Халықаралық салық салу

4.1Салық кодексінің 219-бабы 4 және 5-тармақтарына қағаз жеткізгіште сияқты электрондық түрде де резиденттікті растайтын құжатты салық органының қабылдау және беру мүмкіндігін көздейтін халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында резиден еместің резиденттігін растайтын электорндық құжатты енгізу бойынша түзету енгізілді.

Салық кодексінің 219-бабына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартты қолдану үшін резидент емес тек осы құжатты дипломатиялық (консулдық) рақымшылықпен қағаз тасығышта резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеде жекелеген елдер құзырлы органның ресими сайиына орналастыру жолымен электрондық түрде резиденттікті растауға көшкен. (Грузия, Испания, Молдова, Чехия ж.т.б.).

Ақпараттарды алмасу бойынша халықаралық өзара іс-қимыл.

2014 жылы Қазақстан Салық ісі бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы конвенцияны ратификациялады, оған 103 мемлекет, оның ішінде 19 оффшорлық юрисдикция бірікті.

Конвенция салықтарды төлеуден жалтаруды қоса алғанда, көлеңкелі экономикаға, көлеңкелі табыстарды жылыстыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қатысушы-елдер арасында өзаралық негізде ақпараттар алмасуды көздейді.

Осыған байланысты, Қазақстан жоғарыда көрсетілген келісімнің ережелерін орындау үшін құқық негізді құру мақсатында салық салу саласында ақпараттарды алмасу тетіктері мен құралдарын енгізуді көздейтін Салық, Азаматтық кодекске, банктер туралы, сақтандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға түзетулер енгізді.

6.Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС)

С босату

Салық кодексінің 248-бабы 20) тармақшасында халықаралық тәжірибеге сәйкес қарыз операцияларды ҚҚС босату мақсатында, осындай қарызды ұсынатын тұлғаның меншік нысанына қарамастан төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарға арналған ақшалай нысанында қарыз операцияларды ҚҚС босатуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Мүліктіуақытшаиелену мен пайдалануды ұсыну (беру) кезінде айналым жасау күнін айқындау

Айналым жасау күнін айқындау бойынша тәртібін оңайлату мақсатында Салық кодексінің 248-бабы 2-3-тармақтары алып тасталынды. 2017 жылдан бастап мүлікті жалға беру кезінде айналым жасау күні айналым жасау күнін айқындау бойынша жалпы ережелерге сәйкес айқындалады.

Шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға қатысты

Салық кодексінің 256-бабы 3-тармағын нақтылау мақсатында сол салық кезеңінде:

- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алу күні;

- шот-фактураны жазып беру күнгі күннен барынша кешіктіріліп жазып берілген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға қатысты өзгерістер енгізілді;

Электрондық нысанды шот-фактураны жазып беру оның ішінде электрондық нысанды міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруге кезең-кезеңімен көшу

2015 жылы Салық кодексінің 263-бабына электрондық нысанды міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруге кезең-кезеңімен көшуді белгілеу бойынша өзгеріс енгізілді, атап айтқанда:

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – уәкілетті экономикалық операторлардың міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

- 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелерінің міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

- 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – барлық ҚҚС төлеушілердің міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

Қазақстан Республикасы ЭШФ АЖ базасында ДСҰ тауарларын қадағалауды есепке алу жүйесін құру бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер алдында өзіне міндеттерді қабылдауына байланысты, міндетті түрде ЭШФ жазып беруге кезең-кезеңімен көшу қаралған:

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап– мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап –ҚҚС төлеушілер;

6.5Салық кодексінің 263-бабы 3-тармағында экспорттың кеден рәсімінде тауарларды шығарған жағдайда шот-фактураны жазып беру мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізілді;

Сонымен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап экспорттың кеден рәсімінде тауарларды шығарған жағдайда шот-фактураны жазып берудің мынадай мерзімдері белгіленді:

- қағаз жеткізгіште – өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей;

- электрондық нысанды – өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;

6.6Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 4) тармақшасында тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуда қолма-қол есеп айырысқан жағдайда БКМ чегін сатып алушы табыс ету кезінде шот-фактураны жазып беруді талап етпеуі көзделген. Тиісінше, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу кезінде, ол бойынша төлем төлем карточкасымен (қолма қолсыз) жүргізілсе, салық төлеушіде шот-фактураны жазып беру бойынша міндеттідлігі туындайды.

Қолма-қол есеп айырысу мен қолма-қолсыз есеп айырысу үшін өткізу кезінде шот-фактураны жазып беру бойынша талаптарды теңестіру мақсатында, Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағы пост терминал арқылы төлем карточкасын пайдаланумен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шот-фактураны жазып беру бойынша талаптарын алып тастайтын 7) жаңа тармақшамен толықтырылды.

НДҚҚС қайтару

7.1Салық кодексінің нормаларын Халықаралық темір жол жүк қатынасы (ХТЖҚК) туралы келісіммен сәйкес келтіру мақсатында тікелей халықаралық темір жол-паромы жүк қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде нөлдік мөлшерлемені қолдануды көздейтін, нақтылайтын түзетулер енгізілді.

Көрсетілген түзету сондай-ақ Ақтау теңіз порты арқылы халықаралық темір жол-паромы жүк қатынасында жүктерді халықаралық тасымалдауға ынталандыруға ықпал етеді.

7.2Халықаралық тасымалдауды орындайтын шетелді әуе компанияларының әуе кемелеріне жанар жағар май материалдарын құюды растайтын құжаттардың тізбесін қысқарту мақсатында Салық кодексінің 244-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталынды және 2) тармақшаның редакциясы нақтыланды

Акциздер

8.1Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағы: 25-1) «қыздырылатын темекісі бар өнімдер» және 45-2) «электрондық сигартеттер» ұғымымен толықтырылды;

8.2Салық кодексінің 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілді. Осылайша, литріне 100% спиртті құрайтын алкоголь өніміне акциз (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)2017 жылға - 2000 теңге, 2018 жылға - 2275 теңге, 2019 жылға - 2 550 теңге, 1 литр үшін сыра және сыра сусынына акциз 2017 жылға - 39 теңге, 2018 жылға - 48 теңге, 2019 жылға – 57 теңге.

Бұдан тыс, темекі өніміне (фильтрлі сигареттер, фильтрсіз сигареттер, папиростар) 1000 дана үшін 2017 жылға - 6200 теңге, 2018 жылға - 7500 теңге, 2019 жылға – 8700 теңге акциздердің мөлшерлемелерін көтеру көзделген.

8.3алкоголь өнімін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, 80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртiне акциздің нөлдік мөлшерлемесі белгіленген.

8.4«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 574-бабы 4, 5, 6-тармақтарына хабарлау тәртібінде өтінішпен жекелеген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды ауыстыруды көздейтін өзгеріс енгізілді.

8.5Салық кодексінің 574-бабы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-6, 5-7, 5-8 және 6-тармақтарына үшінші елден алкоголь өнімін импорттаушылар үшін Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттерді жүргізуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген міндет облыстар, републикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органнның аумақтық құрылымына ақшаны уақытша орналастыру есебінен ақшаны енгізу жолымен ғана емес, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгенімен:

· банк кепілдігі;

· кепілгерлік;

· мүліктік кепілмен қамтамасыз етілетін болады.

8.6«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 10-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес өндірістік қуатты төменгі пайдалану бойынша талаптар лицензия алған (жаңартқан) тоқсанға қолданылмайды.

8.7«Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ Заңының (бұдан әрі - Темекi өнiмдерi туралы заң) 1-тармағы 1-2) «дербес сәйкестендіру нөмір-коды» және 7) темекi өнiмдерi ұғымымен толықтылылды;

8.8Темекi өнiмдерi туралы заңның 11-бабы темекі өнiмдерiн өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның міндетін көздейтін 3-тармақпен толықтырылды, темекі өнімдеріне арналған ПИН-кодтарын беретін ережемен айқындалған тәртіпте өтініш береді;

8.9Темекi өнiмдерi туралы заңның 3-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес темекi өнiмдерiнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу фильтрлі сигареттерге ғана емес, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға да төменгі бөлшек бағаны белгілеуді қамтиды. Бұл ретте, Темекi өнiмдерi туралы заңның 4-бабы 4-2) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретімен фильтрсіз сигареттер мен папиростарға төменгі бөлшек бағаны белгілеу бөлігінде толықтырылды;

8.10Темекi өнiмдерi туралы заңның 3-бабы 4-2) тармақшасы толықтырылды, оған сәйкес темекi өнiмдерiнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган темекі өнімдеріне арналған ПИН-кодтарды әзірлейді және беру тәртібін бекітеді;

8.11«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Мұнай өнiмдерi туралы заң) 1-бабы 4) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптары» ұғымы өзгертілді.

8.12Мұнай өнiмдерi туралы заң 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі және 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде өзгеріс енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнiмдерiн шығару кезінде) мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшектеп өткізу тізбегінде мұнайды өндірушіге, жеткізушіге және импорттаушыға теңестіріледі.

Наши рекомендации