Факторлары мен географиясы 4 страница
А) машинаны С) жобаларды
В) кешенді Д) жұмысты
4. ҚР-да машина жасауды дамыту жөнiндегi ......................... жылдарға арналған бағдарламасында қарастырылған.
А) 2010- 2014 С) 2000-2005
В) 1991-1998 Д) 2010-2012
63-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
1. темір | а) өнім |
2. ауыл | ә) құралдары |
3. жол | б)жол |
4. отандық | в) жұмыстары |
5. индустрияландыру | г) орындары |
6. үлкен | ғ) шаруашылығы |
7. автокөлік | д) картасы |
8. өндіріс | е) заттары |
9. еңбек | и) сұраныс |
10. тұтыну | ж) жасау |
64-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Ел экономикасында елеулі орынға ие салалары не деп ойлайсыздар? 2. Елімізде қазір қандай бағдарламалар қолға алынып жатыр? 3. Отандық өнімдерді көбейту үшін не істеу керек ? 4. Машина жасау кешеніне қандай салалар кіреді? 5. Машина жасауды дамыту қандай бағдарламада қарастырылған?
65-тапсырма. Ұлағатты сөздердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
Отаншылдық – ең ізгі сезім.
(Л.Н.Толстой)
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, – деп, ер қайратына мін-дағы, өрге бас!
(М.Әуезов)
Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
(Ж. Аймауытұлы)
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
(М. Әуезов)
Әдістемелік ұсыныс: Машина жасаудың экономикадағы рөлі туралы ой бөлісіп, дөңгелек үстел ұйымдастыру.
Әдебиет: Нег.: 10[8-10] , Қос.:9[24]
Бақылау сұрақтары:
1. Елбасының халыққа Жолдауында машина жасау саласы туралы не айтылады?
2. Қазіргі уақытта қандай өнімдерге сұраныс артып отыр?
3. 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
3-апта. 9-тәжірибелік сабақ
66-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, өзара пікір алмасыңыздар.
Машина жасау саласындағы отандық өнімдер
Машина жасау саласына кең өріс ашып отырған бір фактор ретінде кедендік одақтың құрылғанын айта кеткен жөн. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені біздің ауқымды автокәсіпорындар орналасқан Өскемен, Қостанай, Павлодар секілді қалалардың барлығы дерлік Ресей елімен шектесіп жатыр. Сондай-ақ Ресейдің Алтай аймағы мен Сібір аудандары өздерінің автоөндірісінен едәуір алшақта жатқанын ескерсек, бұл өңірлердің тұтынушыларына алыстан мол шығынмен тасымалдағанша, іргесінде жатқан Өскеменнен сатып алған әлдеқайда тиімді. Демек, машина жасау саласында отандық өнімді үлкен нарыққа жөнелтудің жолы ашық.
«ҚазТрубпром» ЖШС шығаратын сорғы компрессорлық трубалардың 80 пайызы Ресейдің «Трубалық металлургиялық комбинаты» сауда үйіне «жол» тартады, «Қазармапром» ЖШС өндіретін өнімнің, соның ішінде ұнтақтағыш шарлар, шойыннан жасалған арматураның 80 пайызы ұзақ мерзімді келісімдерге сәйкес Ресейдің Стойло тау кен байыту комбинатына тасымалданады, «БҚМК» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларына арналған ұсақ бөлшектерді, мұнай-газ жабдықтарына арналған бірқатар бөлшектерді де Ресейге жібереді. Дегенмен, машина жасау саласында елімізде әлі де болса, импорттық өнімдерге тәуелділік басым.
Жаңадан бой көтеріп жатқан кез келген жоба құрылысына да, оны жабдықтауда да шет елдің өнімдеріне көбірек жүгінеміз. Италия, Германия, Ресей сияқты бірқатар елдердің құрылғыларын қымбат бағаға сатып алып, соларды қондырып жатамыз. Ал дәл сондай құрал-жабдықты өзімізде де өндіруге мүмкіндіктің бар екенін, керекті шикізаттың да арзан бағамен елден табуға болатынын айта кетуге болады. Осы орайда бұған мән беріп, қазақстандық қамтуды арттыру бойынша, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үлкен істі қолға алды.
Алдағы уақытта мұнай-газ бен кен-шахта жұмыстарына қажетті құрылғылар мен жабдықтарды шеттен қымбатқа тасымалдамай, өзімізде өндіретін болады. Бұл жұмыс істеп тұрған отандық өндірістердің өніміне сұранысты арттырып қана қоймай, жаңа өндіріс орындарының ашылуына, өз кезегінде жұмыссыздар санын азайтуға, сондай-ақ аталған сала өндірістерінің арзан бағаға, әрі жақын жерден керектісіне қол жеткізе алуына мол сеп болмақ.
Қазақстанда машина жасау саласында бүгінде аталмыш сала машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндiрiсi, компьютерлердi, электрондық және оптикалық өнiм өндiрiсi, электр жабдығы өндiрiсi, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндiрiсi, автокөлiк құралдары, трейлерлер мен жартылай тiркемелер өндiрiсi, өзге де көлiк құралдары өндiрiсi, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату сияқты түрлерін қамтиды.
Сөздік:
ұнтақтағыш – дробилка
құрылғы – устройство; механическое приспособление
тәуелді – зависимый
тасымалдау – перевозить; переносить
шығын – расходы
тіркеме – прицепной
өндіру – вырабатывать; производить
көлік – транспорт
67-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Біздің ауқымды автокәсіпорындарымыз қай қалаларда орналасқан? 2. Машина жасау саласында отандық өнімді нарыққа жөнелтудің жолы қандай? 3. «Қазармапром» ЖШС қандай өнімдер өндіреді? 4. Ағымдағы жылдың ақпан айында қандай бағдарлама бекітіледі? 5. Кез келген жоба құрылысында қай елдердің өнімдеріне көбірек жүгінеді ?
68-тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, түсіндіріңіздер. Жаттап алыңыздар.
Ана тілі – бәріміздің анамыз, Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
* * * * * * * * * *
Өз тілің – бірлік үшін, Қазақтың ақылы – көзінде,
Өзге тіл – тірлік үшін. Қасиеті сөзінде.
* * * * * * * * * *
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
69-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар. Жауаптардың дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.
1. Қазақ халқында тұрмыстық салт-дәстүрінде «Торсық» сөзінің қай салаға жататынын табыңыздар.
А) Зергерлік бұйым Д) Ұлттық тағам
Б) Ыдыс аяқ Е) Киіз жабдығы
С) Ұлттық киім
2. Етікшілікке байланысты кәсіби сөзді табыңыздар.
А) Циркуль, сызғыш, біз, өшіргіш
В) Омарташы, бал арасы, бал
С) Қайыс, біз, ұста
Д) Балықшылар, ау, атылар
Е) Мақта, мақтаның қауызы, мақташылар.
70-тапсырма.Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударып, есте
сақтаңыздар.
71-тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір сөздерге түсініктеме беріңіздер.
Шикізат -------------------------- Бұйымдар -------------------------------
Кәсіпорын ----------------------- Бағдарлама ------------------------------
Дамыту --------------------------- Автоөндіріс ----------------------------
Сұраныс -------------------------- Құрылғы --------------------------------
Тасымалдау --------------------- Өндіріс ----------------------------------
72-тапсырма. Мамандыққа берілген терминдердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
Құрылымдау өлшемі (размер конструкторский) – құрылым түзілімдегі тетіктердің өзара орналасуын анықтайтын өлшем.
Ротор – генератордың айналып тұрған бөлігі. Ол электромагнитті болып келеді. Генератор жұмыс істегенде электромагниттің орамдары сақиналар және щеткалар арқылы тұрақты тоққа қосылады.
Сала (отрасль) – өнімдері шаруашылықта қолданылатын өндіріс немесе ұйым топтары.
Соғу машиналары (машины ковочные) – күрделі пішінді тетіктерді еркін соғып жасау үшін қолданылатын машиналар.
Текше (стенд) – сынау, зерттеу,жөндеу және машиналар мен басқа объектілерді құрастыру жұмыстарын жүргізуге арналған қондырғы.
Ыс (копоть) – пештерді қызу,жану, тотығу және т.б. химия-технологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын жағымсыз зат.
Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!
- Металл өңдеу өнеркәсібінің ең бір ерекше кәсіпорны – Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады. Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.
Әдістемелік ұсыныс: Машина жасау саласының салмақтылығы неде? Қазақстанда бұл сала тағы нені қамтиды? деген сұрақтар жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастыру.
Әдебиет: Нег.: 10[7-8] , Қос.: 9[14]
Бақылау сұрақтары:
1.Біздің ауқымды автокәсіпорындар орналасқан қалалар қай елмен шектесіп жатыр?
2. Біздер қай елдердің өнімдеріне көбірек жүгінеміз?
3. 2011-2013 жылдарға арналған бағдарлама туралы ой бөлісіңіздер.
4-апта. 10-тәжірибелік сабақ
73-тапсырма. Машина жасау зауыттарының орналасу факторлары мен географиясы мәтініне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
Қазақстандағы машина жасау өндіріс орындары
* * * * *
Машина жасау зауыттарының орналасу
факторлары мен географиясы
Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор.
Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте – алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мынандай фактор – тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан.
Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады.
Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар – еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы – Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті көп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар әрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.
Металды көп қажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.
Сөздік:
ғылыми – научный
қажет – необходимо
аспап – инструмент; прибор
есептеу – считать
шоғырлану – скапливаться
күрделі – сложный
74-тапсырма.Мәтіннен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.
75-тапсырма.Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Ү л г і:
– Мұнай машиналарын жасау зауыты еліміздің қай жерінде орналасқан?
– Мұнай өндірілетін жерде – Атырау қаласында орналасқан.
76-тапсырма. Термин сөздердің аудармасын жаттап алыңыздар.
бағыттаушы тартқыш – направляющий распределитель
бақылау құралбілігі – контрольная оправка
басқару жүйесі – система управления
басқару кілті – ключ управления
балдақ илейтін машина – колцераскатная машина
77-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіздер.
Ү л г і : Машина, машинаның, машинаға, машинаны, машинада, машинадан, машинамен.
Еңбек, ғылым, жұмыс,мұнай, машина, техника, зауыт, өнім,шикізат.
78-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып
жазыңыздар.
Темір жолдың болуы Алматыда металл мен металл .............. кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте – алып пресс-автоматтар шығаратын ................ орналастыруға мүмкіндік берді. Мұнай машиналарын жасау ............... мұнай өндірілетін жерде Атырауда орналасқан. Бұлар – еңбекті көп ................... ететін салалар.
Тиісті сөздер: зауыттарды, құрал-жабдықтары, зауыты, қажет.
Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!
- Қазақстанда барлығы 30-дай әр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.
79-тапсырма.Берілген ребусты шешсеңіздер, адам өміріне қажетті сөз шығады.
Әдістемелік ұсыныс: Машина жасау зауыттарының пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинап, ой бөлісіңіздер.
Әдебиет: Нег.: 11[5-6]; Қос.: 7[4-5]
Бақылау сұрақтары:
1. Машина жасау зауыттары қалай орналасады?
2.Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру еліміздің қай жерлеріңде орналасқан?
3. Еңбекті көп қажет ететін қандай сала?
4-апта. 11-тәжірибелік сабақ
80-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырып, айтып беріңіздер.
Каспий маңы машина жасау кешені
Кешен Каспий кен-металлургиялық комбинаты негізінде қайта құрылған. Ол 1970ж. 1 қазанда Орта механикалық жөндеу шеберханасы базасында құрылды. Осы жылы құю және орталық корпустары іске қосылды. 1972 ж. электрлі жөндеу, механикалық, бу қазаны және темір соғатын цехтарынан тұратын орталық корпус іске қосылды. 80-жылдардың ортасына қарай механикалық жөндеу зауыты соңғы үлгідегі құрал-саймандармен жабдықталған, әр түрлі техникалық тұрғыда қиын жөндеу жұмыстарын жасайтын, кен өндірісінің қайта өңдеп шығаратын жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін жасайтын зауытқа айналды.
КСРО-ның басты машина жасау зауыттарынан алыста орналасқан географиялық қашықтығын ескере отырып және қаланың кен өндіретін, химиялық және энергетикалық өнеркәсіптерінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін Механикалық жөндеу зауытының өндірістік әлеуеттігі жаңа технологиялармен түрлі өнім шығаруға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталды. Қажет бөлшек жасауға мүмкіндігі жететін шағын зауыттар құрылды.
Зауыттың цехтарында өнімдерді жону, токарьлық, тегістеу, фрезерлеу жұмыстары, термиялық өңдеу, табақ металды газды және плазмалық кесу, бөлшектерді еркін қақтау және штамптау, өнімдерді резинадан және пластмассадан жасау толық циклмен жүргізілді. Электрлі доға пештерінде бұйымдар көміртекті, қоспалы және тот баспайтын болаттан, шойыннан, түрлі түсті металдардан және қорытпалардан құйып шығарылады. Көптеген тапсырыстарға қоса бидай оратын комбайндардың тісті доғалықтары, диаметрі 200 мм дейінгі құрышты және тот баспайтын ысырмалар, сораптарға жұмыстық доңғалақтар мен корпустар және де комбинаттың жаңа салынып жатқан нысандарына арналған стандартты емес жабдықтардың көптеген түрлері де шығарылады.
Зауытта 200 дана «Норит» перфораторы, салмағы 500 т-лық ядролық зерттеу инcтитутына арналған электрмагнит, «ТГС-325» құбыр иетін станок сияқты бірегей өнімдер жасалынған. Дәл құйма жасау, сонымен қоса арнайы дәрежелі тот баспайтын болаттан және коррозияға берік шойыннан құйма жасау іске қосылды. 80-жылдардан бастап халық тұтынатын тауарларды пластмассадан және 400-ден астам резинатехникалық өнімдерден жасау қолданыла бастады.
1982 ж. санды программамен басқарылатын станоктар телімі құрылды. Онда токарьлық, фрезерлік және жону жұмыстары жүргізілді, сонымен бірге ИР-500 бен ИР-800 үлгілі қайта өңдеу орталықтары іске қосылды. 1990 ж. еліміздегі жалғыз лазерлік кешен қондырылды. Зауыттың дамуына оның директоры қызметін атқарған П.Е. Нелюбин, Э.К. Кузьмик, т.б. өз үлестерін қосты.
Әйтсе де 90-жылдары өнеркәсіп ұзақ мерзімге дейін экономикалық дағдарыс та болды. Дағдарыстан шығу үшін 1997 ж. зауыттың бұрынғы директоры Н.С. Новосельцевтің басқаруымен зауыттың мүліктік кешені негізінде «Каскор-Ремзавод» акционерлік қоғамы құрылды. Бірақ кәсіпорынның табысты жұмысын ұйымдастырудағы басқарманың қабілетсіздігі акциялар игерген акционерлік қоғамының мүліктік кешенін «Нурибал» ЖШС-нің сенімді басшылығына тапсыруға мәжбүр етті. 2000ж. мүліктік кешен «Каспиймұнаймаш» ААҚ-ға өзгертілді. 2004 ж. ол да банкрот болып жарияланып, Каспий маңы машина жасау кешені ЖШС басқаруды қолына алды.
Сөздік:
жөндеу – ремонтировать
шойын – чугун
жабдықтау – оборудовать
ұжым – коллектив
тұрақты – постоянный
серіктестік – товарищество
сорап – насос
қабілет – способность
сапалы – качественный
құйма – литье
81-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Каспий кен-металлургиялық ...................... негізінде қайта құрылған. 2. ................. Ол 1970ж. 1 қазанда Орта механикалық ................ базасында құрылды. 3.Осы жылы құю және ................. іске қосылды. 4. 1972 ж. электрлі жөндеу, механикалық, бу қазаны және ................. цехтарынан тұратын орталық корпус іске қосылды. 5. Қажет бөлшек жасауға мүмкіндігі жететін ..................... құрылды. 6. Каспий аймағындағы ірі, ...................... ретінде тұрақты жұмыс жасауда.
82-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Каспий маңы машина жасау кешені қай жылы құрылды? 2. Алғашқыда ол қалай аталды? 3. Қай жылдан бастап соңғы үлгідегі құрал-саймандармен жабдықталды? 4. Зауытты кім басқарды? 5. Зауыт қай жылы үлкен дағдарысқа ұшырады? 6. Қазіргі кездегі компанияның негізгі қызметтері қандай?
83-тапсырма. Мәтіннен машина саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мысалы: термиялық өңдеу, табақ металды, резинатехникалық өнімдер, тот баспайтын ысырмалар, сапалы жөндеу.
84-тапсырма. Машина жасау саласы бойынша мамандықтарға негізделген терминдердің мағынасын есте сақтаңыздар.
Жеке өндіріс (производство единичное) – номенклатурасы кең және жасалатын немесе жөнделетін бұйымдарының шығу көлемі аз өндіріс.
Машина –материалдарды және энергияны механикалық қозғалыс арқылы түрлендіріп, адамның қол және ой еңбегін жеңілдететін немесе толық ауыстыратын құрылым.
Машинажасау (машиностроение) – бұл еңбек құралдарын, көліктерді және қолданыстағы заттар мен қорғаныс өнімдерін жасайтын өндіріс салаларының кешені.
Орамдау (навивание, навивка пружины) – құралбілікте сым немесе шыбықты ию көмегімен серіппе орамының жасалуы.