Тақырып. Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі

1. Идеялық күрес.

2. Шаруалар көтерілісі.

3. Кеңес өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығы.

4. ХХ ғ. 70-80 жж. тоталитарлық жүйеге қарсылық

5. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

Федералдық мемлеет ретінде болжалып, 1922 жылы құрылған КСРО уақыт өте келе унитарлық мемлекетке айналды. Брежневтік басшылық қол жеткен табыстарды асыра бағалап, кемелденген социализм концепциясын насихаттады. Қарастырылып отырған кезең интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ұлттық проблемалардың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешуге болады деп пайымдалды да, бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын нсихаттаумен шектелді. Аталған жылдары ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамда қалыптасқан ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой – пікір айтуға шектеу қойды.

Кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсылық 20-30 жылдары зиялы қауым өкілдері арасындағы идеялық күрес түрінде орын алды. Осы кезеңдегі зиялылар қызметін Т.Омарбеков өз зерттеулерінде төмендегідей жүйелеген:

Ÿ Сталиндік саяси жүйеге, оның идеологиясына, концепциялық тұжырымдарына қалтқысыз рия көңілмен иланғандар;

Ÿ «Шолақ белсенді», билікке құмар Қазақстан коммунистерінің «бюрократ» тобы;

Ÿ «Алаш» қозғалысы идеяларына бүйрегі бұратын, сондықтан да Ф.Голощекиннің озбыр, күштеу саясатын тежеуге тырысқан және қазақ интеллигенциясын аға ұрпақтың демократиялық дәстүрлері негізінде топтастырып саяси аласапыранда қазақ халқының мүддесін қорғауға ашық күш салған азаматтар;

Ÿ «Жазалаушы – қуғындаушы аппараттық және тоталитарлық режимнің партиялық органдарының өкілдері».

Идеялық кұрес қоғамдағы өзекті мәселелер: оқу-ағарту, жер және шаруашылық түрлеріне және осы іс-шараларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері төңірегінде болды. Қазақ халқының көзін ашып оқу-білім дарыту ұлт зиялыларының арманы болды. Ғасыр басындағы зиялылары сегіз қырлы бір сырлы деп атауға әбден болды. Олар саясатпен де айналысты, кітап та жазды, бала да оқытты. «Алаш» қозғалысы идеяларына бүйрегі бұратын, сондықтан да Ф.Голощекиннің озбыр, күштеу саясатын тежеуге тырысқан және қазақ интеллигенциясын аға ұрпақтың демократиялық дәстүрлері негізінде топтасытырп саяси аласапыранда қазақ халқының мүддесін қорғауға ашық күш салған азаматтар да негізінен осы бағытта болды. Олардың қатарында С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаев, Ж.Сұлтанбеков сынды ұлт зиялылары болды. Кеңестік билікке қарсы қарулы бас көтеру 1929-1931 жылдары, яғни қазақ шаруаларының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күрт күйретуге бағытталған большевиктер реформасына қарсылық түрінде көрінді.

Ақын О.Сүлейсеновтың «АЗиЯ», О.Исмағұловтың «Қазақстанның этностық генегеографиясы», филомофия институтының авторлар ұжымы даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» және басқа әдебиет мен өнер шығармалары авторлары қуғындала бастады. Ұлттық қатынастардағы қарама-қайшылықтар күн санап қордалана берді. Ол Орталықтың 1979 жылы Қазақстанда неміс автономиясын құру әрекетіне ұласты. Оған қазақ халқы қарсылық көрсетіп «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясы болмасы» деген үндеулер көтеріп, алаңға шықты.

КОКП-ның әлеуметтік – экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа кері әсерін тигізді. Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі мен оған құлықсыздығы 80-жылдардың ортасында басталған қоғамға реформа жасау жағдайында 1986 жылдың желтоқсанында әміршіл-әкімшілдік жүйемен жас демократияның ашық қақтығысын алып келді.

Кеңестер одағындағы күрт бетбұрыс КПСС Орталық Комитетінің 1985 жылғы апрель Пленумынан басталды. Пленум ел ішінде жедедету бағытын белгіледі. Жеделдету бағыты КПСС ХХҮІІ съезінің құжаттарында талдап көрсетілді. КПСС ОРталық Комитетінің 1987 жылғы маусым Пленумы қайта құрудың концепциясын талдап – белгілеуді аяқтап, шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесін жаңартудың бағдарламалық тұжырымдамасын жасады. 1980 жылдардың соңына қарай Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары І съезінде, партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, жаңа одақтың шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың оянуы Қазақстанның қоғамдық өмірінде ресми емес қоғамдық-сяаси қозғалыстардың негізін қалады.

Тоталитарлық жүйенің ыдырауы кезінде Қазақстан халқының саяси оянып көп партиялықтың негізі қалана бастады. Қазақ КСР-да республиканың егемендігін саяси және экономикалық жағынан қамтамасыз ету қажеттігін батыл мәлімдеді. Қоғамды жаңартуға бағытталған қозағылты Н.Ә.назарбаев басқарды.

Бұл қозғалыс:

Ÿ аса күрделі мәселелерді шешу жолдарына;

Ÿ мемлекеттік саясаттың түбегейлі принциптеріне;

Ÿ саяси тұрақтылықты сақтауға мән берді.

1990 жылы 25 қазанда республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].

Қосымша әдебиет: [17, 20, 22, 24, 30, 31, 32].

Наши рекомендации