Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын қалыптастырудыңәлеуметтік-мәдени негіздері.
1. Қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңінің идеологиясы. Алғаш рет идеологияның тезистері 2012 ж. 3 шілдеде Индустрияландыру күні ауқымында баяндалған болатын.
Президент 2030 жылға дейін Әлеуметтік дамудың жалпыұлттық концепциясын құру міндетін қойды.
Одан кейін Президенттің «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты іргелі мақаласы шықты. Осы мақаланың шығу контекстін белгілеп кету өте маңызды. Еуропада жұмыссыздық кенеттен көтеріліп кеткен кезде Қазақстан өзінің халқын жұмыспен қамтамасыз ету ниетін барынша айқын жариялаған болатын.
Президент Жалпыға ортақ еңбек қоғамының 5 қағидасын ұсынды:
1.Эволюцияшылдық. Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» негізделуі тиіс.
2.Ортақ жауапкершілік. Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесі үшін жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жеке меншік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.
3.Әріптестік қатысу. Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес секторын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды.
4.Ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру.
5.Кәсібилік. Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылдануы тиіс.
Мақаланың негізгі мәні – еңбекке қабілетті халықты өнімді еңбекке, біліктілікті жоғарылатуға ынталандыру. Жалпы, мақала адамдарды масылдық райынан қайтаруға және шамадан тыс патернализммен күресуге бағдарланған.
Бұл жағдайда келесі тапсырмаларды бөліп көрсетуге болады:
- өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдіру;
- 2020 ж. дейінгі Біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары;
- еңбек тәртібінің күшеюі және еңбек ұжымдарында жанжалдардың пайда болуына түрткі факторлармен күрес жүргізу;
- өмір сапасының ең төменгі әлеуметтік стандарттарын енгізу;
- тұрғын үй құрылысын ынталандыру;
- жастармен тәрбие жұмыс жүргізу үшін ұлттық тарихты оқытудың сапасын жоғарылатудың шаралары;
- әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту, оның ішінде денсаулық сақтау бойынша да;
- «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу.
Мақалада берілген тапсырмалар Үкіметтің 2012 жылдың 23 шілдесінде қабылдаған №961 «Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларын орындаудың шаралары жайлы» жоспарында көрініс тапты.
Әлеуметтанулық зерттеулердің көрсетуінше, доминантты нарықтық қатынастарды есепке ала отырып, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеологиясын алға тарту халық үшін күтпеген жағдай болды. Кейбіреулер бірден бұл мақаланың мәнін түсіне алмады. Дегенмен, халықтың негізгі бөлігі бұл идеологияны Президент Н.Ә. Назарбаевтың ойының өнімі ретінде қабылдап, қолдады. Кейін халықтың зейіні Жалпыға ортақ қоғамның идеологиясын бойына сіңірген «Қазақстан-2050» стратегиясы сияқты кең құжатқа ауысқан болатын.
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жұмыспен қамту мәселелері бойынша баяндамасында әлеуметтік тұрақсыздық деңгейін төмендету қажеттілігі мен бұл мақсатқа жету жолын лайықты еңбекті кеңінен тарату арқылы қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінген.
Жаһандану, қазіргі экономиканың тиімділігін арттыру қалыптасқан әлеуметтік-еңбек қатынастарын тұрақсыздандырып, әлеуметтік және саяси тәуекелдерді ұлғайтып, қазіргі әлемнің әлеуметтік-экономикалық болмысын қомақты өзгерістерге ұшыратты. Жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығының өсуі экономикалық және әлеуметтік салдарларға әкеліп отыр. Орнықты экономикалық өсім саяси тұрақсыздық орын алған тұста мүмкін емес, бұл болса, сөз жоқ, жетілдірудің сапалы тұстарына сүйеніп, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы практика мен саясатты өзгертуді талап етеді.
2015 жылғы 30 қазандағы № 8 өкімімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту және Индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларының іске асырылуын ескере отырып, бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету» 88-қадамды орындау мақсатында іс-шара жоспары бекітілді.
2.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадамының» мақсаты мен міндеттері жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайында өмір сүру үшін қоғамды дайындауды, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктерді кең қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табуды, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қарым-қатынастарды бекітуді құрайды. Ел басы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясына негізделген Қазақстан дамуының жаңа тұжырымдамасын ұсынды, онда жұмыс әлеуметтік жаңғыртудың және жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің шешуші ұлттық фактор.
Еңбек қоғамы ол,халық даналығындағы «егер сен еңбек етсең, сапалы өмір сүресің» деп айтқанды тұжырымды болжайды. Егер сен отбасыңа, қоғамыңа және өзіңнің халқыңа қажетті істі жүзеге асырсаң, онда сен табысқа жетесің. Бұл халықтың игілігі үшін бірінші дәрежедегі жүзеге асырылуы мүмкін міндеттер болып табылады.
Осыған орай, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметі өз парызын адал орындауға және қызметтік міндеттерін сапалы атқаруға бағытталған. Жеке құраммен тәрбиелік жұмыстар күшейтілген. Барлық деңгейдегі басшылардың өзіне бағынатын қызметкерлеріне жауапкершілігі қатаңдалған.
Ұжымдағы сау моральді-психологиялық жағдайымен жеке құрамның оң тәртіптің болуы еңбекте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді.
Мысалы: Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департементінде қызметкерлер арасындағы тәртіп пен заңдылық сақтау мәселесіне бірінші дәрежелік көңіл бөлінуде. Көптеген профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, әр түрлі тақырыптағы бейне роликтер және басқалар дайындалған.
Қызметке жаңа түсіп, ондағы өзіне жүктелген жауапкершілікті түсінбеген жас қызметкерлерге аса көңіл аударылуда. Осы мақсатта қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге бір жыл бойы бірге жұмыс атқарып, қойылған мақсаттарға жету үшін тәжірибелі қызметкерлер арасынан тәлімгер бекітіледі. Еңбекте жоғары нәтижеге жету арқылы біз ұжымда, жалпы қоғамда да өз кәсібилігімімізбен мақтана аламыз.
Азаматтық қорғау органдарының қызметі кеңінен насихатталуда. Соңғы уақыттарда отбасылық әулеттер өсуі қарқындауда. Жас балалар мен немерелер жас шағынан құтқарушылардың еңбегімен таныс, болашақта аталары мен әкелерінің жолын адалдықпен және намыспен жолғастыруда. Өз арамызда осындай әулеттердің үш-төрт ұрпағы қызметті жалғастырып келе жатыр, және осы әулеттер біздің барлығымызға мақтаныш болып табылады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламалық сөз сөйлеуінде: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадамының» - бұл әр жолы өмір мен уақыттың еншілігімен сұрыпталған аса маңызды саясаттық құжат. Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарда мықты әлеуметтік мемлекеттің негізі қаланды. Қазақстан ортаевропа елдерінің әлеуметтік дамуының сапалы деңгейіне жақындады, осыған орай қазақстандықтардың өмір сүру стандартары жоғарылауда.
Әрбіріміз кәсіби деңгейді көтеру және өз-өзін жетілдіру арқылы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруын жүзеге асыруға үлес қосуымыз қажет
2014 жылғы 4 қарашада Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» ММ Кәсіби дайындық мектебінің базасында қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен семинарлық сабақ өтті. Семинарға қатысушылардың алдында Кәсіби дайындық мектебі директорының орынбасары өртке қарсы қызметі подполковнигі Ә.Е. Успанова сөз сөйледі. Әлия Еркенқызы Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасы мақаланың негізгі ережелерін баяндады. Ең бастысы- еңбекке көз қарасты өзгерту, өз міндеттерін адал атқару, өз жұмыс орнында жоғары жетістікке жету. Тек қана осы жағдайда алдымызға койылған кең көлемді мақсаттарға, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға қол жеткізуге болады.
3.Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын қалыптастырудыңәлеуметтік-мәдени негіздері. Мәдениет қоршаған ортаға бейімделу амалын білдіреді. Ол адамдардың өзі жасаған өмір сүру және өзін-өзі жүзеге асыру ортасы, әлеуметтік өзара әрекет мінез-құлқын реттеудің көзі екенін көрсетеді. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді. Мәдениет адамдардың өз ортасында өмір сүруге көмектесетін, басқа қауымдастықтармен әрекеттестікте өз қоғамының тұтастығы мен бірлігін сақтайтын адам әрекеттестігінің маңызды тетігі болып танылады. Сондықтан мәдениетті әлеуметтік мәдениет деп атайды. Қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесіәлеуметтік өмірдің мазмұнын, адамдардың мінез-құлқын анықтайды.Коғамның мәдениеті оның даму негіздеріне әсер етеді, экономиканың, саясаттың, құқықтың әлеуметтік-мәдени негізі болып табылады.
Бүгінгі қалыптасып жатқан азаматтық қоғам дамыған экономикалық, саяси, құқықтық және мәдени қатынастарға негізделеді. Азаматтық қоғамның дамуы, ең бірінші, адамның еркіндігі мен бостандығын қамтамасыз ететін на-рық экономиканы және жеке меншіктің болуын қажет етеді. Азаматтық қоғамдытолыққанды дамытушы тұлға тек қана еркін, ізгілендірілген әлеуметтік-еңбектік қатынастар жағдайында қалыптасады. Қазақстанда нарық экономикасының қалыптасу қиындықтары еңбектің рухани-құлықтық құндылықтарының жойылуының негізін қалады. Гуманистік мәдени дәстүрге сай еңбек экономикалық мақсаттармен қатар адамның жан-жақты дамуын, рухани-ізгілікті жетілуін анықтайды.Азаматтық қоғамның мақсаты азаматтық ізгіліктерді қалыптастыру арқылы мемлекет пен жекеліктердің арасындағы айырмашылықтарды азайту және шиеленісті төмендету болып табылады.
Капиталистік нарық қатынастары қалыптасуының бастапқы кезден осы күнге дейін оның артықшылықтары мен теріс жақтары туралы ғылыми тұжы-рымдамалар жасалынып келеді. Жеке меншіктің зияндығы, нарық экономи-касының адам мен табиғат үшін қауіптілігі Т. Мор, А. Фергюссон, К. Маркс т. б. дәлелдеп берді. А.Фергюсон жеке меншік өзімшілдікпен арам пайда табуға ынталандырады деген. К.Маркс капиталистік қоғамда жұмысшы өз еңбегінің нәтижесін иелене алмауы еңбектен жатсынуды тудыратынын көрсетеді. Дж. Кейнс нарық экономикасы жұмыссыздықты шешуге қабілетсіз деп тұжырымдайды. К.Поланьи нарық тетігінің стихиялы әрекет етуі адам мен табиғи мәнді жәйттердің құлдырауы мен қирауының себебі болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік жаңғырту үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде іске асырылуы бұл әлеуметтің сапалы деңгейінің заман талабына сай болуын қажет етеді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру әр адамның өз орнында кәсіби міндетін ақаусыз, жоғары азаматтық жауапкершілікпен атқаруды талап етеді. Әр азаматтың қоғамдық құндылық ретінде кәсіби жоғары деңгейде еңбекке саналы араласуы болашақта «инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші – креативті таптың туындауы мен дамуын қамтамасыз» етуді көздейді.Бұл кәсіптік-техникалық және инженерлік білімнің өзектілігін арттырады. Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу жағынан Қазақстан жастары 17%-дан асса, Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландияда -45%, Бельгия мен Эстонияда -34%, Ресейде - 33%, Жапонияда - 30%. Сондықтан әлі кемінде бұл салаға қаржыны жұмсауды еке есеге ұлғайту керек.
Қорыта келе бүгінгі оқу үдерісі шектеулі тәжірибемен ұштастығын ескеріп, өндіріс орындары осы міндетті орындау және жас мамандарды еңбек өтілін талап етпей қабылдауын заңдастыру өзекті мәселеге айналды. Тәжірибелік жұмысты оқумен ұштастырмай, оның қыр-сырын теориялық негіздермен байланыстырмай мамандарды даярлаудың сапасы төмен болатыны жауыр болған әңгіме. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттырудың басқа қорлары ретінде еңбекті ұйымдастыру тиімділігі, еңбек тәртібін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек шығындарын үнемдеу, электр қуатын үнемдеу және тиімді пайдалану бүгінгі қойылатын маңызды талаптар.Қазақстандық жұмыскер жылына 17 мың долларға өнім шығарса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллар. Еңбек өнімділігі өндеуші кәсіпорындарда 2010 жылы 45 мың доллар құрады, сондықтан басқа салаларда бұл көрсеткіш 9 мың доллардан аспайды. Біздерде жұмыс уақтысы 9-10 сағат болғанымен, дамыған елдердің 5-7 сағатта өндіретіннен 5-6 есе төмен. Озық технологияларды оңтайлы пайдалану бұл елдерде аптасына 26-30 сағат еңбек етуге мүмкіндік береді. Бір жыл көлемінде орташа 1330 сағат. ХЕҰ-ның дәлелдеуінше 36-40 сағаттан артық аптасына еңбек ету денсаулыққа, көңіл-күйге теріс әсер етеді. Қысқа мерзімде өнімде еңбек етуді дағдыландыру қажет. Ал бос уақыттың артуы жеке дамуға арналуы тиіс. Еңбек өнімділігі деп еңбек қорларын тиімді пайдалануды айтады.
Осы аталғанның бәрі жаңа мәдениетті және әлеуметтік басқарудың жаңа тұрпатын жасауды қажет етеді. Шынайы ізгілікті әлеуметтік қатынастар негізінде құрылған қоғамда ғана адам әлеуметтік қолайлы жағдайды сезетін болады. Ол үшін саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың лайықты қалыптастырылуы керек. Жаңа әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұйымдастырылған қоғамның мақсаты адамның мүдделерін ең басты құндылық ретінде бағалап, еңбек жағдайларын, оның мазмұнын барынша ізгілендіруі және мекемелер мен ұйымдағы қарым-қатынастарды теңқұқылы негізде қалыптастыруды іске асыру болып табылады.
Әдебиеттер:
1.30 тамыз, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы ҚХА
3.2007 жылдың Қазақстан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауы
4.11 қараша 2014 - Мемлекет басшысының «Болашаққа жол Нұрлы жол» Жолдауы
5.Азаматтық және этникалық, қазақ және қазақстандық сәйкестілік // http://e-history.kz қатынасы
6.«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 2012
7.Хабар «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 жылға қарай
8.Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, 20 мамыр, 2015