Азақ тіліне тән дауыстылар: ә, ө, ұ, ү, і.

I. Тілдің қатысына қарай Жуан а, о, ұ, ы, у
Жіңішке ә, ө, ү, і, е, и
II. Еріннің қатысына қарай Еріндік о, ө, ұ, ү, у
Езулік а, ә, ы, і, е , и
III. Жақтың қатысына қарай Ашық а, ә, о, ө, е
Қысан ұ, ү, ы, і, и, у

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у)

Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауыссыздар: қ, ғ, ң, һ

I. Дауыстың (салдырдың) қатысына қарай

1. Қатаң п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч
2. Ұяң б, в, г, ғ, д, ж, з
3. Үнді 1. Мұрын жолды м, н, ң
2. Ауыз жолды л, р, й, у

II.Жасалу орнына қарай

1. Еріндік 1. Еріндік п, б, м, у
2. Ерін мен тіс ф, в
2. Тіл 1. Тіл алды т, д, с, з, ш, щ, ж, ц, ч, н, р, л
2. Тіл ортасы й, к, г
3. Тіл арты қ, ғ, ң, х
3. Көмейлік һ

III. Айтылу жолына қарай

1. Шұғыл п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң
2. Ызың ф, в, з, с, ж, ш, щ, х, ғ, һ, л, й
3. Діріл Р

Буын үндестігі

Қазақ тіліндегі тума сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі буын үндестігідеп аталады. Буын үндестігі заңдылығы кірме сөздерде сақтала бермейді (кі-тап, мұ-ға-лім).

Егер сөздің алдыңғы буыны жуан болса, келесі буын да жуан болады.

жуан+жуан

қа+ғаз

ба+ла

Егер сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады.

жуан+жуан

қағаз+ды

бала+лар

Егер сөздің алдыңғы буыны жіңішке болса, келесі буын да жіңішке болады.

жіңішке+ жіңішке

те+ре+зе

ең+бек

Егер сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады.

жіңішке+ жіңішке

терезе+ге

еңбек+тің

Ескерту:

Түбірдің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарамай, өз қалпын сақтап тіркесетін қосымшалар:

-гер, -кер (сауда-гер, айла-кер, іс-кер)

-дар (жара-дар, білім-дар)

жуан +-паз (ас-паз, өнер-паз)

жіңішке -пен, -бен, -мен (қол-мен, жер-мен)

-хана (ем-хана, ауру-хана)

-қор (жала-қор, жем-қор)

-нікі, -дікі, -тікі (әкем-дікі, бала-нікі)

Хдыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жуан болады.

...х+жуан

цех+та

цех+қа

Соңы ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жіңішке болады.

ог, уг, рк, рг

нк, нг, кс, кт + жіңішке

ск, лк, нкт

кль, брь, бль

педагог+ті

парк+ке

Ерін үндестігі

1.Алдыңғы буында еріндік о, ұ дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң ыеріндік ұдыбысына айналады.

о, ұ +ы = о, ұ + ұ

1.1 о+рын = о+рұн

құ+лын = құ+лұн

1.2 той+ды = той+дұ

тұр+ды = тұр+дұ

2. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң іеріндік үдауыстысына айналады.

ө, ү +і = ө, ү + ү

2.1 ө+мір = ө+мүр

ү+міт = ү+мүт

2.2 өш+ті = өш+тү

күл+ді= күл+дү

3. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң ееріндік өдауыстысына айналады

ө, ү +е = ө, ү + е

3.1 ө+лең = ө+лөң

кү+рек = кү+рөк

3.2 көр+се = көр+сө

күл+се= күл+сө

Дыбыс үндестігі

Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп бейімделіп, бірін-бірі игеруі дыбыс үндестігі деп аталады.

Дыбыс үндестігі заңдылығының 3 түрі бар:

Ілгерінді ықпал.

ейінді ықпал.

оғыспалы ықпал.

1. Ілгерінді ықпал

Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі ілгерінді ықпал деп аталады.

1.Сөз дауыстыға немесе үндіге аяқталса, қосымша ұяң не үндіден басталады.

Дауысты + ұяң

Үнді үнді

Бала+ға

Бала+мен

Қол+ды

Қол+мен

Ескерту:

1) Қатаң сжәне шдыбыстары бұл заңға бағынбайды:

бала-сыз, бала-ша

бар-са, бар-сын

бар-шы, ойын-шық

2) Дауысты және үнді л, р, й, ндыбыстарынан кейін өзгелік етістің т жұрнағы жалғана алады:

қара-т, қарай-т, түрлен-т, қызар-т

3)–қар, -кеш,-күнем, -паз, -хана, -тай жұрнақтары да бұл заңға бағынбайды:

жалақор, арбакеш, пайдакүнем, өнерпаз, емхана, әкетай

2. Сөз ұяңға аяқталса, қосымша ұяңнан басталады.

Ұяң – ұяң

Қыз+дар

Қыз+ға

Тәж+ді

3. Сөз қатаңға аяқталса,қосымша қатаңнан басталады.

Қатаң+қатаң

Кітап+тар

Дос+қа

Ескерту:

Сөз ұяң б, в, г, д дауыссыздарына аяқталса, қосымша қатаңнан басталады.

Айтылуы

б п

в ф + қатаң

г к

д т

клуб+қа, отряд+тан, Болатов+қа, педагог+пен

4. Сөздер аралығында алдыңғы сыңары дауысты, ұяң не үндіге аяқталып, кейінгі сыңары қатаң қ, кдыбыстарынан басталса, олар ұяңданып кетеді.

дауысты дауысты

ұяң + қ, к = ұяң + ғ, г

үнді үнді

4.1 Біріккен сөздер аралығында:

қара+көз = қара+гөз

Талды+қорған = Талды+ғорған

бір+қатар = бір+ғатар

4.2 Сөз тіркесі сыңарлары аралығында:

күз келді - күз гелді

жау қайда – жау ғайда

5. Сөз ш дыбысына аяқталып, қосымша сдыбысынан басталса, с дыбысы шдыбысына айналады.

ш+с... ...ш+ш

қаш+са қаш+ша

іш+сін іш+шін

6. Алдыңғы сөз қатаңға аяқталып, кейінгі сөз ұяң бдыбысынан басталса, ол қатаңға (п)айналады.

қатаң+б... = қатаң+п

6.1 Біріккен сөздер аралығында:

Айт+бай = Айт+пай

Жүсіп+бек = Жүсіп+пек

6.2 Сөз тіркесі сыңарлары аралығында:

көп бала = көп пала

әкеп бер = әкеп пер

2. Кейінді ықпал

Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі кейінді ықпал деп аталады.

1. Сөз қатаң қ, к, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы қ, к, п ұянданып ғ, г, б дыбыстарына айналады.

қ дауысты ғ дауысты

к + үнді = г + үнді

п ұяң д, ж, з б ұяң д, ж, з

1.1. Түбір мен қосымша аралығында:

жүрек+і = жүрег+і

тарақ+ым = тарағ+ым

ақ+ып = ағ+ып

бақ+ады = бағ+ады

шап+у = шаб+у

1.2. Сөз бен сөз аралығында:

Ақ ешкі = ағ ешкі

Көк аспан = көг аспан

Жоқ зат = жоғ зат

Ақ жауын = ағ жауын

Ескерту:

1) Қосымша дауыстыдан басталып, сөздің екінші буынындағы қысаң дауыстылар түскен жағдайда сөз соңындағы қ, к, п қатаң дыбыстары ұяңданбайды.

бөрік-бөркі, халық-халқы, қалып-қалпы, әріп-әрпі

2) Еліктеуіш сөздердің соңындағы к, қ, п қатаң дыбыстар ұянданбайды.

2.Сөз қатаң пдыбысына аяқталып, оған көсемшенің –ып, -іп жұрнағы жалғанғанда, қатаң п үнді у дыбысына айналады.

-ып - ып

п + = у +

-іп - іп

тап + ып= тау + ып

кеп + іп = кеу + іп

3. Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз б, п, м дыбыстарынан басталғанда, н қос ерін м дыбысына айналады.

б б

н + п = м + п

м м

3.1 Түбір мен қосымша аралығында:

сен+беді = сем+беді

келген + мін = келгем+ мін

3.2 Сөз бен сөз аралығында:

Бөген+бай = Бөгем+бай

он бес = ом бес

Жан+пейіс = Жам+ пейіс

Он парақ = ом парақ

Кен мен жер = кем мен жер

4. Сөз ндыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталғанда, ндыбысы ң дыбысына айналады.

қ қ

к к

н + = ң +

ғ ғ

г г

4.1. Түбір мен қосымша аралығында:

сән+қой = сәң+қой

сен+гем = сең+гем

тон+ға = тоң+ға

4.2. Сөз бен сөз аралығында:

он ғасыр = оң ғасыр

Аман+құл = Амаң+ғұл

Сәрсен+гүл = Сәрсең+гүл

5. Сөз үяң зне қатаң с дыбыстарына аяқталып, қосымша не кейінгі сөз қатаң ш дыбысынан басталғанда, з, с дыбыстары ш дыбысына айналады.

5.1. Түбір мен қосымша аралығында:

сөз+шең — сөш+шөң

таз+ша — таш+ша

қос+шы — қош+шы

ойлас+шы — ойлаш+шы

5.2. Сөз бен сөз аралығында:

тез шық — теш шық

бос шелек — бош шелек

көз шалды — көш шалды

бас шайқау — баш шайқау

6. Сөз үяң здыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қатаң с дыбысынан басталғанда, үяң з қатаң с дыбысына айналады.

з + с = ...с + с

6.1. Түбір мен қосымша аралығында:

жаз+са = жас+са

көз+сіз = көс+сіз

6.2. Сөз бен сөз аралығында:

көз салу = көс салу

күз сайын = күс сайын

7. Сөз үяң з дыбысына бітіп, кейінгі сөз үяң ж дыбысынан басталғанда, з дыбысы ж дыбысына айналады.

з + ж = ж + ж

Боз+жігіт = Бож+жігіт

жүз жыл = жүж жыл

мұз жарғыш = мұж жарғыш

3. Тоғыспалы ықпал

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.

1. Сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қатаң қ не к дыбыстарьнан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.

н+қ = ң + ғ

н+к =ң + ғ

Қазан+қап = Қазаң+ғап

ортан қолдай = ортаң ғолдай

мен көрдім = мең гөрдім

Есен+келді = Есең+гелді

2. Сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ждыбысынан басталғанда, екеуі де ш дыбысына айналады.

с +ж = ш + ш

тас жол = таш шол

Қос+жан = Қош+шан

бас жақ = баш шақ

Наши рекомендации