Редакциялық жоспар, картаның бағдарламасы

Дайындық жұмыстары картаның бағдарламасын жасаумен аяқталады.

Бағдарлама, немесе жоспар төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. Берілген мәліметтер, сараптаулар тізімі, т.б.

2. Картаға түсірілетін ауданның толық мәліметі

3. Картографиялық материалдар жұмысқа сай келуі, оны пайдалану

тәртібі.

4. Карта мазмұнындағы элементердің шоғырлану жөніндегі нұсқаулар.

5. Картаны баспаға шығаруға дайындау.

6. Қосымша

Бірінші бөлім, қажетті мәліметтерден тұрады. Анықтама берудің қажеті жоқ. Екінші бөлім, түсірілетін ауданның толық мәліметтерінен тұрады және басқа дерек көздерінің бәрін жинақтаған. Бұнда ауданның ерекшеліктері картаға түсіргенде ескеріледі. Катраға түсірілетін ауданды мәлім болған көрсеткіштер, жер бедерінің тәртібі, жол торабы және басқа, 30 тарауда берілген сандық көрсеткіштер, топтам жасап, материалдарды жинақтап, мәселені шешу кезінде қолданылады.

Үшінші бөлім, картографиялық материалдардың және оның бағаларынан, олардың тізімдерінен тұрады.

Бұл жерде олардың қолданылуы тәртібі белгіленеді.

Төртінші бөлім, топтама жасаудың тізімдерінен, оның тәсілдерінен тұрады. Бұл жерде, картаға түсірудің ауданның ерекшелігін еске алған ләзім.

Сонымен қатар, картаны құрайтын элементтерді топтауға жинақтауға нұсқау береді. Атап айтқанда, елді мекендер, жол тораптары, су қоймалары, жер бедері, топырақ, өсімдік қабаттары, шекара т.с.с.

Бесінші бөлімде, картаның баспаға дайындауға қажетті анықтамалар түсірілетін дененің немесе ғимараттың нақты мәліметтері, технологиялық жағдайлары, кей жағдайда, жалпыға ортақ технологиядан ауытқу, сондай-ақ , басылатын түп нұсқалар саны т.с.с.

Редакциялық жоспар, жазба сызбалармен, кестелермен, үлгілермен толықтырылып біргі тіреледі. Мысалы, картографиялық материалдардың негізгі жобалары сызбалары орогидрогафиялық сызба немесе гидрографикалық, орографикалық жоба – ауданының ерекшелігіне байланысты. Елді мекендердің, жол тораптарының сызбалары жиілігі, іріктеу мөлшері.

Картаға түсіруге қажетті салыстырмалы кесте, картографиялық материалдарды белгіленген басқа да мәлімет, аудандардың бөлімдерінің топтама үлгілері, үлгілер саны, көлемі болып табылады. Оның аумағы ауданның жағдайына байланысты белгіленеді.

Редакциялық жоспар, картаның бірнеше бетінде талданады. Одан соң, осының негізінде, редакциялық нұсқауларды құрап картаның әр бетіне жазады. Жазылған құрылымдар жұмыстың күрделі түрі үшін ұсынылады. Мысалы, ұсақ масштабта, тығыз орналасқан таулы ауданды түсіру үшін көне немесе шет ел карталары қолданылады. Бұл үшін, міндетті түрде, жер бедерінің толық мәліметі, елді мекен белгілері бар салыстырмалы кестелер қажет.

Қарапайым жағдайда аз көлемдегі қосымша мен көлеммен шектелуге болады.

Карта шығаруға ұтымды пайдалану мақсатында, соңғы уақытта, топографиялық карталар үшін жүйелі түрде арнайы нұсқалар шығып келеді.

Сондықтан, редакциялық жоспардағы нұсқаулар қайталап жатудың жөні жоқ. Редакциялық жоспарлар, мәселеге нақты жауап беріп, түсірілетін ауданның ерекшелігін ескеріп, нұсқауларды қайталамағаны жөн.

Карта шығару ішінде, онымен карта құрастырушы айналысады. Ал ғылыми-техникалық жетекші жұмысты картограф-редакторлық қызыметін атқарады.

Бұл маман барлық жұмысқа жүйелі түрде басшылық жасайды. Редакциялық жоспардан ауытқымауын, барлық істің бір-бірімен сәйкес келуін қатаң бақылайды.

Топографиялық карталар, ірі масштабтағы ауылшаруашылық карталарының негізгі және дәлдігі мен басқа мәліметтерге толы, ең басты көмекші құрал екендігі бәрімізге белгілі.

Егер, жерге орналастыру мекемелері топографиялық материалдармен қамти алмаса, онда басқа ірі масштабтағы сенімді материалдарды қолдануға тура келеді. Мұның айырмашылығы ауылшаруашылық карталарын құрастыру кезінде, барлығы еске алынып, редакциялық жоспарға түсіндірме бергені жөн.

Ұсақ масштабтағы ауылшаруашылық карталарын дайындау үшін, қазіргі уақытта, географиялық негізгі республикалық әкімшілік, және облыстық 1:2500000 масштабқа сәйкес келетін карталары қолданады.

Ауылшаруашылығына қатысты материалдар, осыған қатысты ауылшаруашылық мекемелерінен жиналады. Мүмкін болатын қатені, жүзеге асырмау мақсатында, карта құрастыру кезінде ақпарларды, толық пайдаланып корректор мен редакциялық тексеруді күшейтіп, картаның формулаларын жүргізген дұрыс. Егер ауылшаруашылық, немесе басқа арнайы карта құрастырылса, онда редакциялық жоспарда топографиялық жоспарда топографиялық элементтер мен қатар, ауылшаруашылық мазмұндағы элементтер қаралады.

Аталған жағдайда, топографиялық негіздер мүлтіксіз талданады. Себебі, арнайы шартты белгілеуге орын қалдыру үшін, картаның ауылшаруашылық мазмұнын келегейлемеу үшін осы жағдай қажет болады.

Ауылшаруашылық карталарының мазмұны «ауылшаруашылық карталарын құрастыру» атты көмекші құралдың үшінші бөлімінде жан-жақты жазылған.

Егер, ауылшаруашылық карталары талапқа сай болмаса, (не стандартная) онда, белгілері бар кестемен бірге шрифпен, автордың жоспары түп нұскасы(макет) дайындалады. Бұл құрастыруды жасау кезінде, ауылшаруашылық мекемелерін, кәсіпорындарын орналастыру үшін, олардың белгілері бар кестесін дайындап, автордың осы кәсіпорындарын көрсеткен жобасын түп нұсқасын көрсеткен дұрыс.

4.20 Құрастыруға дайындық

Құрастыру жұмыстарының тәртібі карта жасау саласындағы ең басты, ғылыми-техникалық құжат, жоғарыда сөз болған, редакциялық жоспар (бағдарлама) материалдардың дайындалуы редакцияның технологиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Дайындық және оның тәсілдері, топографиялық карталарға арналған арнайы нұсқауларда толық және жан-жақты көрсетілген. Фотомеханикалық тәсілде, негізгі материалдар фотоға түсіру арқылы дайындалады. Осы тәсіл негізінен кең тараған. Негізгі материалдарды алдын-ала дайындайды, қалыпты өлшейді, түйінді нүктелерді, басқа элементтерді мұқият тексереді. Қажетті шараларды дұрыс қолданса, техникалық жағынан жақсы жабдықталған кәсіпорындар бойынша материалдарды суретке түсіру қиындық туғызбайды.

Жаңа технологиялық, сүзгілерді қолдану көбейту немесе қайта түсіру (репродукция) сияқты жұмыстар, тіпті айтарлықтай кішірейгеннің өзінде, фото көшірмеден кекіндердің бейнесін алуға әбден болады. Оның сыртында, жасыл және көк түсті де кәсіпорын толық жабдықталмас, онда материалдарда, өзеннің жасыл сызығын жиірек көтеру керек. Кейбір сызықты қоюлатып, басылған элементтерді қайта толтырып т.б. жұмыстарды істеген жөн.

Картаны құрастыру, картографиялық негіздердің координаттарын есептеп шығарудан, түйінді нүктелерді есептеуден басталады. Картографиялық қалыпты (сетки) құруда ауытқу болмауы қажет. Картографиялық материалдарды карта құрауға дайындау қатаң жүргізіледі. Оның мазмұны көшірілгенде түп нұсқадан ауытқымауы керек.

Түп нұсқаны қалыптастыру оның көшірмесін алу ғана емес, картографиялық кескіндерді жаңа бейнеге айналдыру, яғни карта қалай жобаланса, содан ауытқымау.

Бұл карта құру, техникалық тәсілдермен және топтап қортындылау әдістермен, редакциялық жоспардың негізінде жүзеге асырылады.

Картаны басапға дайындау үшін, белгіленген тәртіпке бағынып, құрастыруға арналған түп нұсқаны дайындап, қорытындыланған материалдарды қамтамасыз ету үшін басқа да шараларды жүзеге асырады.

Элементтер бойынша, топографиялық карталардың құрастыруға арналған түп нұсқаларын қалыптастырудың төмендегідей реттері белгіленген:

- гидрографиялық қалып, елді мекендер, жер бедері (рельеф) мемлекеттік, әкімшіліктік деңгейдегі шекара бөліністері, топырақ, өсімдік жамылғылары т.б

Бұл тәртіп, картографиялық материалдардың жағдайына, аудандардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Карта жасау жұмысына кірісер алдында төмендегідей мәселелерді есте ұстау керек:

- редакциялық жоспарға түп нұсқаның мазмұны сәйкес келгені жөн;

- суреттер, шартты белгілер, белгіленген үлгіден ауытқымайды;

- картографиялық белгілерді, шрифтерді ұтымды орналастыру;

- жазулардың, суреттердің көлемі шрифтің белгіленген үлгісіне сәйкестендеріледі.

- түп нұсқаның дәлдігіне және барныша анықтығына назар аударып, безендіру жұмыстары жүргізіледі.

Карта шығару ісінде, онымен карта құрастырушы айналысады. Ал ғылыми-техникалық жетекші жұмысты картограф – редактор атқарады.

Бақылау сұрақтары:

1. Картографиялық зерттеу әдісінің географиялық шындықты оқып үйренудегі анықтаудағы маңызын анықтаңыз?

2. Картографиялық үлгілеудің мәнін, табиғи және әлеуметтік экономикалық құбылыстардың динамикасы мен дамуын анықтаудағы алатын орнын ашып көрсетіңіз?

3. Карталардың сапасын талдаудың қандай бағыттары мен бағалау қағидалары негізгі болып табылады?

4. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардың көмегін қандай картометриялық және морфометриялық есептер шығаруға болады?

Наши рекомендации