Иліктің легитимдігі. Биліктің түрлері.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

1. Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.

2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.

3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түріжәне мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түріне байланысты билік монархиялық және республикалық болып бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарға өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.

Билік мемлекеттің құрылысына қарай унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді. Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекетік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады.

аяси тәртіп.

Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – саяси биліктің заңды түрде жүзеге асырылуы, қоғамды басқарудың (билікті жүзеге асырудың) әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтамыз.Қазіргі саяси режимдерді демократиялық және антидемократиялық – авторитарлық және тоталитарлық деп үлкен үш топқа бөледі.

Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екі түрге бөлінеді. Президенттік тәртіп жағдайында атқарушы орган тікелей соған бағынады, ал президент белгілі бір мерзімге халық арқылы сайланады. Ол меғмлекет және өкімет басшысы болып есептеледі. Президент атқарушы органдардың және министрлер кабинеті басшыларын тағайындап отырады. Атқарушы өкімет президенттік билікті жүргізу құралы болып есептеледі. Бірақ президенттік биліктің шегі болады. Ең алдымен ол заң шығарушыға құқықты емес. Президенттің кез келген үкімін заңға қайшы келген жағдайда Мәжіліс қайтаруға құқылы. Президент өз қызметінде республиканың ішкі және сыртқы мәселелерін шешумен шұғылданады. Соның ішінде республика көлеміндегі экономикалық және ғылыми-техникалық және саяси, әлеуметтік, мәдени, құқықтық тәртіпті нығайту тағы басқа мәселелер президенттің басты назарында болады. Президент Республика Конституциясында көрсетілген нормалар мен әдістерді пайдаланады. Президент Мәжіліс отырыстарына қатысып, оның жұмысының тиімді әрі нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Заң шығару барысында инициатива көрсетеді, қажет кезде заңның қабылдануын кідіртуге құқылы.

Парламенттік режим жағдайында заң шығарушы өкіметтің ролі басым. Мұнда заң шығарушы және атқарушы өкімет парламентке бағынады.

Тоталитарлық режим дегеніміз – саяси режимнің бір түрі, ол қоғамның барлық салаларына толық бақылау жасайды. Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:

Партия монополиясының өмір сүруі;

1-Партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы;

2-Идеологияның үстемдігі. Идеологияны саяси лидер анықтап отырады, сондықтан мұндай идеология халық пікіріне көп жағдайда қайшы келеді;

3-Тоталитаризм барлық нәрсеге монополиялық бақылау негізінде құрылады. Өмірдің барлық саласына бақылау жасалынады;

4-Террорлық полицияның бақылауы болады.

Авторитарлық режимныің ерекшелігі, ол тоталитарлық пен демократиялық режимдермен аралық сипатта болады. Өйткені мұнда тоталитарлық та, демократиялық та белгілер орын алады. Мысалы: Тоталитарлық жүйеге тән заңмен шектелмейтін диктаторлық биліктің сипаты болады. Мемлекет арқылы реттелмейтін автономиялы қоғамдық салалардың болуы. Әсіресе экономика мен жеке адамдардың өмірінде азаматтық қоғам элементтерінің болуы оны демократиялық режимге тән белгілермен жақындастырады. Оның негізгі белгілері, биліктің тоталитарлық сипат алмауы, тұтас бір идеологияның болмауы, формальді түрде болса да парламенттің, партиялардың болуы, биліктің бөлінуі т.б.. Авторитарлық билік негізінен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерді қорғау және сыртқы саясат мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге эконимикалық даму стратегиясына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты да қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ мұнда нарық заңдары бұзылмайды. Саяси элита сақталады және ол конкуренция арқылы емес керісіше тағайындалып отырады.

Наши рекомендации