірістірген жөн.

Наши рекомендации