Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау

1-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір студентке нақтылы есептің нөмірін қарастырылып отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

1-есеп.Үш қоймада А, Б, В, әртүрлі сортты дәнді дақылдар мынадай мөлшерде: 100, 150, 250 т сақтаулы. Осы дәнді дақыл-дарды төрт шаруа қожалығына (ШҚ) тұқымдыққа мынадай мөл-шерде: 1-ШҚ – 50 т, 2-ШҚ – 100 т, 3-ШҚ – 200 т, 4-ШҚ – 150 т жеткізу керек. Бір тонна дәнді тақылдарды ШҚ жеткізу шығыны кестеде берілген.

Қоймалар Шаруақожалықтары, 1 т/ мың тгн Дәнді дақылдар, т
1-ШҚ 2-ШҚ 3-ШҚ 4-ШҚ
А 1,0 1,5 0,8 0,75
Б 2.0 2.1 2.3 2,0
И 1,0 1,6 0,9 1,5
Д.д керек мөлшері, т  

Дәнді дақылдарды оңтайлы тасымалдау жоспарын құрыңыз.

2-есеп.Жүк тасумен айналысатын жекеменшік шаруашылығы бар кәспкер келсім шарт бойынша үш шаруа қожалығынан мына-дай мөлшерде, сәйкесінше: 1-де – 60 т, 2-де – 130 т және 3-де – 90 т, жиналған картопты, төрт сату орнына: 1-ге –30 т, 2-ге –80 т, 3-ге –60 т және 4-ге –110 т мөлшерде таситын болды. Тасымалдау тарифы (1 тонна картоп тасымалдауға кететін жанармай мөлшері, л) жол қашықтығы және автокөліктің техникалық сипаттамасы бойынша есептелініп, кестеде келтірілген.

Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау - student2.ru вj aі        

Кәсіпкерге жанармай шығыны минимальды болатын оңтайлы жоспар құру керек.

3 -есеп.Мынадай мөлшерде: 90, 190, 40, 130 ц түйе сүтін өн-діретін төрт шаруа қожалығынан, үш сүт зауытына: 270, 40, 110 ц мөлшерде сүтті тез арада жеткізу керек. Шаруа қожалықтарымен сүт зауыттарының арақашықтығы кестеде берілген.

Сүт таситын автокөліктің әрбір шаруа қожалғымен әрбір сүт зауытының арасында жүріп өткен жолы минимальды болатын оң-тайлы жоспар құру керек

вj aі      
Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау - student2.ru 90

4-есеп.Төмендегі кестеде М - өте үлкен оң таңбалы сан, яғни М белгісі жазылған торлар толтырылмайды.

Осы кестедегі мәліметтерді пайдаланып мақсат функцияның ең кіші мәні ізделетін тасымалдау жоспарын құрыңыз.

Тұтынушылар Қамтамасыз етушілер аі
М
М
bj  

5-есеп. Үш пункте бір өнім түрі, мынадай мөлшерде: 200, 170, 130 т жиналған. Осы өнім бес тұтынушыларға: 50, 220, 80, 110 және 140 т мөлшерде жеткізілуі керек. Әрбір пункттен тұтынушылырға өнімнің бір тоннасын жеткізу құны мына матрица түрінде берілген:

Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау - student2.ru

Төлем ақшаның болмауына байланысты бірінші өнім өндіру пунктінен бірінші тұтынушыға және екінші өндіруші пункттен үшінші тұтынушыға өнім тасымалдау уақытша жабық. Тасымалдау шығыны ең аз болатын жоспар құрыңыз.

6-есеп.Ұсынушыларда жиналған жүктің мөлшері А=(18,10,12) және тұтынушылардың қанша жүк қабылдай алатындығы В={11,9,13,7}, сонымен қатар жүкті жеткізетін уақыт мынадай матрица түрінде берілсін:

Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау - student2.ru

Тұтынушыларға жүкті қысқа мерзімде жеткізетін жоспар құру керек.

7-есеп. Фермерлік қожалықта 4 түрлі жұмыс орны бар. Осы жұмыстардың барлық түрінде орындай алатын, бір-біріне қатысы жоқ 4 маман, фермермен жұмыстардың түрлеріне байланысты әр- түрлі айлық жалақыға келсім шарт ұсынды. Шарттарда көрсетілген жалақы мөлшері ($-доллар) кестеде келтірілген.

Осы мәліметтер бойынша мамандарды қандай жұмысқа тағайындаған фермерге тиімді болатынын анықтау қажет.

Мамандар Жұмыс орындары
$190 $100 $125 $90
$185 $150 $100 $75
$250 $125 $150 $85
$200 $90 $100 $100

8-есеп. Кәсіпорынға компьютерлік технологиялар жетістік-терін енгізу үшін бес жұмыс орындарының ерешеліктерін ескеріп, бес түрлі компьютерлік программылық өнімдер жасауға қажеттік туындалды. Осы программаларды жасауға 6 программисттер өзде-рінің келсімдерін беріп, және оларды әрқайсысы қанша күнде бітіретіндерін ұсынды (кестені қараңыз). Кәсіпорын әрбір програм-ма өнімдерін жеке-жеке тек бір программист жасау керек деп шешті. Сондықтан бір программистке тапсырыс берілмейді.

Програм-мистер Программалық өнімдердің жасалынатын уақыты, күн
1-прогр. 2-прогр. 3-прогр. 4-прогр. 5-прогр.
Ахметов
Треуов
Сейдалиева
Қырғызбаева
Асаев
Молдабеков

Әрбір программистке кәсіпорын күніне 4500 теңге төлеуге келісті. Осы мәліметтер бойынша программисттерді қандай про-граммалық өнімді жасауға тағайындаған кәсіпорынға тиімді бола-тынын анықтау қажет.

9-есеп. Шаруашылықта төрт түрлі техникаларда (шынжыр табанды трактор, дөңгелекті трактор, комбайн және жүк таситын автомобиль), көрсетілген техниканың кез келгенін меңгерген, 4 механизаторларға жұмыс істеу ұсынылды. Механизаторлар қарас-тырылып отырған техникалармен істелінетін жұмыстардың ерек-шеліктерін әркім өзінше бағалап, әртүрлі айлық жалақыға келсім шарт ұсынды. Шарттарда көрсетілген айлық жалақы мөлшері ($-доллар) кестеде келтірілген.

Механиза-торлар Техника түрлері
Дөңгелекті трактор Шынжыр табанды Комбайн Автомобиль  
$290 $300 $225 $190
$285 $350 $250 $175
$250 $425 $250 $185
$200 $390 $300 $150

Осы мәліметтер бойынша механизаторларды қандай техни-каға тағайындаған шаруашылыққа тиімді болатынын анықтау қажет.

10-есеп. Оқу үрдісіне жаңадан енгізілген бір курстан сапалы сабақ жүргізу үшін басқа оқу орындарынан сағаттық төлемақымен оқытушылар шақырылды. Әрбір оқытушы сабақтардың барлық түрін (дәріс, тәжірибелік, зертханалық және семинарлық) өткізе алады. Бірақ әрбір оқытушы аталған сабақтардың тек біреуін ғана жүргізуге келісіп, және сабақтардың түріне байланысты сағаттық төлем ақыны қаншадан төлеу керектігін ұсынды (кестені қараңыз).

Оқытушылар Сабақтың түрлері бойынша төлем ақы, 1 сағат
$190 $100 $125 $90
$185 $150 $100 $75
$250 $125 $150 $85
$200 $90 $100 $100

Осы мәліметтер бойынша оқу орнына тиімді болатындай жоспар құрып, әрбір оқытушы нақтылы қандай сабақты өткізу керектігін анықтап, оларға өткізетін сабақ түрін бекіту керек.

2-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір студентке нақтылы есептің нөмірін қарастырылып

Наши рекомендации