Мемлекеттік табыстардың мәні және жіктелінуі

Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады:
§ Мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру
§ Әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану
Бірінші үрдіс — мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кірістер» мен «мемлекеттік бюдеттік кірістері» түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады:- ішкі- сыртқы
Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:1) Салықтық 2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанында болады. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін әртүлі болып отыр және олар қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі басты орынды салықтар алады. Олар бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар (займдар) болып табылады. Ол бюджет тапшылығын жабуға емес, соныменбірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе, экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайданылады.Қарыздар мемлекет қаржыларының әр түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттік тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Қарыздар соынымен қатар мемлекеттің бюджетінің тапшылығын жабуда қолданылады. Сонымен қатар қаржылық нарықтың қалыптасуы, қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қарыздарды жабудың қаржылық базасына салықтар пайдаланылады.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісіне эмиссия – қағаз ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы жатады. Эмиссияны мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы нарығында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдай туындағанда қолданады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, несие эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымының қажеттілігіне баййланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестепрдің күшеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекеттер несие эмиссиясын қолданбастан бұрын, оны қарызбен алмастыруды жиі қолданады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қорлар салықтар мен салықтық емес түсімдер негізінде қолданылады, ал эмиссия бұл жерде қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдержәне т.б. әдістер қолданылады.

Наши рекомендации