Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері

Көрсеткіштер Сомасы, мың тг Жоспарды табысқа %
1 Өткізілген өнімнің өзіндік құны-ның өсуі - 1255 + 28,4
2 Келісілген бағалар деңгейнің өсуі + 3434 + 77,7
3 Өнімді өткізу көлемінің артуы + 150 +3,4
4 Өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер - 560 - 12,7
Жиынтығы: + 1768 + 40,0

Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзінідік құнының өсуі нәтижесіне азаюын кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшілктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынынң өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады.

Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстарғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.

Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:

1.
өткізілген өнімдердің бағасыынң өзгеруі;

2.
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;

3.
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыдарының өзгерісі.


Олардың есеті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 16-кестені құрайық.


16-Кесте

Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер

Көрсеткіштер Өткен жылғы ^ Есепті жылғы
1 Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен 24392 23179
2 Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны 20689 16996
3 Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) 3703 6283
4 Баға индексі 1,00 1,05
5 Өткізілген өнімнен түскен табыс, салыстырмалы бағамен 24392 22075

Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.

Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен

23179 : 1,05 = 22075

Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:

23179 – 22075 = 1104 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынынң еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.

2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткезілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.

Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпал, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстармалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кем есебінен жалпы табыс көлемінеің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ДН = ДЖ - РК

Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;

ДЖ – жалпы табыс;

РК – кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құныныа кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындардға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Бұдан былай біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы рөлін қарастырамыз және маржинальды табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қазметтен алынатын табыстың өзгеруіне әртүрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

3.
^ Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынынң іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынынң өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие боады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әртүрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымы (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді – бұл шағын бизнестің бір артықшлығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қарыжлық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынынң іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымыдлық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизациясын назарға ала отырып бағаланса, екінішсіне басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффицентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдыық коэффиценті өткен жылы 0,80 ре құраса – (24392), ал есе беру жылында – 0,62 рет (23179) болды.

30512 37254


Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 80 тиын келтірсе, есеп беру жылында ол 18 тиынға кеміді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өткен жылмен салыстарғанда 6709 мың теңгеге (-0,18 ×37254) кеміді. Жалпы (авансталған) капиталдың орташа шамасының жыл бойы 1,22 есе (37254:30512) өсуі, өткен жылмен салыстырғанда өнім сату көлемін 5394 мың теңгеге (37554-30512) × 0,80= 6747×0,80= 5394) арттыруға мүмкіндік береді. Осы екі факторрдың жиынтық әсері бізге сатылған өнім көлеміндегі жалпы ауытқуды береді: - 1312 – 6706+5394.

Наши рекомендации