Факторлары мен географиясы 1 страница
Кесте
Апталар | |||||||||||||||
Бақылау түрлері | ЛТ Ш | ЛТ Р | ЛТ Ба | ӨЖ | ЛТ Ба | ЛТ Р | ЛТ Ба | АБ | ЛТ Ш | ЛТ Р | ЛТ Ш | ӨЖ | ЛТ Р | ЛТ Э | АБ |
Бақылау-дың апталық саны | |||||||||||||||
Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып; ӨЖ – өздік жұмыс; Ба – баяндама; Ш – шығарма; Э – эссе; Р – рефераттар; АБ – аралық бақылау |
Студенттердің білімін бағалау
Баға | Әріптік эквивалент | Пайызбен % | Балмен |
Өте жақсы | А А- | 95-100 90-94 | 3,67 |
Жақсы | В+ В В- | 85-89 80-84 75-79 | 3,33 3,0 2,67 |
Қанағаттанарлық | С+ С С- D+ D | 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 | 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 |
Қанағаттандырарлықсыз | Ғ | 0-49 |
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге
арналған сұрақтар тізімі
I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Машина жасау саласының халық шаруашылығындағы алатын орны
қандай?
2.1926 жылдан кейін машина жасау өндірісінің қандай жаңа салалары дами
бастады?
3. Бүгінгі автоматтандыру дегеніміз не?
4. Машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан КСРО-да
нешінші орында болды?
5. Қазақстанда машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде
дамыта алмауға не кедергі болуда?
6. Қазіргі уақытта елімізде қандай кәсіпорындар бар?
7. Машина жасау саласының дамуына кімдер ықпал ете алады?
8. Машина жасау технологиясы дегеніміз не?
9. Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан салаларды
атаңыздар.
10. Бүгінгі заман талабы қандай?
11. Қазақстанда машина жасау саласы қандай бағыттарда жұмыс істейді?
12. Машина жасау кешені дегеніміз не?
13. Республикадағы халық шаруашылығының мұқтажын өтеу үшін не істеу
қажет?
14. Машина жасау кешені басқа да қандай салалармен тығыз байланыста
болады?
15. Қазіргі заманғы машина жасау қанша өндіріс түрін біріктіреді?
16. Қолданылуы жөнінен машиналар қалай жіктеледі?
17. Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтарын атаңыздар.
18. Машина жасау зауыттары қалай орналасады?
19. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру еліміздің қай жерлеріңде
орналасқан?
20. Еңбекті көп қажет ететін қандай сала?
IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Құю әдісі деген не?
2. Құю әдісі адамзат өмірінде қай кезден белгілі?
3. Қазақ даласын мекендеген халықтың құю әдісін ерте кезден-ақ
меңгергендігін немен дәлелдеуге болады?
4. ТМД-да құю өндірісі қандай деңгейде?
5. Машина жасау өндірісінде құймалар жасау үшін қандай қорытпалар
қолданылады?
6. Қорытпалардың құйылғыштық қасиеттері қандай?
7. Құюдың қай түрі көп қолданыста?
8. Құйма дайындамаларының кемшілігі неде?
9. Еркін соғу кезінде металл қандай өзгеріске ұшырайды?
10. Еркін соғудың кемшілігі неде?
11. Еркін соғудың артықшылығы неде?
12. Еркін соғу процесінің қандай түрлері бар?
13. Машина жасау өндірісінде қандай материалдар қолданылады ?
14. Машина жасауда таза металдың және олардың негізінде алынатын
қорытпалардың маңызы қандай ?
15. Металл материалдарды қандай қасиеттеріне қарап төрт топқа жіктеуге
болады?
16. Машина жасауда алюминийдің алатын орны қандай ?
17. Алюминийдің өзіндік ерекшелігі неде ?
18. Алюминий құймалары қай салаларда қолданылады ?
19. Темір қандай металл?
20. Темірді қандай жағдайларда қолданады ?
Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:
1. Машина жасауға арналған негізгі материалдарға нелер жатады?
2. Механикалық қасиеттер қай кезде өзгереді?
3. Пісіріп қосу қандай қосылыстың бірі болып табылады?
4. Пісіру қандай құрылыста қолданылады?
5. Пісіруді қандай материалдарды қосу үшін қолданады?
6. Керілісті қосылыс деп нені айтамыз?
7. Бөлшектерді бір-біріне сығымдап қосқанда не пайда болады?
8. Престеп қосу қанша әдіспен орындалады?
9. Бұрандалы қосылыстар деп нені айтамыз?
10.Болат дегеніміз не?
11.Сыналы қосылыстар қандай қосылыстарға жатады?
12. Бір бөлшектен екінші бөлшекке сына арқылы не беріледі?
13.Тәжірибеде қандай сыналар көп пайдаланылады?
14. Серіппелі қосылыс цилиндр бетті денеге үйкеліс күшін пайдаланып не
істейді?
15. Машина қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы қандай болады?
16. Берілістер арқылы жылдамдық қайтеді?
17. Машина жасау өндірісінде жалғастырғыштар қолданудың қанша түрі бар?
18. Машина жасау курсында қандай жалғастырғыштар қарастырылады?
19. Олар тораптар арасындағы нені қамтамасыз етеді?
20. Жұмыс істеп тұрғанда бөлшектерге шамадан артық түсетін неден сақтауға
қолданады?
1.9 Курстың саясаты және тәртібі
Курстың саясаты мен тәртібі оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1 Курстың тақыптық жоспары
Тақырып атаулары | Академиялық сағат саны | ||
Тәжірибелік сабақтар | СОӨЖ | СӨЖ | |
1. Машина жасау технологиясының даму тарихы | |||
2. Машина жасау – салмақты сала | |||
3. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі | |||
4. Қазақстандағы машина жасау өндіріс орындары | |||
5. Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу | |||
6. Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері | |||
7. Машина жасау саласында дайындама алу әдістері | |||
8.Машина жасау өндірісіне қажетті металдар мен құймалар | |||
9. Машина жасауда қолданылатын материалдардың жалпы сипаттамасы | |||
10. Машина бөлшектері туралы жалпы мағлұмат | |||
11. Машина жасау өндірісінде бөлшектерді қолдану әдістері | |||
12. Стандарттау, метрология және сертификаттау салалары | |||
13. Қазақстандағы стандарттау | |||
14. Автомобиль өндірісі | |||
15. Автомобильді басқару | |||
Барлығы: 135 сағат |
1-апта. 1-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Машина жасау технологиясының даму тарихымен танысып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
Машина жасау технологиясының
Даму тарихы
* * * * *
Машина жасау технологиясы негіздерінің
Даму жолы
Кеңес өкіметі құрылуының алғашқы күндерінен бастап машина жасау мәселесі халық шаруашылығын дамытудағы ең бір күрделі сала деп есептелді. Өйткені, еліміз экономикасының негізгі өзегі – машина жасау.
1926 жылы бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстарында қирап қалған металл өңдеу өнеркәсібі қалпына келтірілді. Осының арқасында елімізде ауыр индустрия, оның басты негізі – машина жасау саласы дами бастады. Мұндай даму дәстүрі кейінгі жылдарға да тән болды. Мәселен, 1940 жылы өндірістің жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда 7,7 есе, оның ішінде өндіріс құралдарын өндіру 13 есе өсті.
Өндірістің жаңа салалары, әсіресе, автомобиль жасау, трактор және ауыл шаруашылығы машиналары, энергетикалық машиналар, кемелер, паравоз және вагон жасау салалары дами бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында машина жасау күшті қарқынмен дамыды. Соғысқа керекті техникалар көптеп шығарылды.
1941 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда соғысқа қажетті өнімнің көлемі және машина жасау 1945 жылдың бірінші жартысында 5,6 есеге өсті.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, еліміздің өнеркәсібі екі жылдың ішінде қалпына келтірілді. Енді машина жасау саласының алдында тұрған міндет – оның сапасын арттыру болды.
Соғыстан кейін машина жасау саласы жоғарғы қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс салалары пайда болды. Республикалық машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіпке қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған құрал-саймандар және электртехникалық аппараттар мен станоктар – барлығы мыңнан астам өнім түрлерін жасап шығарды.
Сол жылдары Жапония дүние жүзіндегі екінші өнеркәсіптік держава болса, Оңтүстік Корея оны өкшелеп келе жатты. Бразилия да өзінің өнеркәсіптік дәрежесін алғы шептерге жеткізіп үлгерген.
Технологиялық революцияның талап-тілектері – еркін еңбек, өзіндік бастама, ізденіс және еңбекте бәсекелестікті өрістету.
Қазіргі ғылыми-техникалық революцияның едәуір жетістіктерінің бірі – өндірісте икемді автоматтандырылған өндіріс жүйелерінің пайда болуы екені көпшілікке аян. Бұлар өндірістің сапасын арттырып, оны кешенді түрде автоматтандыруға ұластырып және сол арқылы еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі автоматтандырудегеніміз – ғылыми техникалық прогрестің маңызды түйіні. Оның даму бағыттары өндірісті тегімен айқындалады. Машина жасау технологиясы курсында өндірістің адамдарсыз қызмет істеуін – «адамдарсыз жүретін технология» деп атап жүр.
Технологияның даму жолдары шартты төрт кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – 1930 жылға дейін. Бұл кезеңде шетелдегі және еліміздегі машина жасау саласында едәуір тәжірибелер жинақталып, ең алғашқы нұсқаушы және нормативтік материалдар реттеле бастады.
Екінші кезең – 1941 жылға дейін. Бұл арада технологиялық процестерді құрудағы жалпы ғылыми принциптер зерттелді. Осы уақыттың ішінде машина жасау технологиясы бойынша көрнекті кеңес ғалымдарының (А.П. Соколовский, А.И. Каширин, В.М. Кован) еңбектері жарық көрді.
Технология ғылымының қорына технологиялық процестерді типтеу, базалар теориясы, технологиялық жүйелердің серіппелі қаттылығын бағалау сияқты мәселелер қосыла берді.
Үшінші кезең – 1941-1970 жылдар. Бұл кезеңде машина жасау технологиясының негізгі ғылыми ұғымдары қалыптасты. Операцияларды жіктеу және тасқынды өндірістің түрлері, өңдеудің жаңа тәсілдері пайда болды. Осы кезеңде технологиялық тұрғыда дәлдік теориясы қалыптасты.
Төртінші кезең – 1970 жылдан осы уақытқа дейін. Технологиялық процестерді жобалауда іргелі ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалану мәселелері қолға алына бастады.
Сөздік:
металл өңдеу – обработка метала жабдықтар – оборудование
дәлдік теориясы – теория точности серіппелі – пружинная
ауыл шаруашылығы – сельское хозяиство ауысым – смена
бейімделу – адаптация жобалау – проектировать
әдіп – припуск (под обработку) жүйе – система
2-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оның әрқайсысына тақырып қойып, мазмұндаңыздар.
3-тапсырма. Мәтіндегі машина жасау саласына байланысты термин сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Ү л г і :
– Машина жасау саласы қай жылдары күшті қарқынмен дами бастады?
– Машина жасау саласы Ұлы Отан соғысы жылдарында күшті қарқынмен дамыды. Себебі, ол кезеңде соғысқа керекті техникалар мен өнімдер қажеттілігі басым болды.
5-тапсырма. Төмендегі берілген терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
Машина жасау– еңбек құралдарын, көлік құралдарын, сонымен қатар тұтыну заттарын және қорғау өнімдерін жасайтын өндіріс салаларының кешені.
Машиностроение – комплекс отраслей промышленности, изготовляющих орудия труда, транспортные средства, а также предметы потребления и оборонную продукцию.
Пневматикалық-бұрғылау машинасы – тесіктерді бұрғылау үшін пневможетегі бар қол машинасы.
Машина пневматическая сверлильная – ручная машина с пневмоприводом для сверления отверстий.
6-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің астын сызып, оның қай сөйлем мүшесі екендігін анықтаңыздар.
7-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Шойын, түсті металдар балқымасы, жеке өндіріс, өнімнің сапасы, дайындалады, жүзеге асады, машина жасау саласы, деңгейін көтеру, дамыту, жас маман.
8-тапсырма. Машина жасау саласының дамуы туралы қандай мәлімет білесіздер? Өзара ой бөлісіңіздер.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру бағдарламасы негізінде машина жасау саласын дамыту туралы ауқымды мәселе қаралды.
9-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай байланыстырыңыздар.
машина жасау сапасы
халық теориясы
өнімнің шаруашылығы
адамдарсыз жүретін сайман
дәлдік саласы
автоматты теориясы
құрал жүйе
ықтималдық технология
10-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерді септеңіздер.
Ү л г і :Сала. Сала, саланың, салаға, саланы, салада, саладан, саламен
Бұйымдар, бөлшектер, аппараттар, станок, құрал-сайман.
Әдістемелік ұсыныс: Машина жасау саласының тарихынан, технологиясының даму жолдарының кезеңдерінен, міндеттері мен бүгінгі күнгі автоматтандыру мәселесінен мәлімет алу, меңгеру.
Әдебиет:Нег.: 6[9-12]; Қос.: 9[139].
Бақылау сұрақтары:
1. Машина жасау саласының халық шаруашылығындағы алатын орны
қандай?
2. 1926 жылдан кейін машина жасау өндірісінің қандай жаңа салалары
дами бастады?
3. Бүгінгі автоматтандыру дегеніміз не?
1-апта. 2-тәжірибелік сабақ
11-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, Қазақстандағы машина жасау саласының қалыптасуы мен дамуын мазмұндаңыздар.
Қазақстандағы машина жасау саласының
қалыптасуы мен дамуы
Машина жасау – өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдық (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратуралар (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды.
Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта қалып келді.
КСРО-да Қазақстан Республикасы жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннің құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 бөлігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістіккешен (ҚӨК) құрады.
1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады.
Нарықтық қатынаста табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Қазір зауыт Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін – шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жөндеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады.
Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскерлер қызмет етеді. Бірақ кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 3%-ды ғана құрайды.
Қазақстанның тұрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық әлеуетініңөсуіне ықпал етуі тиіс.
Көліктік машина жасаудың міндеті – ел ішіндегі көптеген өндірістердің дамуына жағдай туғызу. Әзірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құрылған.
Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты қазірдің өзінде аккумуляторды Талдықорғаннан алады.
Сөздік:
сығымдау, сығу – выдавливание
кешен – комплекс
құрылым – структура
жүк таситын автокөлік – грузовая машина
қорғаныс-өндірістіккешен (ҚӨК) – защитно-производственный комплекс
бұрғылау қондырғысы – сверлильная установка
аспап – прибор
жеңіл автокөлік – легковая машина
ұңғыма – зенкер
12-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстандағы машина жасау саласы қалай құрылды? 2. Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізде қандай зауыттар пайда болды? 3. КСРО-да Қазақстан Республикасы жалпы өнім шығарудан нешінші орында тұрды? 4. Зауыттардың 1/3 бөлігі немен айналысты? 5.1990 жылдары машина жасау кешені қандай жағдайда болды? 6. Петропавл зауыты туралы не айта аласыз? 7. Қазақстанның экспорттық жағдайының өсуіне машина жасаудың қай салалары ықпал ете алады?
13-тапсырма.Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.
Бөлшектер– машиналардың жекелеген құрамдас бөліктері, жабдықтар негізі.
Сығымдалған бөлшек – соғып өңдеп жасалған бөлшек.
Терең бұрғылау – арнайы бұрғымен ұзындық мөлшерінің диаметрі 10 миллиметрден астам саңылауды бұрғылау.
Машина жасау технологиясы – зерттеу объектісімен машина жасау үрдісі болып табылатын, ал зерттеу мақсаты – осы үрдісте әрекет ететін байланыстар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым саласы.
14-тапсырма. Төмендегі берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Сызу, жұмысшы, стандартты, уақытша, болашақтық, машина жасау, өндіріс, өнімнің көлемі.
15-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Соғыстан кейінгі жылдарда ----------------------------------------------------
2. 1990 жылдардың басында -------------------------------------------------------
3. Қорғаныс-өндірістік кешені зауыттарының алдында --------------------
4. Қазақстанның тұрғын халқының ----------------------------------------------
5. Көліктік машина жасаудың міндеті -------------------------------------------
6. Қазақстанның әлеуетінің өсуіне -----------------------------------------------
16-тапсырма. Өн сөзіне қосымшалар жалғау арқылы жаңа мағыналы сөздер, сөз тіркестерін жасап, оларды көрсетілген жолдарға жазыңыздар.
Ү л г і : Өн. Өн + ім – выработка; добыча. Өн + ім + ді – продуктивный. Өнімді астық – высокий урожай. Өнімді жинап алу – собрать урожай. Өнімді мал шаруашылығы – продуктивное животноводство. Өн + ім + ді + лік – продуктивность. Өн + ім + сіз – бесплодный. Өнімсіз еңбек. Өнімсіз шығындар.