Ысқа мерзімдегі өндіріс шығындары: тұрақты, айнымалы, орташа.

Тұрақты шығындар FC(Fixed cost)-өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар.Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс.Айнымалы шығындар VC(variable cost)- өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар.Олар шикізатққа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады.Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы бөлу талдау жасалып отырған кееңге де байланысты болады.Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады,себебі ұзақ мерзімде барлық құрал-жабдықтар ауыстырылады.Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды TC(total cost).Орташа шығындар фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, фирма пайда алмайды. Егер орташа шығындардан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады.Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең болады: ATC=TC/Q. Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне болгенге тең:AFC=TFC/Q. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындардың өндірілген өнім санына болгенге тең: AVC=TVC/Q.

23.ҚР.салық жүйесі ерекшеліктері.1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

24. ҚР-дағы шетел инвестициялары. «Инвестиция» немістің «investion» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.Батыс елдері экон.теор. мектептері инвестициялау процесін былай түсінген кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған ақша, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп орындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, мемелекеттің табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау. Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырған,онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады.

25. 71. ҚР Президентінің 12.11.2014 жылғы «ҚР-ның жаңа экономикалық саясаты» халыққа жолдауынан. Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Жолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014. Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, -2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.

Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.

Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

26.Қазақстан экономикасының инфрақұрылымын дамытуы туралы. ҚР Президентінің 12.11.2014 жылғы халыққа жолдауынан.Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.

Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.

Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.

27. ҚР – дағы бүгінгі әлеуметтік саясат. ҚР Президентінің 12.11.2014 жылғы «Әлеуметтік іс – шаралары» туралы жолдауынан. Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек.Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс.Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.

Азақстан-2030» стратегиясының негізгі әлеуметтік-экономикалық нәтижелері. (ҚР Президентінің 14.12.2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы атты жолдауынан). (3)ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік.

Дәл осы «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды.

Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті.

Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.

Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7еседен астам өсті.

Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.

Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.

Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.

Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі.

Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд.теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды.

Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.

АЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі.

Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.

Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.

Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд. теңге болды.

Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретінмедициналық кластер құрылды.

Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды.

Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.

Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.

Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті.

Өмір сүру ұзақтығы 70жасқа дейін ұлғайды.

Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.

Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды.

1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.

Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждержелісін дамытудамыз.

Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.

1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.

Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.

29. Мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру. Мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекеттік иеліктен алу себебі – салдаы.Ерте дүниенің өзінде ақ ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптса бастады. Осылардын ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзіннің барынша дамуын акімшілік- әміршілдік экономикалық жүйеде бұрынығы КСРО-да жүзеге асырылып оның үлесі басқа меншік құрылымында 88,6% құрады. Алайда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5- 30 % ауытқиды. Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен тиымды болуы мүмкін. Оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның даму стратегиясының қалыптасуы экономиканы салалық құрылымының оңтайландыру нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады. Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы, нақты өмірде жағымсыз түстарда яғни мемлекеттік монополияның пайда болуына алып келеді. Ол экономика үшін аса қауыпты еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жойю жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырмайтын сұраным қалыптасты. Рынокқа өту және ТМД елдерінде ҚР мемлекеттік меншекті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымың бағыттау қажет. Мемлекетік меншік үлесі 30-40 % шеңберінде бекітіледі.Жеке мещіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап жеке кәссіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мынез-құлқының белгілі ережелері жасалған, соеымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысының ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешелі алда. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген ғана емес , сондай-ақ ұжымдық, акционерлік және кооперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды.

30.Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің тарихи тұрғыдағы типтері және формалары. Меншік экономикалық категория. Көп меншікті экономикалық жүйе. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды рөл атқарады. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан да, кез-келген үкімет туралы заңдар шығады. Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік өана тән. Меншік категориясының эконормикадағы орны мен рөлін, мәнін түсіну үшін материалдық игіліктерді қндіруге мүмкіндік беретін өндіріс тәсілдеріне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндіріс тәсілінде екі жақты зерттеу жүргізіледі. Атап айтқанда.

1) Өндіргіш күштер. Ол материалдық игіліктерді өндіруге өолданылатын адам күші мен өндіріс өқұралдарын өамтиды.

2) Өндірістік өатынастар. Бұл өндіріс процесі кезінде адамдар арасында туындайтын байланыстар.

Экономикалық өатынастардың ішінде шешуші рөлді меншік қатынасы алады.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде кез келген тұлғаның затты пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Меншік объектілері болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектілері ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады. Экономикалық жүйе- бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Қазіргі таңда экономикалық жүйені анықтаудың келесідей бағыттары бары құрылымдық – басқарушылар (Нойбергер, Даффи), технологиялық ; уәжімдемелік, яғни мотевациялық – Бекингей, Ландауэр; институациалды-социологиялық (Гросман, С. Кузнец).

31.Монополиялық бәсекелі нарық үлгісі. Осы нарықтағы бағалық емес бәсекенің ролі. Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

32.Мемлекеттің циклге қарсы саясаты. Мемлекеттің циклға қарсы шаралары. Гүлдену кезеңіндегі маңызды дағдарысқа қарсы саясаттар:

1. Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасын көтеру, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату.

2. Фискальды саясат мемлекеттік бюджет есебін қысқарту, салық ставкасын көтеру.

3. Еңбекақы және тариф саясаты, еңбекақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестиция саясаты: мемлекеттік құрылысты тежеу.

Тоқырау кезіндегі дағдарысқа қарсы аса маңызды саясат:

1. Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасы төмендеуі, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаз сатып алу.

2. Фискальды саясат: мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны, салық ставкасы төмендету.

3. Еңбек ақы және тариф саясаты: еңбекақыны көтеру.

4. Мемлекеттік инвестиция саясаты: инвестициялық бағдарламаның тезірек жүзеге асуы.

Қорытынды:

1. Өрлеу кезеңінде мемлекеттің мақсаты экономикалық қызудан сақтап қалу, іскерлік белсенділікті ұстамды жүргізу.

2. Күйзеліс кезеңінде мемлекеттің барлық шарасы құрылымдық іскерлік белсенділікке бағытталады.

Таңдалып алынған реттеу өлшеміне қарай, жалпы қазіргі рыноктық шаруашылық дәстүрлі схемаға сәйкес келмейді.Барлық фазаларда ашық сипаттама жоқ, фазаның бірінен екіншісіне бірқалыпты өтіп отырады.

33.Мемлекеттің жұмыс бастылық саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Әлемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған. Жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға, қамқорлықтар жасауға көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың квотасы белгіленген.

ҚР президентінің Жұмыс бастылықтың жаңа стратегиясы туралы 28.01.2011. ж. жолдауы

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыз­дық­ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым­дар­ды жақсарттық.Бұл бағдарламалар қазақстан­дық­тар­дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар – біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері­мен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы­ры­на дейін халықты еңбекпен қамту жө­нінен қағидатты түрде жаңа бағ­дарлама әзірлеуді тапсырамын.Үкімет бизнес-қауымдастықпен бір­лесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.Әрбір қазақстандықтың елді ауқым­ды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақ­стандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.Ол табысты жүзеге асырылды.Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрия­лан­дыру шынымен де бүкілхалық­тық сипат алып, әрбір қазақстан­дық­тың ісі болатындай етіп құру қажет.Өз өмірлерін ауылмен байланыс­тарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жыл­ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуы­ның болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.Даму әлеуеті жоғары елді мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.Қазірдің өзінде микронесиелік ұй­ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.Дегенмен, олар негізінен айтарлық­тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну­шылық мақсаттарға жұмсалуда.Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, ең­бекпен қамту жағына басымдық беру керек.Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.2012-2015 жылдары бұл қаржылан­ды­ру жыл сайын 10-15 миллиард тең­геге көбейтілсін.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.Жоғарыда айтылған мал шаруа­шы­лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр­ғын­да­рына жұмыс тауып береді.Сондықтан атқарушы биліктің бар­лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар­тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.Үкіметке алдағы жылдан моти­ва­ция­лы ақшалай төлемдерге көшуді тап­сырамын.Басты мәселе – масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.

Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.

Мемлекет тек объективті тұр­ғы­дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам­тамасыз етілгендерге ғана көмек­тесетін болады.

34.Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері. Монетаризм-экономикалық концепция, бұл макроэкономикалық талдаудың негізгі құралы ретінде, айналымдағы ақшаны қарастырады. Монетаризм XX ғ 50 жылдарында пайда болды. Оның мәні екі түрлі тезиске келеді:ақша экономикада басты рөлді ойнайды; орталық банк ақша ұсынысына,яғни айналымдағы ақша санына әсер етеді.Қазіргі заманғы монетаризмге ақшаның кейнсиандық және неокейнсиандық бәсекелес теориялары бар. Кейнстік теория ақшаға сұранысты анықтау үшін экономикалық тұлға тетіктеріне сүйенеді, яғни ол тұлға байлығының бір бөлігін ликвитті ақшалай актив нысанында сақтауғы ықпал жатпайды. Монетаризм мен кейнстік теориясының арасындағы негізгі айырмашылық келесіде болады: мемлекеттің реттеуші рөліне сүйенетін кейнстік теориядан айырмашылығы монетаристтер ескі классикалық мектепке жақын тұрады және ақша массасын реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікір айтады. Кейнсиандық ілім жорамалы бойынша, ақша ұсынысының өзгеруі проценттік мөлшердің өзгеруіне әкеліп, содан кейін – инвестициялық сұраныс және тек мультипликатор арқылы номиналды ЖҰӨ өзгеруіне әкеледі. Монетарлық бағдар бойынша, ұзақ мерзімді саясатты мемлекет негізделген тұрақты түрде ақша массасының өсуін қамтамасыз етіп отырады. Монетарлық бағдардың кейнсиандық ілімдерден пікір айырмашылығы: ақша ұсынысының өсуі негативті салдарға әкеліп соқтырады. Егер ақша ұсынысы өссе, сұраныс төмендейді, бұл ақша ұсынысының өсуіне әсер етпейді. Нәтижесінде экономика «ликвидті қақпанға» түсіп, ақша санымен номиналды ЖҰӨ арасындағы байланыстың себеп-салдарлы шынжыры үзіледі.Сондықтан кейнсиансттердің монетаристерден айырмашылығы, кейнсианистер экономикалық тұрақтылығының негізгі құралы ақша емес – фискальді саясат деп есептейді.

35.Мемлекеттік бюджет құрылымы. ҚР-сының мемлекеттік бюджеті. Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.Бюджет- табыс пен шығыстың тепе-теңдігі (смета, баланс). Бюджеттің табысы: кәсіпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа салық, жергілікті салық, сыртқы экономикалық қызметтен табыс, рента төлемдері, салықсыз табыс, табыс салығы, ссуда қорының құралы және т.б.Бюджеттің шығысы экономиканы, қоғамдық – мәдени бағдарламаны, ҒЗҰ және ҒТ бағдарламасын, қорғанысты, басқаруды, мақсатты бағдарламаны қаржыландыру, несие және басқа мемлекеттерге көмек.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығының себебтер:1.Эконмикалык дағдарыс жағдайыында табыстың төмендеуі және ұлттык табыстың өсуінің азаюы2. Мемлекеттік бюджетке тусетін акциз салығының азаюы3.Бюджет шығысының өсуі4.Қаржы –экономикалык саясаттың тұрақсыздығы.Бюджет тапшылығын төмендету шаралары:1.Конверсия.2.Қаржыландырудан несие беруге өту.3.Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою4.Салық салу жүйесін өзгерту .Бюджет тапшылығын жабатын 3 дәстүрлі амал бар:1.Мемлекеттік займ шығару2.Салық салудың қатңдығы;3.Ақша өндірісі немесе «сеньораж» ,яғни ақша басу.Экономикаық теорияда бюджет тапшылығын шешетін бірнеше тәсілдер бар:1.Бюджет жыл сайын балаиста болуы тиіс.Мұндай саясат антициклдық ағымды мәселені мемлекеттің қолын байлайды .Мәселен ,экономикада жұмыссыздық ұзақ жүруде, демек халық табыссы төмендеп, бюджетке салық кірісі де азаяды. Бюджеттің балансы үшін, үкімет салықты көтереді немесе мемлекет шығысты қысқартады, осы екі шараның байланысы қолданылады. Бірақ бұл шаралардың салдары жинақталған сұранысты қысқартады.Келесі мысал: елде инфляция делік . Ақша табысы жоғары және салық кірістері көп. Бюджет артықшылығын жоюүшін үкімет салықтытөмендетеді немесе мемлекеттік шығысты көбейтеді, екі шараның байланысын қолданады. Осының бәрі инфляцияны күшейтеді.

36.Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты: протекционизм, еркін сауда. Сыртқы сауда саясатының құралдары. . Сыртқы сауда

саясатының құралдары. Сыртқы сауда саясатын жүргізу құралдары Халқаралық сауда- бұл әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудаларының жиынтығын көрсететің халқаралық қатынастар жүйесі.Мемлекет протекционизм және еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт және импорт қатынасын реттейді .Протекционизм – бұл импортты шектей отырып,ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.Фритредер- еркін сауда саясаты.Протекционизм саясаты келесідей бағыттарда жүргізіледі:

- Импорт кезінде жоғары кеден алымы бар және экспорт кезінде төмен мөлшердегі кеден салымдары;

- Тарифтік барьерлер: контингентирлеу, лцензиялау, мемлекеттіки монополия

Елдің ағымдағы сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы арқылы көруге болады.

Төлем балансы – бұл шет елге төлем мен бір уақыттағы шет елден түскен кірістің қатынасы. Оның іргетасын сауда балансы құрайды. Сыртқы сауда-тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Қазақстан сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның төмендеуі әсер етті.Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды.Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқы тауарды көп шығарып, аз тасуға беиімделеді.Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді.Мемлекет имортты түсіру үшін қорғау іс- әрекетіне көшіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салынғын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады.Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бұған мыналар енеді:сырттан әкелінетін тауарларға жоғағы салымдар,ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығынн протекционистік шаралар дейміз.

37.Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық түсінігі және қызметтері.Нарықтың қалыптасуы еңбектің қоғамдық бөлудің пайда болуымен тікелей байланысты. Еңбекті бөлудің күшеуі, оның дифференсалдануы мен мамандануы тек қана қоғамдық өндірістің өнімділігі мен артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектің өнімдерін міндетті түрде айырбастауға да әкеледі. Мұндай айырбас бірте-,бірте күшейе түсіп, қазіргі таңдағы нарыққа дейін жетілдірілді. Тауар өндірісінің дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түсті. Нарық көпжақты, оны әртүрлі зеттеуге болады. Сондықтанда да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп. Қорыта айтқанда, нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында, өндіру,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Қысқаша айтқанда, нарық дегеніміз сұраныс пен ұсыныс негізінде сату сатып алу процесі жүретін ресми орталық. Кез келген нарық, оның нақтылы түріне қарамастан, үш негізгі элементке негізделіп құралады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе теңдікті дәл осы элементтер анықтайды. Нарықтың белгілі бір құрылымы болады. Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы. Ол өзіне тән әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.

1.Экономикалық белгіленуі бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы,өндіріс құралдары нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлінеді.

2.Географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық,әлемдік нарықтар болып бөлінеді. 3.Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық,олигополиялық,еркін, аралас деп аталады.

4.Сату сипаты бойынша бөлшек және көтермн деп бөлінеді.

38.Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі. Қазіргі кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы дегеніміз нарықтық қатынастардың қызмет етуін табысты қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы. Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерінің көптүрлілігіне қарамастан экономикалық қызметті ұйымдастырудың басқа да типтерінен ажырататын бес белгісі бар. Олар мыналар:

1. Нағыз нарық оған еркін кіруді және одан еркін шығуды көздейді. Сондықтан да, нарыққақатысушылардың еш уақытта да шектелмейді.

2. Нарыққа қатысушы тауар өндірушілердің елеулі санының әрқайсысының белгіленген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерінің төмендігінен, кез келген тауар өндіруші нарықта тұтынушыға өзінің бағасын еріксіз жіктеу үшін нарыққа сонша тауар шығара алмайды.

3. Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емін еркін қозғалады.

4. Нарық, оған қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.

5. Еркін нарықта белгілі бір сатушылар тобы үшін артықшылықтар көзделмейді.

39. Нарықтық экономикадағы фирманың мақсаттары мен қызметтері. Фирма – өнімдерді сату мақсатында дайындау үшін өндіріс факторларын қолданатын, пайданы молайтуға талпынатын, шешімді жеке дара қабылдайтын экономикалық бірлік. Фирмалар – тауар мен қызметтерді өндіреді, өндіріс факторларын тартады жіне пайдаланады. Фирма- бір немесе бірнеше кәсіпорвындары бар және пайда алу мақсатында тауар және қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұғым. Батыс экон.қ әдебиетіәнде фирма теориясының бірқатары бар, олардың әрқайсысында оған жетудің мақсаттары мен құралдары әр түрлі анықталады. 1. Дәстүрлі 2. Менеджерлік.қысқа мерзімде егер өндіріс көлемін ұлғайту керек болса, фирма оған айнымалы факторларды өзгерту арқылы ғана жете алады. Ұзақ мерзімде, фирма мінез-құлқы басқаша әрдайым өзгеріп тұратын өндіріс деңгейңне жауап ретінде оның барлық факторларды өзгертуге мүмкіндігі бар.

40. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық шарттар жүргізу. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.Макроэк\қ теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизімінің түсінігі б.т. эконо\қ көрсеткіштер эко\қ саясатта, эк\қ талдау және бағалау үшін жиі қолд\ды. ЖҰӨ азаматтар табыстарының жиынтығын ж\е өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды. ЖҰӨ эк\а көрсет\ң ең нақтысы деп есептеледі. ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге б\ды: 1) барлық э\қ агенттер табысының жиынтығы. 2) өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет\ң жалпы шығын көлемі. ЖҰӨ-э\ка жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қабылдайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттандыру дәрежесінің деңгейі,өндірістік ж\е мемл\к тұтыну деңгейі жоғары б\ды. ЖҰӨ-эк\дағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, э\ка үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болу керек. Бұған көз жеткізу үшін,біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ стат\қ жүйе өлшемін ж\е басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып үйренуіміз керек.

41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметтері. Нарыктык экономикадагы мемлекеттін экономикадагы кызметтері.Мемлекет пен нарыктын озара катынасы нарыктык когамда манызды мәселелердің бірі,Себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады.Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеуіндегі рөлін кушейтуде объективті жағдайлар жасайды.экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі,бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды.Кез келген экономикалық жүйесіндегі мемлекетті&

Наши рекомендации