Мектептің мақтан тұтар ұстаздары

1. Бастауыш сынып мұғалімі - А.П.Парымбекова - ҚР білім беру ісінің үздігі.

2. География пәнінің мұғалімі - Ж.М.Крылдаков - ҚР білім жәнее ғылым минстрлігінің «Құрмет грамотасы» иегері, мектептің Көшбасшылары кеңесінің мүшесі.

3. Тарих пәнінің мұғалімі - С.Е.Жетібаева – мектептің Көшбасшылары кеңесінің мүшесі, оқушылары қалалық пән олимпиадасының, қалалық «Яссауи тану» білім байқауының жүлдегерлері.

4. Орыс тілі пәні мұғалімі – Л.П.Щербакова – мектептің Көшбасшылары кеңесінің мүшесі, оқушылары облыстық байқаулардың жүлделі орын иегерлері.

5. Математика пәнінің мұғалімі – Н.Ж.Давлетбаев – мектептің Көшбасшылары кеңесінің мүшесі, оқушылары қалалық пән олимпиадасының жүлделі орын иегерлері.

6. Музыка пәні мұғалімі – Г.С.Ақмурзинова – оқушылары Республикалық «Күз береке» жасөспірімдер мен балалар шығармашылығы байқауының, облыстық «Достыұ шеңбері» ән-би байқауының жүлделі орын иегерлері.

Орта мектебінің оқу-тәрбие жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру орталықтары

1. «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығы

2. «Мұрагер» тірбие-әдістемелік орталығы

3. Құқықтық-тәрбие орталығы

4. Психодиагностикалық орталығы

5. «Жас қанат» өзін-өзі тану орталығы

Мектеп «Экошколы Казахстана» халықаралық жобасының және халықаралық ШПИРЕ жылуды үнемдеу жобасының қатысушысы.

Мектеп жарғысындағы оқушылардың негізгі міндеттері

1. Ынта қойып оқу, мұғалімдердің түсіндіргенін зейін салып тыңдау, оның барлық тапсырмаларын тырысып және өздігіңнен орындау, сабақта өзіңді жақсы ұстау, сабақтан кешікпеу;

2. Әрқашан таза және мұнтаздай болып жүру;

3. Өзін үлгілі ұстау. Кішіпейіл, сыпайы, ибалы болу, ұқыпты киіну. Көшеде жүру ережелерін қатаң сақтау;

4. Қоғамдық пайдалы өндірісті жұмысқа қатысу;

5. Табиғатты қорғауға, халық ізгілігін сақтауға және үнемділік пен ұқыптылық үшін күресу, мектеп мүлкін, оқу құралдарын сақтай білу;

6. Үнемі сабаққа келу, себепсіз сабақтан қалу;

7. Мектепке кірер алдында аяқ киімді тазалау;

8. Есіктен кірерде өзіңнен үлкенге, кішіге және ұстаздарға бірінші жол беру, келген қонақтар мен жолдастарға бірінші болып сәлемдесу;

9. Қоңырау болысымен өз оқитын сынып бөлмеңде болу. Мектеп дәлізінде жүгірмеу;

10. Үзіліс кезінде жеке бас мәдениетіңді сақтау;

11. Мектеп үлгісіне сай киіну;

Оқушының сабақтағы міндеті:

1. Пәнге байланысты оқу-құрал жабдықтарыңды дер кезінде дайындап, сабаққа назар айдар;

2. Сабақ өтілу кезінде тыныштық сақта;

3. Мұғалім мен жолдастарыңның жауабын мұқият тыңда;

4. Партада түзу отыруға дағдылан;

5. Үй тапсырмасын күнделікті орында;

6. Алған бағаларыңдыкүнделікке қойдыр;

Сабақтан тыс мезгілде:

1. Сабақ біткен соң мезгілсіз жүрмей, үйге қайт;

2. Сабақтан тыс ұйымдастырылған қосымша іс-шараларға өз уақытында қатыс;

3. Мектеп ауласы, коридор мен сынып бөлмелерінде аптасына бір рет арнаулы тазалықпен өткізуге қатыс;

4. Қоқысты мектеп ішіне және аулаға шашпа, арнаулы орынға төк;

5. Мектеп ауласына жақын дүкендер мен базарларға сабақ кезінде немесе үзілісте шықпа;

Тиым салынады:

1. Мектепте алкогольдік ішімдік, темекі, өткір де түйрегіш заттарды алып келуге;

2. Порнаграфиялық газет-журнал, касеталар алып келуге;

3. Алтын және қымбат бағалы заттармен келуге;

4. Газды пистолет немесе баллондар, пышақ, жарылғыш заттар алып келуге;

5. Сағыз шайнауға, пісте шағуға;

6. Түрлі иіс сулар, косметикалық бояулар және дезодаранттар алып келуге;

7. Қымбат, бағалы, құнды киімдер киюге тиым салынады.

8. Мектеп оқушыларына сыртқы киіммен, бас киіммен, шарфпен, хиджабпен, мектеп ішінде жүруге тиым салынады;

Оқушылардың міндеттері

1. Оқушылар ережесін, антын, әдептілік ережесін бұлжытпай орындау;

2. Оқушы антына адал болу.

3. Қазақстан – 2050 бағдарламасындағы жалпыға бірдей міндеттерді іске асыруға ат салысу

4. Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға қатысу;

5. Сыныпта тәртіпсіз, үлгермеуші оқушыларды болдырмау

6. Туған өлкемізді көркейтуге атсалысу

7. Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптасу;

8. Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, сүю, қастерлеу.

Мектеп оқушыларының

АНТЫ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы.....................сүйікті Отаным – Қаазқстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын.

Ø Жоғары мәдениетті азамат боламын;

Ø Туған халқымның ата дәстүрін жалғастырамын;

Ø Мемлекітімнің Президентін құрметтеймін;

Ø Елімнің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын;

Ø Елімнің Туын, Елтаңбасын, Гимнін сыйлап, қастерлеймін.

Наши рекомендации